Дербес компьютер. Компьютер құрылғылары

Алдыңғы тақырыпта біз ЭЕМ-нің даму тарихын қысқаша қарастырып шықтық. Бүгінгі күні дербес     компьютерлер көпшілік арасында кең тарады. ДК осылау аталу себебі- ол бір-ақ адам жұмыс істеуге арналған. Компьютер сөзі есептеуіш дегенді білдіреді, яғни есептеуге арналған құрылғы. Компьютер деп ақпараттық процесті  жүзеге асыратын құралды айтамыз.  Компьютер- деректерді бағдарламалап өңдеуге арналған электрондық құрылғы. Қазіргі компьютерлер тек есептеп қана қоймай, цифрлық емес ақпаратты өңдейді, әр түрлі технологиялық процестерді,  деректер базасын және басқаларды басқарады.   Бұл құрылғылардың  кейбірі өте маңызды – бұлар монитор, жүйелік блок пен пернетақта, өйткені  компьютер оларсыз жұмыс істей алмайды.              Компьютердің барлық құрылғылары оның артындағы ажыратып қосқыштар арқылы ажыратылады. Компьютердің процессоры мен  жедел жадысынан басқалары оның сыртқы құрылғылары болып табылады. Олар: монитор, пернетақта, мультимедиа колонкасы, тышқан, модем. Әрбір сыртқы құрылғы процессормен арнайы блоктар – адаптер немесе контролер арқылы жалғасады.
Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Дербес компьютер. Компьютер құрылғылары.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды дербес компьютермен, оның негізгі блоктарымен және олардың міндеттерімен таныстыру. ЭЕМ мүмкіндіктерін көрсету. Компьютердің негізгі құрылғыларымен таныстыру.

2. Шәкiрттердiң компьютердi одан әрi тереңiрек, оған деген қызығушылығын, жалпы ойлау қабілетін дамыту.

3. Баланы адамгершілікке, үлкенге-құрмет, кішіге-ізет көрсетуге, тазалыққа, жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: (Көрсете түсіндіру, ойын арқылы, тапсырмалар орындау)

Құрал - жабдықтар, көрнекті құралдар: Компьютерлер, интерактивті тақта, үлестірме қағаздар

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасып, жоқ оқушылардың себебін анықтау, бар оқушылардың назарын тарту, оқушылардың оқу құралдарын тексеру.

Үй тапсырмасын тексеру: (сұрақтар арқылы )

Жаңа сабақ


Алдыңғы тақырыпта біз ЭЕМ-нің даму тарихын қысқаша қарастырып шықтық. Бүгінгі күні дербес компьютерлер көпшілік арасында кең тарады. ДК осылау аталу себебі- ол бір-ақ адам жұмыс істеуге арналған.

Компьютер сөзі есептеуіш дегенді білдіреді, яғни есептеуге арналған құрылғы. Компьютер деп ақпараттық процесті жүзеге асыратын құралды айтамыз. Компьютер- деректерді бағдарламалап өңдеуге арналған электрондық құрылғы.

Қазіргі компьютерлер тек есептеп қана қоймай, цифрлық емес ақпаратты өңдейді, әр түрлі технологиялық процестерді, деректер базасын және басқаларды басқарады.

Бұл құрылғылардың кейбірі өте маңызды - бұлар монитор, жүйелік блок пен пернетақта, өйткені компьютер оларсыз жұмыс істей алмайды.

Компьютердің барлық құрылғылары оның артындағы ажыратып қосқыштар арқылы ажыратылады. Компьютердің процессоры мен жедел жадысынан басқалары оның сыртқы құрылғылары болып табылады. Олар: монитор, пернетақта, мультимедиа колонкасы, тышқан, модем. Әрбір сыртқы құрылғы процессормен арнайы блоктар - адаптер немесе контролер арқылы жалғасады.

Жүйелік блок-мұнда компьютердің негізгі құрылғылары орналасқан. Компьютерді қосып өшіру батырмасы, дискжетек, компакт-дискіні оқитын CD-ROM орналастырылған. Жүйелік блоктың ішінде аналық плата, процессор, CD-ROM, бейнетақташа, дыбыс тақташасы мен т.б. бар.

