Microsoft Excel электрондық кестеде формулаларды пайдалану

Раздел Информатика
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ №

Сабақтың тақырыбы: Microsoft Excel электрондық кестеде формулаларды пайдалану. Microsoft Excel электрондық кесте көмегімен модельдеу

Мақсаты:

а) білімділік - сандық информацияны электрондық кесте көмегімен комьютерде өңдеу принциптерін, формуланы жазу тәсілдерін білу, практикалық тапсырмаларды шешу біліктілігін қалыптастыру.

ә) дамытушылық - программалық қамтамасыз етумен жұмыс істей алу дағдысын, объектінің компьютерлік моделін құру біліктілігін дамыту.

Ойлау қызметінің салыстыру, талдау тәсілдерін жетілдіру.

б) тәрбиелік - құрал-жабдықтарды ұқыпты ұстауға, сабақта назар қойып отыруға, жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Тақырыптың негізгі түсінігі:

Кестелік процессор, ұяшық, жол, бағана, мәтін, функция, формула, ЭК фомуланы жазу; абсолюттік, салыстырмалық, аралас сілтемелер.

Білім мен біліктілкке қойылатын талаптар:

Оқушылар білуі тиіс:

- кестелік процессор, ұяшық, жол, бағана, мәтін, формула, ЭК фомуланы жазу; абсолюттік, салыстырмалық, аралас сілтемелер түсінігін;

  • олардың қолданылу тәртібін;

  • формула жазудың тәсілдерін.

Оқушылар үйренуі тиіс:

  • мәтін , формула жазуды;

  • ұяшықты форматтауды;

  • сілтемелерді пайдалана білу тәсілдерін.

- тапсырманың моделін құруды дұрыс ұйымдастыруды.

Сабақтың көрнекілігі: тарату карточкасы

Техникалық құралдар: компьютер

Компьютерді, тақтаны пайдалану уақыты: 25-30 минут

Пән аралық байланыс: математика, физика, экономика биология

Түрі: Аралас

Әдісі: көрнекілікті (демонстрациялық) баяндау

Құрылымы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасын тексеру

III. Білімдерін тексеру

ІV. Жаңа материалды түсіндіру

V. Түсінгенін тексеру

а) Практикалық жұмыс

б) Тест

VI. Бекіту

VII. Үйге тапсырма

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Сабаққа қатысуын түгендеу.

Оқушылардың үй тапсырмасын орындауын тексеру.

Өткен материалдарды игеруін тексеру мақсатында төмендегідей сұрақтарды қою:

  1. Электрондық кестеде ұяшық адресі қалай анықталады?

  2. Ұяшық адрестері қандай түрде пайдаланылады?

3. Электрондық кестеде диаграмма қандай қызмет атқарады?

Жаңа сабақ мазмұны.

Microsoft Excel электрондық кесте ортасын пайдаланып математикалық, экономикалық, физикалық, техникалық және т.б. типтегі тапсырмаларды қалай модельдеуге болады?

Кез-келген тапсырмаларды моделдеу үшін әртүрлі категориядағы әртүрлі функциялар пайдаланылады.

Атап айтқанда, Microsoft Excel электрондық кестеде мынандай бағыттағы категориялар бар:

  • математикалық;

  • финанстық,

  • жиым және сілтеме;

  • ай, күн;

  • статистикалық;

  • мәтіндік;

  • логикалық.

Бүгін «СУММ», «ЕСЛИ», «СЧЕТЕСЛИ», «СРЗНАЧ» функцияларды пайдаланып есептерді модельдеуді қарастырамыз.

Бағана немесе жол бойынша бірнеше шамалардың қосындысын есептеу үшін «СУММ» функциясын пайдалануға болады.

Ол үшін:

  • курсорды қосынды шығарылатын ұяшыққа қою,

  • формула жолына «теңдік» таңбасын жазу,

  • қосылғыштар орналасқан ұяшықтар адрестерін пайдаланып қосынды формуласын жазу,Microsoft Excel электрондық кестеде формулаларды пайдалану

  • enter түймешігін басу.

немесе

«функцияны қою» - fx пиктограммасына шерту. Сонда «мастер функций» терезесі (менюі) пайда болады. Сондағы функциялар ішінен «СУММ» функциясын таңдаймыз да «ОК» батырмасына шертеміз.

