Информатика пәнінен ашық сабақ. Тақырыбы: WordPad мәтіндік редакторының интерфейісі

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Информатика пәнінен ашық сабақ. Тақырыбы: WordPad мәтіндік редакторының интерфейісіИнформатика пәнінен ашық сабақ. Тақырыбы: WordPad мәтіндік редакторының интерфейісіИнформатика пәнінен ашық сабақ. Тақырыбы: WordPad мәтіндік редакторының интерфейісіИнформатика пәнінен ашық сабақ. Тақырыбы: WordPad мәтіндік редакторының интерфейісіИнформатика пәнінен ашық сабақ. Тақырыбы: WordPad мәтіндік редакторының интерфейісі

Алға орта мектебі
















Тақырыбы:








Информатика пәнінің мұғалімі Изтелеуова С.Б.











2016 жыл

Сыныбы:___________ Күні:________

Тексерген:___________ Пән мұғалімі:Курманбаева Ж

Сабақтың тақырыбы: Word Pad мәтіндік редакторымен жұмыс.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Word Pad мәтіндік редакторымен

таныстыру.

Білімділік: Құжаттың құрылымы, стильі, баспа бетінің геометриясы

туралы және Word Pad мәтіндік редакторының терезесі туралы

түсінік беру, мәтінмен жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды

құруға, ашуға, сақтауға үйрету;

Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа

үйрету;

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын

дамыту.

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту

Қолданылатын көрнекі құралдар: ДК, тест, электронды оқулық

Оқыту әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, тест, электрондық оқулықпен жұмыс,

компьютермен жұмыс жасау.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру

2. Үйге берілген тапсырманы тексеру

3. Жаңа материалды баяндау

4. Тапсырмаларды орындау

5. Сергіту кезеңі

6. Жаңа сабақты бекіту, қорытындылау

7. Үйге тапсырма беру

8. Бағалау

Өткен тақырыпты еске түсір.

Сонымен балалар өткен соңғы тарауымыз Paint графикалық редакторы болды. Paint графикалық редакторы жөнінде кім не біледі екен?

  1. Графикалық редактор - графикалық бейнелерді құруға және өзгертуге арналған программа.

  2. Paint (ағылшынша сурет,сурет салу) - бұл растрлық бейнелермен жұмыс істеуге арналған графикалық редактор.

  3. Paint программасын қалай іске қосамыз? Іске қосу Барлық программалар Стандарттық Paint

  4. Барлық растрлық кескіндер неден тұрады? (Нүктелерден)

Жаңа түсініктер:

Мәтіндік процессор-бұл тек қана мәтінді енгізу мен түзету ғана емес, сонымен қатар оны пішімдеу құралдары бар бағдарламалар класы. Сонымен қатар пішмдеу қағаз бен экранға шығаруды басқаратын көрінбейтін кодтарды енгізу жолымен іске асады. WordPad мәтінді пішімдеудің минималды мүмкіндігі бар қарапайым мәтіндік процессор болып табылады. Жай құжаттарды дайындау үшін және мәтіндік файлдарды бір пішімнен басқа пішімге өзгерту үшін пайдаланылады. Тек осы редактор ғана DOS-ОЖ-да жасалған орыс мәтінін оқуға мүмкіндік береді.

Информатика пәнінен ашық сабақ. Тақырыбы: WordPad мәтіндік редакторының интерфейісі

WORDPAD МӘТІНДІК РЕДАКТОРЫ.

Казіргі кезде дербес компьютерлерді құжаттар мен мәтінді дайындауда кеңінен пайдаланылады.

Пуск => Программы => Стандартные => WordPad ( Жіберу => Бағдарламалар =>Стандартты => WordPad). Редакторды іске қосқаннан кейін экранға Word Pad мәтіндік редакторынын терезесі шығады. Терезе келесі элементтерден тұрады: тақырып жолы, меню жолы, құрал-саймандар тақтасы, сызғыш және терезенің жұмыс аймағы.

Терезенің көп бөлігін бос кеңістік жұмыс аймағы алады, оған мәтін енгізіледі.

Терезенің тақырып жолында құжат аты және WordPad бағдарламасының аты көрінеді.