Процессор- компьютердің ең басты бөлігі.Ол компьютердің «миы». Ол бүкіл компьютердің жұмысын басқарады және бағдарламадағы барлық командаларды орындайды. Іс жүзінде компьютердің орындайтын жұмысының бәрін оның бас микросхемасына - микропроцессор атқарады. Қазіргі кезде ең көп тараған «пентиум» процессор. Сондықтан компьютер де пентиум деп аталады. Процесор жадпен жұмыс істейді. Жад микросхемасынан процесор өзіне қажетті ақпаратты алады.

Жедел жад-бұл компьютердің ішкі жады. Жедел жад немесе оперативті жадтайтын құрылғы (ОЖҚ) - ол қажет ақпараттарды өзіне жылдам жазуға және одан оқуға мүмкіндік береді .Бірақ онда ақпараттар уақытша сақталады, яғни компьютерді өшіргенше. Егер компьютерді өшірсе онда жедел жадтағы барлық ақпарат өшеді. Компьютердің ішкі жадысының екі түрі бар:тұрақты жадтайтын құрылғы ТЖҚ (ОЗУ) - ақпартты тұрақты сақтауға арналған жад. Компьютерді өшіргенде ақпарат бұзылмайды. Жедел жадтайтын құрылғы-ақпаратты уақытша сақтауға арналған жад. Компьютерді өшіргенде ЖЖҚ-дағы ақпарат бұзылады. Енгізу құрылғылары: пернетақта, маус,джойстик,өлшеу аспаптары, сканер. Шығару құрылғысы - принтер, диспей, графопроектор.

Дисплей - компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Дисплей: электрондық - сәулелі түтікшеден (ЭСТ) (электронная лучевая труба ЭЛТ), қоректендіру блогынан және сәулелі басқарушы электрондық блоктан тұрады. Монитор түрлі түсті монохромды болады.

Монитор-ақпаратты компьютер экранына шығару құрылғысы. Мониторды екі белгісі бойынша жіктеуге болады.

Бейнелеу түсі бойынша

Шығаратын ақпараты бойынша

Монохромдық (қара, ақ, градияциясы сұр)

Символдық, (тек мәтіндік ақпаратты бейнелейді)

Түрлі түсті

Графикалық (графиктерді, суреттерді шығаруға мүмкіндік береді)

Пернетақта - компютерге ақпарат енгізетін құрылғы. Онда 101 немесе 105 перне болады. Таңбалық деректерді енгізу қызметін атқарады және негізгі енгізу құрылысы болып табылады.

Шартты түрде пернетақтаны 5-бөлікті бөлуге болады:

-басу пернетақтасы (алфавитті- цифрлық және таңбалық пернелер)

-функционал пернелер: F1-F12

-арнайы операциялар пернелері: Enter, Esc, Tab6, Ctrl, Alt, BackSpace

-меңзерді басқару және редакциялау пернетақтада.

-сандық пернетақта.

Функционалдық пернелер- Олар символдық пернелердің үстінде орналасқан. Олар компютердің күрделі операцияларын тез орындай. Әр түрлі программаларды әр түрлі қызмет атқарады.

Символдық пернелер - пернетақтаның негізгі бөлігі. Символ, цифр енгізуге болады.

Нұсқаушы немесе меңзерді экранда басқару пернесі. Меңзерді экранда жылжытуға арналған.

Цифрлық-қосыма NumLock пернетақта арқылы қосылып ажыратылады.

Enter - енгізу пернесі - белгілі бір әрекетті аяқтағанда басылады.

Бос орын - символдарды бір-бірінен ажыратады.

Backspace пернесі алдыңғы символды өшіреді.

Shift - бұл кіші әріптерді үлкен етуге және керісінше орындауға болады.

Caps Lock - үлкен әріптер енгізіледі.

Delete - меңзердің оң жағында орналасқан символдарды өшіреді.

кейбір амалдарды орындау үшін пернелердің комбинациясын пайдаланады. Ctrl Alt

Тышқан. Қазіргі кездегі компьютерлер тағы да бір ақпараттарды енгізу құрылғысы - «Тышқан» манипуляторымен жабдықталған. Бұдан былай оны тек тышқан деп қана атайтын боламыз. Оның аты тышқан деп бекер аталмаған. Себебі ол-сұр түсті, тышқанның құйрығына ұқсайтын компьютерге жалғанған иілгіш сымы бар қорап. Ол алақанға ыңғайлы және кілемше бетінде еркін жылжитын арнайы құрылғы.

