Мәтіннің үзіндісін ерекшелеу. Қаріп. Абзацты пішімдеу. (5сынып)

Сынып:5 Сабақтың тақырыбы: Мәтіннің үзіндісін ерекшелеу. Қаріп. Абзацты пішімдеу. Сабақтың мақсаты:  Білімділік мақсаты: Оқушылар мәтін енгізу алдында, ерекшеленген бөлігі үшін, бүкіл мәтін үшін әріпті, өлшемін таңдауды; абзац, бірінші жолдың  шегерімін түзетуді орнатуды, сызғышты, мәтінді тізім түрінде рәсімдеуді үйренуі тиіс  Дамытушылық: Оқушылардың ақпараттық – технологиялық ойлау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: сұрақ- жауап С...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып:5

Сабақтың тақырыбы: Мәтіннің үзіндісін ерекшелеу. Қаріп. Абзацты пішімдеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Оқушылар мәтін енгізу алдында, ерекшеленген бөлігі үшін, бүкіл мәтін үшін әріпті, өлшемін таңдауды; абзац, бірінші жолдың
шегерімін түзетуді орнатуды, сызғышты, мәтінді тізім түрінде рәсімдеуді үйренуі тиіс
Дамытушылық: Оқушылардың ақпараттық - технологиялық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сұрақ- жауап
Сабақтың әдісі: сыни тұрғыдан ойлау
Сабақтың көрнекілігі: ЕТ, оқулық, үлестірмелі карточкалар, интерактивті тақта, слайдтар.
Сабақтың жүрісі:

I. Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушылармен амандасып, келмеген оқушылардың себебін анықтау.
Оқушыларды 4 топқа бөлу:
І - топ «Мәтін» тобы, ІІ - топ «Пішім», ІІІ- топ «Қаріп», ІV - топ «Абзац»
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1. Мәтіндік редактор дегеніміз не?
Мәтіндік редактордың көмегімен кез келген мәтінді оңай және тез құруға және безендіруге болады.
2. Бас әріпті қалай енгіземіз? Shift пернесін басып тұрып енгіземіз.
3. Бос орын қай кезде қойылады? Бір бос орын сөздердің арасына және тыныс белгілерінен кейін қойылады.
4. Enter пернесін қай кезде басуымыз керек? Enter пернесін абзацтың соңында басады.
5. Мәтін элементтерін атаңдар. Мәтіннің негізгі элементтері: символ, сөз, жол, абзац, бет, мәтін.
6. Дефис қалай қойылады? Дефис бос орынсыз қойылады
7. Ұзын сызықша (тире) қай кезде қойылады? Ұзын сызықша алдынан да, соңынан да бос орынмен қойылады.
8. Мәтіндік құжатты сақтау үшін Файл---- Сохранить как командасын орындаймыз.
ІІІ. Жаңа сабақ
Кітаппен жұмыс. Мәтінмен танысу.

І - топ - «Мәтін». Мәтін бөліктерін ерекшелеу тәсілдері.
ІІ - топ - «Пішім». Мәтінді пішімдеу. Қаріптер.
ІІІ - топ - «Қаріп». Мәтінді пішімдеу. Абзац. Түзеу.
IV - топ - «Абзац». Мәтінді пішімдеу. Шегіністер. Тізім.

IV. Бекіту тапсырмаларына практикалық жұмыс.
Компьютерде орындау.
№1
1. Пуск - Программы -Microsoft Office - MS Word командасын орында.
2. Кел балалар оқылық,
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық,
өлеңін теріп, тақпақтың жолдарын қалың жазумен ауыстыр.
3. Тақпақтың әр жолындағы бірінші сөздің түсін ауыстыр.
№2
1. Пуск - Программы - Microsoft Office - MS Word командасын орында.
2. Кел балалар оқылық,
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық,
өлеңін теріп, тақпақтың жолдарын курсивті жазумен ауыстыр.
3. Өлеңді сақтап, файлдың атын «Ы.Алтынсарин» деп сақта.
№3
1. Пуск - Программы - Microsoft Office - MS Word командасын орында.
2. Ер қанаты - ат,
Сөз қанаты - хат.
Мақал - мәтелін теріп, тақпақтың жолдарын курсивті жазумен ауыстыр.
3. Мақал - мәтелді қызыл түске ауыстыр.
№4
1. Пуск - Программы - Microsoft Office - MS Word командасын орында.
2. Сөйлемді тер, бірінші жолды бас әріппен және өлшемі 18-қаріппен,
Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау
3. «Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау» жолын белгілеп, Қалың қаріп режимін қосыңдар.
V. Сәйкестіндіру тестісі

VI. Сергіту сәті

«М» сөзжұмбағын дұрыс шешсеңіз мәтінмен жұмыс кезіндегі терминдермен кездесесіз
Сұрақтар:
1. Кірістіру нүктесі
2. Word Pad ........... редакторы
3. Тізім құрау батырмасы
4. Редактордың негізгі командалары орналасқан жол

VII. Топ басшыларының қорытындысы. Бағалау.

VIIІ. Үйге тапсырма: оқып келу.

© 2010-2022