Пайда болған «Аргументы функции» терезесінде, егер қажет болған жағдайда сілтемелерді өзгертеміз (ұяшық адрестерін), әйтпесе «Ок» батырмасына шертеміз.

Егер бірнеше қосындыны алу керек болған жағдайда, бірінші формуланы көшіріп, қажетті орынға қоюға болады. Сәйкесінше сілтемелерді өзгерте бересіңдер.

Бір шамамен екінші шаманы салыстыру үшін «ЕСЛИ» логикалық функциясын пайдалануға тура келеді. Пайда болған терезеде «Логик. выражен.» атты өріске шартты жазамыз. Қажет болған жағдайда «Значение-если-истина» және «Значение-если-ложь» атты өрістерге мәндер жазамыз.Microsoft Excel электрондық кестеде формулаларды пайдалануMicrosoft Excel электрондық кестеде формулаларды пайдалану

Бірнеше сандардың ішінен анықталған бір санның қанша рет кездесетінін анықтау үшін, мысалы оқушы бағаларында («2», «3», «4», «5») қай бағадан қанша бар екенін есептеу үшін «Статические» категориясындағы «СЧЕТЕСЛИ» функциясын пайдалану керек болады. Бағалар жазылған ұяшықтар «диапазон», ал саны анықталатын баға «критерий» ретінде пайдаланылады. Мысалы, бір бағанада жазылған бағалардың ішінен «2»-нің санын анықтау үшін «диапазон» өрісіне баға жазылған сілтемені, ал «критерий» өрісіне 2 санын жазамыз. Microsoft Excel электрондық кестеде формулаларды пайдалану

Бірнеше шаманың орташа мәнін анықтау үшін «Статические» категориясындағы «СРЗНАЧ» функциясын пайдаланамыз.

Тапсырма №1

Машина жасау зауыты өз өнімдерін келісілген баға бойынша өткізіп, өндіріске біршама ақша жұмсай отырып, белгілі бір табыс тапты. Таза пайданың жұмсалған шығынға қатынасын анықтаңдар.

Шешімі.

Есепті қою.

Моделдеудің мақсаты - көп таза пайда табу мақсатында өндіріс процесін және өнімді өткізуді зерттеу.Экономикалық формулаларды пайдаланып пайданың жұмсалған шығынға қатынасын анықтау.

Таза пайда - бұл салықты төлегеннен қалған пайда. Түскен пайдаға салынатын салықты есептегенде оның пайдалылық деңгейіне тәуелділігін ескеру қажет. Атап айтқанда, егер пайдалылық деңгейі 50 % пайыздан аспаса, онда кәсіпорын пайдасынан 32 % пайыз мөлшерінде салық алынады. Егер пайдалылық деңгейі 50 % пайыздан артық болса, онда сәйкес пайда сомасынан 75 % пайыз мөлшерінде салық алынады.

Моделдеудің объектісі - өндіріс процесі және кейбір өнімдердің сатылуы.

Моделді жасау.

Моделдеу объектісінің негізгі параметрі табыс, өздік құн, пайда, пайдалылық, пайдадан түсетін салық.

Бастапқы деректер:

Табыс - В;

Шығын (өздік құн) - S;

Басқа параметрлерді негізгі экономикалық тәуелділікті пайдаланып табамыз.

Пайда мәні табыс пен өздік құнның айырмасы түрінде анықталады: P=B-S

Пайдалылық :Microsoft Excel электрондық кестеде формулаларды пайдалану формуласы бойынша есептелінеді.

Пайдалылық деңгейінің 50 % шегіне сәйкес келетін пайда өнімнің өзіндік құнының 50 % құрайды, яғни S·50/100=S/2, сондықтан N пайдадан алынатын салық келесі түрде анықталады:

- егер r≤50, онда N=P·32/100 теңге, басқаша N=S/2·32/100+(P-S/2)·75/100.

Таза пайда Pt=P-N

Бұл есепті шешудің нәтижесі - таза пайданың жұмсалған шығынға қатынасы: q=Pt/S

Демек, формуланы бейнелеудегі электрондық кесте келесі түрде болады.