Құрал-саймандар тақтасында жиі пайдаланатын командаларды шығару батырмалары бар. Әрбір батырманын, міндетін алу үшін, маустың нұсқағышын сол батырманың үстіне орналастырыңдар, аз уақыттан соң ішіне батырманың қысқаша аты жазылған кішкене төрт бұрыш шығады. Батырманың аты оның орындайтын қызметін көрсетеді.

№ 1 тапсырма. Кестені толтыру

Информатика пәнінен ашық сабақ. Тақырыбы: WordPad мәтіндік редакторының интерфейісі

Информатика пәнінен ашық сабақ. Тақырыбы: WordPad мәтіндік редакторының интерфейісі

№ 2 тапсырма. Компьютермен жұмыс.

Карточкамен тапсырмалар тарату

№ 3 тапсырма. Ребусты шешу

Информатика пәнінен ашық сабақ. Тақырыбы: WordPad мәтіндік редакторының интерфейісі


ГРАФИКАЛЫҚ ОБЬЕКТ КІРІСТІРУ

Тапқыр достар.

Бір бетшені аштым да,

Мәтін жаза бастадым

Бірақ тілін шет елдің

Аудара алмай тастадым

Тілді қалай өзгертем

Көмектесші,достарым!

( Shift + Alt )

Міне,тағы қиналып-ақ тұрмын мен,

Тақырыпты жаза алмай пернемен

Барлығы да кіші әріп қайтемін?

Көмек берші,енді нені басам мен?

(Caps Lock )

Бірігіп кетті екі сөз,

Не істерімді білмедім

Қане, қайсысың маған тез,

Ажыратып бересің?

(Пробел)

Іздеп-іздеп пернеден таба алмадым

Ақыры есімімді жаза алмадым

Достарым,айтыңдаршы бас әріпті

Перненің қай жерінен таба аламын?

(Shift + Т )

Жаңа жолға түсіп алып енді мен,

Жаңа бір сөз жазғым келіп тұр енді

Бірақ бәрін ұмытыппын, достарым,

Көмек берші, әрі қарай не істеймін?

(Enter )

Сергіту кезеңі. Көзге арналған жаттығулар

  1. Кезекпен: алысқа-мұрынға, солға-оңға, жоғары-төмен көз тігу;

  2. Көзбен сағаттың тілінің бағыты бойынша және оған қарсы бағытта айналма қозғалыстар жасау;

  3. Көзді жұмып және оны қолмен жауып 1-1,5 минут отыру

Сабақты бекіту. Тест тапсырмаларын шешу.

1. WORDPAD программасы қандай мақсатқа арналған ?

А) есептеулер жүргізуге

Ә) мәтіндік құжаттармен жұмыс жасауға

Б) сурет салуға

2. WORDPAD мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктерінің бірі

А) кесте құру

Ә) графикалық объектні кірістіруге

Б) сурет салу

3. WORDPAD-қа графикалық объект кірістіру үшін … командасы орындалады?

А) файл - объект

Ә) Сурет кірістіру

Б) кірістіру - объект

4. Информатика пәнінен ашық сабақ. Тақырыбы: WordPad мәтіндік редакторының интерфейісі Мына батырманың міндеті қандай?

А) Жаңа құжат құру

Ә) Баспаға шығару

Б) Құжат ашу

5. Мәтінді пішімдеу кезінде қолданылатын «көлбеу» түрге өзгерту батырмасы ?

А) К

Ә) Ч

Б) Ж

6. Меңзердің оң жағындағы символды өшіру пернесі ?

А) DELETE

Ә) SHIFT

Б) ENTER

7. WORDPAD редакторының терезе элементтерінен қатесін көрсет

А) меню жолы

Ә) тақырып жолы

Б) түстер палитрасы

8. Информатика пәнінен ашық сабақ. Тақырыбы: WordPad мәтіндік редакторының интерфейісі Мына батырманың міндеті қандай?

А) Жаңа құжат құру

Ә) Баспаға шығару

Б) Құжат ашу

Үйге тапсырма.

  1. Бүгінгі өткен тақырыпты оқулықтан оқып келу және өткен тақырыптарға байланысты тест сұрақтарын құрастырып келу.

  2. WORD PAD мәтіндік редакторында еркін тақырыпта шағын шығарма жазу

VІІ. Сабаққа қорытында жасау. Оқушылардың білімін бағалау


© 2010-2022