5 сыныпка арналған сабақ жоспары

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Пернетақта. Қосымша құрылғылар

Сабақтың мақсат-міндеттері:

А) білімділік:

Оқушыларға компьютер және оның міндеттері мен мүмкіндіктері, пернетақта туралы түсіндіру

Ә) дамытушылық:

Оқушылардың компьютерде жұмыс жасай отырып ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту, салыстыру және талдау жасауға үйрету

Б) тәрбиелік:

Сабақ барысында оқушыларды салауаттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сабақтың типі:

Аралас сабақ

Сабақтың түрі:

Дәстүрлі

Сабақтың әдістері:

түсіндірмелі , сұрақ - жауап

Сабақтың оқыту құралдары және көрнекілігі:

Интерактивті тақтадағы, компьютермен жұмыс

Сабақтың пәнаралық байланысы:


Сабақ барысы:

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

І. Ұйымдастыру бөлімі

-амандасу;

-түгелдеу;

-оқушының назарын сабаққа аудару;

-оқу құралдарының дайындығын

тексеру

-амандасу;

-кезекшілік міндеттерін

атқару;

-сабаққа

дайындалу;


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  • Компьютердің негізі құрылғыларын атаңдар.

  • Жүйелік блоктың құрамына кіретін құрылғыларға нелер жатады?

  • Ақпаратты ұзақ уақытқа сақтау үшін қолданылатын жады түрі қандай?

Компьютер өшірілгенен кейін ақпарат жедел жадыда сақтала ма?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді



ІІІ. Жаңа материалды қабылдауға дайындық

Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау


ІV. Жаңа материалды түсіндіру

А) жаңа ұғымға байланысты жұмыс

Пернетақта- компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез келген ақпаратты беруге мүмкіндік жасайды. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 101 немесе 102 перне болады.Бұл пернелердің көмегімен кез келген алфавитті- цифрлық ақпаратты енгізуге болады. Пернетақта 5 бөлімге бөлінеді:

Алфавиттік-цифрлық пернетақта олар пернетақтаның ортасына орналасқан. Ол пернетақтаның негізгі бөлігі болып табылады.

Курсорды басқару пернелері бұған сілтемелер Home,End, Page Up, Page Down пернелері жатады

Функционалдық пернелер, бұлар символдық пернелердің үстіндегі жолда орналасқан. Олар латынның F (F1, F2,..., F12) әрпімен белгіленген. Функциялық пернелер компьютердің күрделі операцияларын тез орындау үшін қолданылады. Әр түрлі жағдайларда ( әр түрлі бағдарламалармен жұмыс істегенде ) олар әр түрлі міндеттер атқарады.

Қосымша цифрлық пернетақта пернелер немесе қосымша пернетақта, олар 10 пернеден тұрады. Пернетақтаның оң жағында орналасқан.

Басқару пернелері Enter, Shift, Alt, Ctrl, Capslock, Tab, Esc, Insert, Tab, Delete пернелері жатады

Enter немесе енгізу пернесі.Бұл - ең басты перне, оны басу әдетте белгілі бір әрекеттің операцияның аяқталғанын,компьютер енді бұл әрекеттерді өңдеуі керек екенін көрсетеді. Команда символдық пернелердің көмегімен енгізілгенде, ол алдымен пернетақтаның жадында сақталады да, компьютер сендер Enter пернесін басқаннан кейін жетеді.

Принтерлер - басу құрылғылары, олар деректерді шығару құрылғылары ретінде қолданылады және құжаттардың көшірмесін қағаз бетінде алуға мүмкіндік береді. Әрекеттерінің принципі бойынша олар матрицалық, сия бүріккіш және лазерлік принтерлерге бөлінеді.

-Матрициялық басу құрылғылары деректер қағазға инелердің бояитын таспа арқылы соғуының нәтижесінде пайда болатын оттисктер түрінде шығарылады.-Лазерлік принтерлер полиграфиялық баспадан кем емес баспа сапасын қамтамасыз етеді. Олар минутына бет баспаға шығу жылдамдығымен өлшенеді.


Ә) Танымдық қабілеттерін арттыруға арналған жұмыс түрлері мен тапсырма

І тапсырма. Компьютерде пернетақтаны пайдаланып мәтін теру

ІІ тапсырма. Paint графикалық редакторында өздеріне берілген құрылғылардың суретін салады.

ІІІ тапсырма. Ребусты шеш


оқушылар компьютерде жұмыс жасайды.

Ү.Сабақты бекіту

1. Компьютер құрылғылары нешеге бөлінеді?

2. Негізгі құрылғыларға нелер жатады?

3. Қосымша құрылғыларға нелер жатады?

4. Пернетақта неше бөліктен тұрады ?

5. Жұмбақтар жасыру

VІ. Үйге тапсырма.

Пернетақта , қосымша құрылғылар

VІІ.Бағалау

Оқушылардың белсене қатысуын қадағалау және сол бойынша бағалау


© 2010-2022