А

В

1

Өндірістің пайдалылығы

2

Бастапқы деректер

3

Табыс (тг)

4

Өзіндік құн (тг)

5

Пайда (тг)

=B3-B4

6

Пайдалылығы

=B5/B4*100

7

Салық (тг)

=Если(B6<=50;B5*0,32;B4/2*0,32+(B5-B4/2)*0,75)

8

Таза пайда (тг)

=B5-B7

9

Таза пайданың жұмсалған шығынға қатынасы

B8/B4

Компьютерлік эксперимент.

1. Компьютерлік моделге бастапқы деректерді енгізіңдер.

Мысалы: В=3000; S=2000;

2.

Нәтижені талдау.

Алынған модель пайдалылығына байланысты пайдадан алынатын салықты анықтауға, автоматты түрде таза пайданың мөлшерін санауға, таза пайданың жұмсалған шығынға қатынасын табуға мүмкіндік береді.

Компьютерлік эксперимент табыс өскен жағдайда таза пайданың жұмсалған шығынға қатынасы артатынын және өнімнің өзіндік құны артқан жағдайда кемитінін көрсетті.

Өндірістің пайдалығы

Табыс (тг)

3000

Өзіндік құн (тг)

2000

Пайда (тг)

1000

Пайдалылығы

50

Салық (тг)

320

Таза пайда (тг)

680

Таза пайданың жұмсалған шығынға қатынасы

0,34

Microsoft Excel электрондық кестеде формулаларды пайдалану

Тапсырма №2Microsoft Excel электрондық кестеде формулаларды пайдалану

Стипендия тағайындау ведомсі.

Пәндерден алған балдары бойынша оқушыларға стипендия тағайындауды анықтаңдар.

Жұмысты орындау тәртібі:

1. Келесі үлгі бойынша стипендия тағайындау электрондық кестесін жасаңдар.

2. «Орташа балл» бағанасын «СРЗНАЧ» функциясын пайдаланып толтырыңдар.

3. «2 курсқа көшірілді» бағанасын толтырыңдар. Оқушылар 2-ші курсқа көшірілген болып саналады, егер оның орташа балы 2,5-тен артық болса, әйтпесе оған «курсты қайталау» ұсынылады (сәйкес хабарды шығарыңдар).

4. «Стипендия» бағанасын толтырыңдар. Егер оқушының орташа балы «қойылған балдан» артық болса, онда оған стипендия беріледі.

5. топтың стипендиялық қорын анықтаңдар.

Топқа стипендия тағайындау ведомсі

Стипендия мөлшері

200


Қойылған балл

3,5


р/н

Аты-жөні

Математика

Физика

Химия

Орташа балл

2-ші курсқа көшірілді

Стипендия

10

Нұржанов А.

4

3

4

20

Досжанова М.

5

2

5

25

Жанабай Е.

3

4

3

30

Аққасымова Т.

4

5

2

35

Әуелханов А.

5

4

4

40

Сейілқасымов Ж.

3

3

3

45

Салықбаева Т.

2

2

3

50

Ақылова Ж.

4

4

2


Microsoft Excel электрондық кестеде формулаларды пайдалану



Тапсырма №3Microsoft Excel электрондық кестеде формулаларды пайдалануMicrosoft Excel электрондық кестеде формулаларды пайдалану

Бақылау жұмыстарының нәтижесін талдау

Әрбір мұғалім бақылау жұмыстарына талдау жүргізуі тиіс. Бұл оқушылардың жалпы білім деңгейін анықтауға, типтік қателерді анықтауға, тақырыпты меңгеру деңгейін, бақылау жұмыстарында алған «2», «3», «4», «5» баға санынесептеуге, білім сапасын және үлгерімді анықтауға мүмкіндік береді.

Жұмысты орындау тәртібі:

1. Бақылау жұмысының нәтижесі кестесін үлгі бойынша толтырыңдар.

2. Әрбір бақылау жұмысы үшін «2», «3», «4», «5» бағалар санын есептеңдер. Ол үшін «Статические» категориясындағы СЧЕТЕСЛИ функциясын пайдаланыңдар.

3. «Білім сапасы» және «үлгерімі» жолдарын толтырыңдар.

