MS Excel-де формуланы енгізу және көшіру (8 сынып)

Раздел Информатика
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 18.03.15

Сыныбы: 8 Ә.

Пән мұғалімі: Метхатова С.М.

Сабақтың тақырыбы: MS Excel-де формуланы енгізу және көшіру.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Деректерді өңдеу формалары, деректердің орнын ауыстыру және көшірмелеу туралы білімдерін қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелілік: Уақытты тиімді пайдалануға, жүйелі ойлауға, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: математика, қазақ тілі, орыс тілі

Сабақтың өту әдісі:сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың көрнекілігі: флипчарттар.

Оқыту әдістері : жеке және ұжымдық.

Сабақтың өту барысы:

Кезең

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

І

Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім жоғын сұрайды. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Оқушылар мұғаліммен амандасады да, сабаққа дайындалып отырады.


Білімнің актуализациялануы

ІІ

Мұғалім өткен сабақ бойынша сұрақ қоя отырып тексереді. Флипчарт №2-5,

Оқушылар кезектесе отырып жауап береді.


Сабақтың өту барысы

ІІІ

Жаңа тақырып. Пікір-таластыру. Өмірден мысалдар келтіру. Сабақтың тақырыбын ашу. /флипчарт №6/

Пікір-таласқа қатысады, сұраққа жауап береді. Сабақтың мақсатын бекітуде ат салысады.


Жаңа тақырып

IV

Флипчарттың көмегімен жаңа тақырыпты түсіндіреді. Флипчарттар: №9-12 -Тақырып бойынша жаңа ұғымдар амалдармен таныстыру. Формуланы жазу ережесін түсіндіру. Excel-де әр формула мен функция «=» теңдік белгісінен басталуы керек.Формула жазу жолдарын көрсету. №13 флипчартта топтарға жаңа сабақ бойынша кітаппен жұмыс беріледі. №14-16 Жаңа сабақ бойынша салыстырмалы, абсолютті сілтемелерге анықтма бер

Жаңа тақырыпты түсіндіру барысында сұрақтаға жауап береді, берілген тапсырмаларды орындайды, дәптермен жұмыс жасайды.

Берілген тапсырмалар бойынша әр топ ақпаратты кітаптан жинақтап, алған ақпараттарын түсіндіреді.


Сабақты бекіту

V

Тақырыпты бекіту мақсатында оқушыларға тапсырмалар ұсынылады.

17 Информатикалық диктант №18 Практикум.

Алған білімдерін жинақтап, информатикалық диктантқа жауап береді. Оқушылар формулаларды әр-түрлі жолдармен енгізеді. Практикумды орындайды.


Рефлексия

VI

Сабақ қорытындысы. Не білдің, не білемін, нені білгім келеді?

Оқушылардың электронды журнал бойынша бағалаймын

Сұраққа жауап береді:не білдім, не білемін, нені білгім келеді. Бірнеше оқушы өз пікірін айтады.

VII

Үй жұмысы

Үйге тапсырма § 28. Қосымша «аралас сілтемелер» туралы ақпарат жинау.

Үй жұмысын күнделікке жазады.



© 2010-2022