Джойстик. Джойстик деген компьютерлік ойындарда экрандағы жылжитын обьектілерді басқаруға арналған рычагты манипулятор.

Принтер. Ақпараттарды қағазға басып шығаратын құрылғы. Ол дисплейге не шығарылса, соның бәрін қағазға басып шығаруға мүмкіндік береді. Принтерге мәтіндік, кестелік, графикалық ақпараттарды шығаруға болады. Принтердің үш түрі бар: матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік.

Матрицалық принтерлер - бұл қарапайым басу құрылғылары. Деректер қағазға инелердің бояйтын таспа арқылы соғуының нәтижесінде пайда болады.

Лазерлік принтерлер полиграфиялық баспадан кем емес баспа сапасын қамтамасыз етеді.Олар минутына бет баспаға шығу жылдамдығымен өлшенеді. Сия бүріккіш принтерлер. Кескін бояудың тамшыларының қағазға түсуінің нәтижесінде айда болады. Сиябүріккіш принтерлер түрлі түсті баспадан кеңінен қолданылады

Сыртқы жад - сыртқы жад ретінде магнитті диск пайдаланылады. Дискілер қазіргі дербес компьютерлерде ақпарат тасушы болып табылады, олар ақпаратты тұрақты түрде сақтауға арналған. Магнитті дискілердің екі типі болады. Бірінші типке иілгіш, алмалы-салмалы дискілер немесе дискеттер жатады.

Компакт -дискілер. Компакт дискіні лазерлік дискі деп те атайды. Оның сыйымдылығы өте үлкен, олардағы ақпаратты тек оқуға болады. CD-R компакт -дискілеріне басқа жаңа ақпараттар жазуға немесе ақпараттарды қайта жазуға болмайды. Ал CD-RW дискілеріне ақпаратты жазуға, қайта жазуға болады.

Мәтіналғы - қағаздағы кескінді (жазуды , суретті) түсіріп, дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы. Оның көмегімен суретті, графикті, мәтіндерді сканерлеуге (түсіріп алуға) болады.



1- кезең. «Кім тапқыр»

Перне аты

Перненің қызметі

NumLock

Enter

Бос орын

Backspace

Перне аты

Перненің қызметі

F1-F12

Shift

Delete

Caps Lock



2-кезең. «Кім жылдам»

Е нгізу құрылғылары Шығару құрылғылары

Тышқан Принтер

Тәрте(джойстик) График салғыштар

Жарық қаламұшы Монитор

Мәтіналғы Плоттер

Пернетақта

Өлшеу аспаптары

Трекбол

3Дербес компьютер. Компьютер құрылғылары.-кезең «Ауыстырмақ». Келесі сайысымыздың шарты бойынша орны ауысқан сөздерден дұрыс сөз құрастыру қажет.

Дербес компьютер. Компьютер құрылғылары.

такедис-дискета

акттомксиди-компакт - диск

нқатыш - тынқан



4-кезең «Ой қозғау». Әр кубикте бір әріп қалдырып, жасырылған сөзді оқыңдар да, батырманың қызметін жазыңдар.

Дербес компьютер. Компьютер құрылғылары.Дербес компьютер. Компьютер құрылғылары.

K

D

E

S

Дербес компьютер. Компьютер құрылғылары.

Дербес компьютер. Компьютер құрылғылары.

A

H

T

E

Дербес компьютер. Компьютер құрылғылары.Дербес компьютер. Компьютер құрылғылары.

E

C

N

L



5-кезең. «Жапырақтар әлемі» сиқырлы әріптер.

Дербес компьютер. Компьютер құрылғылары.

6-кезең. «Кім епті» Мәтін теру. Оқушылардың әріптерді теру жылдамдығын арттыру мақсатында оларға теруге шағын мәтін беріледі.

Кұлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй.

Дүние ойдан шығады,
Өзімді өзім ұмытып,
Көңілім әнді үғады,
Жүрегім бойды жылытып.

Қорытындылау:

а) Жүйелік блокта орналасқан есте сақтау құрылғысы?

ә) Телефон желісі арқылы интернетке шығу құрылғысы?

б) Компьютердегі жад түрлері.

Рефлексия:

Оқушылар бүгінгі сабақ ұнады ма?

Несімен ұнады?

Үй тапсырмасын беру:. Дербес компьютер. Компьютер құрылғылары.

Бағалау:


© 2010-2022