4. «Барлығы» бағанасына барлық бақылау жұмыстары бойынша алған барлық «2», «3», «4», «5» бағалар туралы деректерді енгіз.

5. «Барлығы» бағанасы деректері негізінде диаграмма тұрғызыңдар.

Ескерту. «Білім сапасы» «4» және «5» баға алған оқушылар проценті болып анықталады, яғни ұяшықтағы формула түрі мынандай болады:

=((C15+C16)*100)/$A$10; «үлгерімі» «3», «4» және «5» баға алған оқушылар проценті болып анықталады, яғни ұяшықтағы формула түрі мынандай болады:

=((С14+C15+C16)*100)/$A$10;

Бақылау жұмыстарының нәтижесі

р/н

Аты-жөні

№1

№2

№3

№4

1

Нұржанов А.

4

3

3

4

2

Досжанова М.

4

5

3

5

3

Жанабай Е.

5

4

3

5

4

Аққасымова Т.

3

2

3

4

5

Әуелханов А.

4

4

4

3

6

Сейілқасымов Ж.

5

4

5

5

7

Салықбаева Т.

5

3

4

5

8

Ақылова Ж.

4

4

5

4




Жиыны

барлығы

"2"

"3"

"4"

"5"

білім сапасы

үлгерімі

Microsoft Excel электрондық кестеде формулаларды пайдалануMicrosoft Excel электрондық кестеде формулаларды пайдалану

Microsoft Excel электрондық кестеде формулаларды пайдалану



Microsoft Excel электрондық кестеде формулаларды пайдалану


Microsoft Excel электрондық кестеде формулаларды пайдалану








Тапсырма №4

Биоритм

Адам өмірі биоритм -деп аталатын үш циклдық процесске бағынады деген болжам (гипотеза) бар.

Бұл үш цикл адамның өзін сезінудің үш жағдайын сипаттайды:

  • физикалық,

  • эмоционалдық,

  • интеллектуалды.

Биоритмдер біздің көңіл-күйіміздің төмен немесе жоғарғы күйлерін сипаттайды.

Графиктің «жоғары ұшуы» жағымды күндерге сәйкес келетін синусоидалық тәуелділікті көрсетеді - деп есептелінеді. Графигі абсцисс өсін қиятын күндер жағымсыз күндер деп есептелінеді.

Бұл теорияны көп адамдар нақты ғылыми деп мойындамайды, бірақ соған көбі сенеді. Көптеген елдерде абсцисса өсін екі немесе үш қисық сызықтар қиып өтетін күндері тәуекел деңгейі жоғары мамандық (ұшқыш, каскадер және т.б.) иелеріне демалыс күні беріледі.

Барлық үш биоритмнің есептеу нүктесі ретінде адамның туған күні алынады.

Адамның туған сәті өте қиын, өйткені үш биоритмде осы күні абсцисса өсін қиып өтеді. Биология ғылымы көзқарасы бойынша бұл шындыққа сай келеді, себебі, сәби жарық дүниеге келгенде сулы өмір сүру ортасын ауаға айырбастайды. Барлық ағзалардың кең көлемді қайта құрылуы жүреді.

Физикалық биоритм адамның өмірлік күшін сипаттайды, яғни физикалық көңіл-күйін. Оның периодтылығы 23 күн болады.

Эмоциялық биоритм адамның ішкі күйін, қоршаған ортаны эмоционалды қабылдау қабілетін сипаттайды. Эмоционалды циклдың периодтық ұзақтығы 28 күнге тең.

Интеллектуалды биоритм адамның ақыл-ой қабілетін, интеллектуалды күйін сипаттайды. Оның қайталануы - 33 күн.

Моделді арықарай талдау мақсатында көрсетілген ағымды күннен (есептеу күні) бір ай бұрынға нақты адам үшін биоритмдерді моделдеу ұсынылады.

Моделдеудің мақсаты

Жеке (индивидуалды) адам биоритмдерін талдау негізінде жағымсыз күндерді алдын ала анықтау, әртүрлі қызмет түрлері үшін жағымды күндерді таңдау.

