Тармақталу операторы тақырыбындағы сабақ жоспары

Раздел Информатика
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән аты: Информатика Мұғалім - Ақанова М.Х

8 «А» сыныбы

Сабақтың тақырыбы: Тармақталу операторлары. Шартты көшу операторлары.

Сабақтың мақсаты: оқушыларға тармақталу және шартты көшу операторларымен таныстыру;

оқушыларға тармақталу операторларды программа құруда қолдануды

үйрету, ой-өрістерін кеңейту;

оқушыларды ұқыптылыққа, нақтылыққа, мақсатқа жете білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі аралас сабақ

Сабақты оқыту әдісі: практикум элементтері бар түсіндірмелі-көрнекілікті

Сабақтың көрнекілігі: ДК, интербелсенді тақта, слайд

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Қайталау

  1. Алгоритмнің қандай түрлерін білесіздер? Анықтамаларын айтыңыз.

  2. Алгоритмдерді блок-сызба арқылы қалай көрсетуге болады?

  3. Тармақталу алгоритмнің қандай формалары кездеседі?

  4. Тармақталу және циклдік алгоритмдердің айырмашылығы мен ұқсастығын айтыңыз?

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Күрделі операторлар дегеніміз - бірнеше қарапайым операторлардан құрылып, бір оператор сияқты орындалады. Күрделі операторларға құрмалас, тармақталу, таңдау, қайталау операторлары жатады.

Тармақталу операторы операторы көрсетілген шартқа тәуелді құрамына кіретін операторлардың орындалуын/орындалмауын қамтамасыз етеді. Жазылуы: if <шарт> then <оператор1> else <оператор2>; мұндағы оператор1, оператор2 - жай немесе құрама операторлар. Нәтижесіне сәйкес операторлар тобының біреуі таңдалып алынады; шарт қатынас немесе логикалық өрнек түрінде жазылады.

Мыласы, if x >= 0 then Writeln ('оң сан')

else Writeln ('теріс сан')

жалған

Соңы

Шарт

оператор2

оператор1

ақиқат





Тармақталу операторларында шарттар күрделі болуы мүмкін, олар логикалық амалдардың (and, or, not) көмегімен құрылады. Мысалы, х, у сандары берілген. Егер осы сандар теріс болса, оларды модулдерімен алмастырамыз; біреуі ғана теріс болса, әрқайсысын 0,5-ке арттырамыз; екеуі де оң болса, оларды 10 есе арттырамыз.

Program M1;

Var x, y : real;

Begin

Read (x, y);

if (x < 0) and (y < 0) then

begin

x:=abs(x);

y:=abs(y)

ақиқат

жалған

жалған

ақиқат

Соңы

(x < 0)

and

(y < 0)

x:=abs(x); y:=abs(y)

if (x<0) or (y < 0)

x:=x+0.5; y:=y+0.5

x:=10*x; y:=10*y

end

else if (x<0) or (y < 0) then

begin

x:=x+0.5;

y:=y+0.5

end

else

begin

x:=10*x;

y:=10*y

end;

Write (x:5:1, '':3, y:5:1)

End.

Case - of таңдау операторы тармақталу If операторының жалпыланған түріне жатады. Бұл оператор бірнеше мүмкін жағдайының біреуін таңдап алады. Оператор көрсеткіштен және әрқайсысы бір немесе бірнеше таңдау тұрақтыларымен таңбаланған операторлар тізбегінен тұрады. Жазылуы, Case <көрсеткіш> of

<тұрақтылар тізімі1>:<оператор1>;

<тұрақтылар тізімі2>:<оператор2>…

<тұрақтылар тізіміN>:<операторN>

Else <оператор>

End.

Мұндағы <көрсеткіш> - нәтижесі нақты типтен басқа кез келген тип бола алатын өрнек. Мысалы, Таңдау тұрақтылары аралық типпен берілген:

Case N of

1…10: Writeln (N:4,'саны 1-10 аралығында жатады');

11…20: Writeln (N:4,'саны 11-20 аралығында жатады');

21…30: Writeln (N:4,'саны 21-30 аралығында жатады');

Else Writeln (N:4,'саны бақылау аралығында жатпайды');

End;

Көрсеткіш бүтін типі:

Case N of

Var season (winter, spring, summer, autumn);

Begin

Case season of

winter: Writeln (winter);

spring: Writeln (spring);

summer: Writeln (summer);

autumn: Writeln (autumn)

End.

ІҮ. Бекіту.

А. Сұрақтар:

  1. Тармақталу операторлары қандай болып келеді?

  2. Тармақталу алгоритмі блок-сызбада қалай көрсетіледі?

  3. Қандай тармақталу операторларыі кездеседі? Мысалдар келтіріңіз.

В. Тәжірибелік жұмыс:

  1. Екі сан берілсін. Егер бірінші санның абсолют шамасы екінші санның абсолют шамасынан артық болса, онда біріншісін 5 есе азайту керек, әйтпесе, екі санды да өзгеріссіз экранға шығару керек. Блок-сызбасын жасау.

  2. Берілген айдың рет нөміріне байланысты сол айда неше күн барын анықтайтын программа құру. Блок-сызбасын жасау.

Ү. Үй тапсырмасы: анықтаманы жаттау, тармақталу алгоритмдерді өздігінен құрастырып, программаларды дәптерге жазу.

YІ. Қорытынды: оқушылардың құрған программаларын тексеру және сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға баға қою, бағаларын айту.


© 2010-2022