MS-DOS-тың командалық файлдары тақырыбында дәріс

  MS DOS операциялық жүйесі 1981 жылы ІВМ дербес компьютерімен бір мезгілде пайда болып, әрбір компьютерге орналастырылған болатын.   Қазіргі кезде стандартты операциялық жүйе ретінде, MS Windows есептеледі, бірақ MS DOS жүйесінің негізгі қағидалары операциялық жүйелердің барлығында толық пайдаланылады.   MS DOS дистрибутивті дискінде io.sys, msdos.sys файлдары, command.com командалық процессоры, ОЖ сыртқы командалар файлы (олар format.com, fdisk.exe және т.б), драйверлер және басқада файлдар о...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ДӘРІС №11

Тақырыбы: MS-DOS-тың командалық файлдары.

MS DOS операциялық жүйесі 1981 жылы ІВМ дербес компьютерімен бір мезгілде пайда болып, әрбір компьютерге орналастырылған болатын.

Қазіргі кезде стандартты операциялық жүйе ретінде, MS Windows есептеледі, бірақ MS DOS жүйесінің негізгі қағидалары операциялық жүйелердің барлығында толық пайдаланылады.

MS DOS дистрибутивті дискінде io.sys, msdos.sys файлдары, command.com командалық процессоры, ОЖ сыртқы командалар файлы (олар format.com, fdisk.exe және т.б), драйверлер және басқада файлдар орналасқан.

MS DOS операциялық жүйесі дискінің түпкі каталогында немесе С:\ дискісінде файлдар түрінде сақталады да, мынадай бөліктерден тұрады:

- BIOS - компьютердің тұрақты жадында жазылған мәліметтерді енгізу - шығарудың негізгі жүйесі. Бұл модуль компьютер шыққан заводта жазылып өшірілмей тұрақты сақталады. Ол ЭЕМ іске қосылған сәтте құрылғылардың жұмыс істеу қабілеттілігін тексеріп, мәліметті енгізу - шығаруға байланысты ОЖ-нің қарапайым және әмбебап қызметтерін орындайды:

- Операциялық жүйенің жүктеуіші - бұл өте қысқа бағдарлама, компьютердің жедел жадында тұрақты сақталып қалатын DOS операциялық жүйе модульдерін компьютер жадына (IO.SYS, MSDOS.SYS) оқуды іске асырады;

- IO.SYS файлы BIOS-ты (Basic Input/Output System) кіргізу/шығару базалық жүйесінен тұрады және ОЖ мен BIOS арасында интерфейс болып табылады. Бұл файл ОЖ-де компьютер аппараттарымен және BIOS қарым-қатынас жасау үшін қолданылады. Сыртқы құрылғылармен (пернелік тақта, дисплей, принтер және байланыс адаптері) ақпарат алмасудың барлық операцияларын атқарады;

- MSDOS.SYS - файлдар даярлауға мүмкіндік береді және ЭЕМ жедел жадын басқарады, оған әрқашанда жедел жадта қанша бос орын бар екені белгілі. msdos.sys файлы үзілістерді, яғни INT 21h үзілісін өңдеуге арналған. Бұл ОЖ ядросы болып табылады. MS-DOS бағдарламалары INT 21h үзілісіне тек ОЖ-ден қызмет алу үшін хабарласады. Мысалы: жады блогын сұраныс беру үшін, файл ашу үшін немесе оның құрамын оқу үшін және т.б.;

DOS-тың сыртқы немесе кірме (транзитті) командалары - операциялық жүйемен бірге бөлек-бөлек модульдер түрінде берілетін бағдарламалар, кейде утилиттер деп те айтыла береді. Олар кірме командалар ретінде әр түрлі қызметтер атқарады, мысалы: дискетті форматтау, дискілерді тексеру және тағы сол сыяқты.

Құрылғылар драйвері - DOS жүйесін толықтырып, жаңадан қосылған шеткері құрылғыларды басқару ісін орындайтын арнайы бағдарламалар. Драйверлер компьютердің жедел жадына операциялық жүйемен бірге жүктеледі де, олардың аттары CONFIG.SYS деген арнаулы файлда жазылады. Операциялық жүйе жедел жадқа жүктелгеннен кейін дискіден конфигурациялық (құрамдық) файл CONFIG.SYS оқылып құрылғылар драйверлері де жедел жадқа орналасады. Мұнан кейін командалық COMMAND.COM файлы оқылады, ол басқару ісін атқарады. Бұл командалық процессор тағы бір командалық AUTOEXEC.BAT файлын іске қосып, оның ішіндегі командалар мен бағдарламаларды біртіндеп орындай бастайды.

- COMMAND.COM - пайдаланушы жұмысы үшін тағайындалған командалық процессор. Ол ЭЕМ іске қосылған кезден бастап пайдаланушының талабы бойынша процессор орындайтын барлық резидентті немесе ішкі командаларды қамтамасыз етеді. Ал транзитті сыртқы командаларды орындау үшін ол дискіден соларға сәйкес бағдарламалық файлды іздеп, егер табылса, оны жедел жадқа жүктеп, оған басқаруды береді. Бағдарлама жұмысы аяқталған соң командалық процессор оны жадтан жойып, экранға әрі қарай жұмысқа даяр екендігін білдіретін шақыру мәліметін шығарады.

CONFIG.SYS config.sys файлы MS-DOS конфигурациясын анықтау үшін, сонымен бірге драйвер мен резидентті программаларды іске қосуға арналған текстік файл болып табылады. Ол MS-DOS-ты орнатқан кезде автоматты қосылады және қате болса қолданушы оны өзгертеді. Файлды өзгерту үшін MS-DOS құрамына кіретін edit текстік редакторын қолдануға болады.

AUTOEXEC.BAT MS-DOS жиі қолданылатын командаларды автоматты орындауға арнлған файлдық пакет деп аталатын пакет құруға болды.

Командалардың жіктелуі:

MS DOS-тың барлық командалары резидентті және транзитті болып екі үлкен топқа бөлінеді.

1) Резидентті (ішкі, бірге құрылған) командалар қосымша COMMAND.COM файлының құрама бөлігі болып табылады. Олар - қарапайым және жиі колданылатын командалар. Бұл топқа: DIR, MD, CD, RD, TIME, DATE, REN, DEL, TYPE, COPY және т.б. командалар жатады.

2) Транзитті кірме (сыртқы, жүктелінетін) командаларға дискідегі бағдарламалық файлдар жатады. Оларды іске қосып орындаудан бұрын дискіден оқу керек. Бұл топқа мына командалар жатады: FARMAT, ATTRIB, TREE, MODE, DISKCOPY және т.б.

Каталогтармен жұмыс істейтін командалар.

© 2010-2022