Тапсырманы формалдау

Бұл тапсырмада моделдеу объектісі туған күні белгілі кез-келген адам немесе адамдар тобы болуы мүмкін.

Анықталатын сұрақтар Жауабы

Не моделденеді? Адам күйінің өзгеру процесі

Адам немен сипатталынады? Туған күнімен

Қандай күйі зерттеледі? Физикалық, эмоционалдық, интеллектуалды

Күйдің өзгеру сипаты туралы не белгілі? Сәйкесінше туған күннен бастап периодтылығы 23, 28, және 33 күн болатын Синусоидалық өзгеріс

Синусоида қандай қадаммен зерттеледі? 1 күн

(Δх) ?

Өмірдің қай периоды зерттеледі? Ағымды күннен бастап 30 күн

Нені анықтау керек? Қисық сызықтар абсцисса өсін қиып өтетін күндерді

ІІ кезең. Моделдерді құру

Информациялық модель

Объект

Параметрлері

Атауы

Мәні

Туған күні

Бастапқы мәні

Есептеу күні

Бастапқы мәні

Болжамның ұзақтығы

Бастапқы мәні

Өмір сүрген күндер саны

Есептеу мәндері

Физикалық биоритм

Нәтижелер

Эмоциялық биоритм

Нәтижелер

Интеллектуалды биоритм

Нәтижелер

Көрсетілген циклдарды төменде келтірілген өрнекпен сипаттауға болады. Айнымалы х - адамның өмір сүрген күнінің саны.

Физикалық цикл ФИЗ(х)=sin(2px/23);

Эмоциялық цикл ЭМО(х)=sin(2px/28;

Интеллектуалды цикл ИНТ(х)=sin(2px/33).

Компьютерлік модель

Циклдарды моделдеу үшін кестелік процессор ортасын аламыз. Бұл ортада математикалық және информациялық моделдер екі облысты қамтитын кестеге бірігеді:

  • бастапқы деректер;

  • есептеу деректері (нәтижелер).

Үлгі бойынша компьютерлік моделді құрыңдар. Ұяшықтарға бастапқы деректерді, есептеу формулаларын енгізіңдер:

Ұяшық Формула

A9 =$B$5 (1)

A10 =A9+1 (2)

B9 =SIN(2*Pi()*(A9-$B$4)/23) (3)

C9 =SIN(2*Pi()*(A9-$B$4)/28) (4)

D9 =SIN(2*Pi()*(A9-$B$4)/33) (5)

Ескерту. Әрбір формулаға адамның өмір сүрген күнінің санын есептейтін (A9-$B$4) өрнегі кіреді. Бұл өрнекте ай-күн жазылған ұяшыққа сілтеме болса да кестелік процессор ортасы әрбір ай-күнді 1900 жылдың 1 қаңтарынан бастап автоматты түрде есептейді де, содан кейін олардың айырмасын анықтайды. SIN( ) және Pi( ) стандартты функциялар.



A

B

C

D

1

Биоритмдер




2





3

Бастапқы деректер




4

Туған күн,ай,жылы

06.03.1984



5

Есептеу күн,ай,жылы

01.04.1998



6

Болжамның ұзақтығы

30



7

Нәтижелер




8

Ретті күн

Физикалық

Эмоциялық

Интеллектуалды

9

Формула 1

Формула 3

Формула 4

Формула 5

10

Формула 2

Төмен қарай толтыру

11

Толтыру




Үйге тапсырма

1. Айлық ақшаны есептеу

Айлық ақша жұмыс істеу орнында әрқашанда маңызды көрсеткіш болып саналады. Егер қызметкер өзін жақсы жағынан көрсетсе, жаңа идеялар енгізсе, онда ол сыйлық ақы алуы мүмкін. «Ұстау» - бұл бір табыс салығы - 13%. Көп (үлкен), аз (кіші), орташа айлық ақыны есепте. 8-10 қызметкерге арнап.

2. Ұл бала бадминтон ойнап жүр. Жел воланды ағаш бұтағына ұшырып апарды. Воланды алу мәселесі туындады. Бұл мәселені шешудің жолы көп. Соның ең тиімдісі воланды таспен атып түсіру. Бұрышпен көлбеу лақтырылған дене қозғалысын зерттеңдер.


© 2010-2022