Урок по информатике Әлемнің ақпараттық көрінісі

Сабақтың тақырыбы: Әлемнің ақпараттық көрінісіСабақтың мақсаты: оқушыларды қоршаған орта нысандарының өзара әрекеттесуі туралы түсінік бере отырып, білімдерін арттыру.Оқушылар білуі тиіс: ақпарат әлемін, ақпараттық үдеріс, әлемді ақпараттық тұрғыдан қарастыру.Оқушылар үйренуі тиіс: тірі табиғаттағы, қоғамдағы, техникадағы ақпараттық үдерістердің орын алуынСабақтың білімділік мақсаты: Ақпараттық үдеріс, түрлері тусіндіру.Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды қарқынды дамып келе жатқан компьютер...
Раздел Информатика
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Урок по информатике Әлемнің ақпараттық көрінісіБекітемін __________

Күні: __________Информатика 6_______ сынып

Сабақтың тақырыбы: Әлемнің ақпараттық көрінісі

Сабақтың мақсаты: оқушыларды қоршаған орта нысандарының өзара әрекеттесуі туралы түсінік бере отырып, білімдерін арттыру.

Оқушылар білуі тиіс: ақпарат әлемін, ақпараттық үдеріс, әлемді ақпараттық тұрғыдан қарастыру.

Оқушылар үйренуі тиіс: тірі табиғаттағы, қоғамдағы, техникадағы ақпараттық үдерістердің орын алуын

Сабақтың білімділік мақсаты: Ақпараттық үдеріс, түрлері тусіндіру.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды қарқынды дамып келе жатқан компьютерлік құралдар мен ақпараттық технологияларды меңгеруге баулу, жан-жақты қабілетті жеке тұлға тәрбиелеу.

Сабақтың дамыту мақсаты: Мультимедиа-компьютерлерді қызметтің қолданудың жаңа әдісі екендігін үйрете отырып ойлау, ақпараттық технологияларымен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: диалогтік оқыту, миға шабуыл.

Сабақтың көрнекілігі: тест жиынтығы, оқулық, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы

I Ұйымдастыру кезеңі

II Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

III Білімді өзектендіру

Отырған орындарымен топқа бөлу.

Үй жұмысы. Миға шабуыл:

  1. Компьютер жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері?

  2. Жұмыс істеу алдындағы қауіпсіздік ережелері?

  3. Апаттық жағдайлардағы қауіпсіздік ережелері?

  4. Ұжыммен бірігіп жұмыс істеу ережесі?

  5. Арнайы көзге арналған жаттығулар?

Естеріңе түсіріңдер:

1.Информатика ғылымы немен айналысады?

2. Ақпарат дегеніміз не, оны қалай түсінесіңдер?

3. Ақпаратты қандай өлшем бірліктерін білесіңдер?

4. Ақпарат қандай түрде болуы мүмкін?

IV Жаңа сабақты оқып-үйрену

Ақпарат әртүрлі байланыс желілері арқылы беріледі:электрлік, талшықты, және т.б.

Қазіргі кезде біртұтас ақпараттық кеңістік пайда болды - компьютерлік желілер құрылып, дами бастады.

Мысалы, Жерден спутникті басқару, мобильдік телефон арқылы үйдегі кондиционерді қосу т.б. қашықтықтан басқару мүмкін болды.

Урок по информатике Әлемнің ақпараттық көрінісіУрок по информатике Әлемнің ақпараттық көрінісіУрок по информатике Әлемнің ақпараттық көрінісіУрок по информатике Әлемнің ақпараттық көрінісі

Мегаәлемді галактика, жұлдыздар, ғаламшарлар, яғни үлкен көлемді нысандар құрайды.

Макроәлем адам өлшемдерімен салыстыруға болатындай тірі және өлі табиғаттан тұрады.

Микроәлем өлшемдері өте кішкентай нысандардан молекула, атом сияқты заттардан тұрады. Зат дегеніміз бізді қоршаған нәрселер - ауа, жер, су, адам және т.б.

Адам өз өмірінде үнемі әртүрлі үдерістермен кездеседі. Егер әрекет нәтижесінде (мысалы, өсімдіктерді өсіру, киім тігу, тамақ пісіру және т.б.) нысанның өзгеруі орын алса, онда үдерістің орын алғанын білуіміз қажет.

Ақпараттық үдеріс - қойылған мақсатқа жетудегі ақпаратпен атқарылатын іс-әрекет. Ақпараттық үдерістің үш түрі бар: 1.САқтау, 2.Өңдеу, 3. Қабылдау. Ақпараттық үдерістер тірі табиғатта, адамдар қоғамында, техникада орын алады.Ақпарат алу, өңдеу, сақтау кекелген ағзаның өмір сүру шарты болып табылады. Мысалы, ағаш температура, күннің ұзақтығы, топырақтың ылғалдылығы, жапырақтың пайда болуын, олардың қайта түсуін реттейді.Жануарлар дыбыс арқылы бір-бірімен байланыса алады. Иіс арқылы жәндіктер қорек табады, бөтендерді өздерінен ажыра алады.

V Сабақты қорытындылау, оқушылардың білімін бағалау.

VI Үйге тапсырма беру.Оқулықтың 2 оқу, сұрақтарға жауап беру, бақылау сұрақтары мен тапсырмаларына дайындалу.



© 2010-2022