Рабочая программа Тандау операторы

Раздел Информатика
Класс 8 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Таңдау операторы

Сабақтың мақсаты: 1.Жаңа тықырыпты өткен сабақпен байланыстыра

отырып, таңдау операторы,оның жазылу тәртібі мен

қолдану ережесін түсіндіру, оқушыларға мысал

келтіру, есеп шығарту

2.Оқушылардың пәнге қызығушылығын әр түрлі

тапсырмалар арқылы дамыту, теориялық білімін

практикамен ұштастыруға, берілген тапсырмаларды

тиянақты орындауға, программа құрылымының

сауаттылығын дамыту

3.Ұқыптылыққа, өзбетінше еңбектенуге , нәтижелікке,

өзін - өзі бағалауға , ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту

Оқыту әдісі: сөздік,көрнекі, практикалық,жобалық

Оқыту формасы: ұжымдық, жеке

С.көрнекілігі: ЭҚ «Жоба», интерактивті тақта, Паскаль бағдарламасы,

трек- сызба

Пән аралық байланыс: химия,ағылшын, қазақ әдебиеті,тарих, биология

С.жоспары:

І.Үй тапсырмасын тексеру,қайталау

ОЭ-1. Қатені тап

ОЭ-2. Полиглот

ОЭ-3. Мен қай типпін?

ОЭ-4. Көзіңді жеткіз

ІІ. Жаңа сабақ

ІІІ.Пысықтау, бекіту

ОЭ-5. Жаттығу

ОЭ-6.Автотест

ІҮ.Жоба қорғау

Ү.Үйге тапсырма беру

ҮІ.Оқушы білімін бағалау

С.барысы:

Ұйымдастыру

1.Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын ретке келтіру

2.Журнал толтырту

І. Үй тапсырмасын тексеру,қайталау

ОЭ - 1. Қатені тап

Мақсат: Берілген тізбектін қатесін тауып, оны дәлелдеу

1. 2х2-5:=у 2. р:=7.3 моd2

3. writeln ('x=', x:3:6) 4. x:=sin2x+cos(x)

5. м:=завод

6. program esep;

begin

readln (x);

if x < o else y:=2*SQR(x)*x then y:=2+x

writeln ("y=", y:6:3);

readln ;

end.

Var x, y : real ;

ОЭ-2, Полиглот

Мақсат : Паскаль тіліндегі түйінді сөздердің орысша,қазақша,ағылшынша айтылуын,яғни аудармасын табу,

Айнымалы - var - переменные

Бүтін бөлу - integer -целое

Белгі - label - метка

Жолды оқу - writlen - читать строку

Нақты - real -действительные

Бөліндінің қалдығы - mod - остаток от деление

ОЭ-3. Мен қандай типпін?

Мақсат: Тізбектін қай типке тиісті екенін табу.

-1,27 ,1983 ,32767 - integer 'университет', 'file' - string

0,1, false,true - boolean 1,25E+12, 1.3E - 0.5 - real

'$', 'h','5','*' - char '#&*' , 'true' , '127' - string

-125.168, 0.369 - real

ОЭ-4. Көзіңді жеткіз.

Максат: Үйге берілген №5 есептің бағдарламасын, компьютерге салып, нәтижесіне көз жеткізу.

program pojar ;

var t : real ;

begin

readln (t)

if t > = 60 then writeln ('өрт басталды ') else writeln ('жалған дабыл');

readln;

end.

ІІ. Жаңа сабақ.

Таңдау операторы бірнеше оператордын ішінен тандау жолымен көп тарамды тармақталуды ұйымдастырады.Таңдау операторы дегеніміз - программадағы мүмкін болатын бірнеше оператордың біреуін таңдайтын оператор.

Таңдау операторлары: case - жағдай of - одан (-дан,-ден,-тан,-тен)

Жазылу үлгісі:

Case < өрнек > of

<1 - тұрақты > : < 1 - оператор >;

< 2 - тұрақты > : < 2 - оператор >;

…………….

< n - тұрақты > : < n -оператор >;

else < n + 1 - оператор >

end.

Таңдау командасы былай орындалады : Алдымен өрнек мәні есептеледі де, ол тұрақтылармен салыстырылады. Егер өрнектін мәні 1-ші тұрақтыға тең болса, онда 1-ші оператор орындалады, ал өрнектің мәні 2-ші тұрақтыға тең болса,онда 2-ші оператор орындалады, яғни тізімдегі тек бір ғана оператор орындалады да, таңдау командасы осымен аяқталады. Егер өрнектің мәні ешбір тұрақты мәніне сәйкес келмесе, онда else қатары болмайды, ондайда end сөзінен кейін тұрған жол орындалады.

Өрнектің, тұрақтының мәндері бір типте болуы керек, олар бүтін, логикалық, символдық типтердің бірі болуы керек.

Case операторын қолданғанда, мынадай ережені есте ұстау керек:

1. Case сөзінен кейінгі өрнек мәні дискретті типке жатуы тиіс.

2. Операторлар алдындағы тұрақтылар типі өрнек типімен бірдей болуы тиіс.

3. Тұрақтылар мәндері бір-бірінен айрықша болып, қайталанбауы тиіс.

Мысалы: Кез келген жыл мерзімін енгізіп,сол жылдың шығыс күнтізбесі бойынша қай жануардын атына сәйкес келетінін анықтау программасы .

Program misal ;

Var gil : integer ;

Begin

redln ( gil );

case ( gil mod 12 ) of

0 : write ('мешін');

1 : write ('тауық');

2 : write ('ит');

3 : write ('доңыз');

4 : write ('тышқан');

5 : write ('сиыр') ;

6: write ('барыс');

7 : write ('қоян');

8 : write ('ұлу') ;

9 : write ('жылан');

10: write ('жылқы');

11: write ('қой');

end;

reаdln;

end.

Алгоритм негізіне 12 - ге қалдықсыз бөлінетін жыл мешін жылы болатыны алынған.

ІІІ. Пысықтау , бекіту .

ОЭ-5. Жаттығу

Мақсат : Таңдау операторынан түсініктерін байқау, бағдарлама құрып жаттығу

Есептер мен жаттығулар жинағынан № 43 есеп.

Адамның жасына қарап , оларды : әлі мектепке бармаған , мектеп оқушысы , студент , жұмысшы , зейнеткер деген 5 топтың біріне жатқызатын программа құр . Адамның жасы пернетақтадан енгізіледі

Program jas ;

Var let : integer ;

Begin

Readln (let );

Case let of

1..5 : writeln ('әлі мектепке бармаған') ;

6..17: writeln ('мектеп оқушысы');

18..25: writeln ('студант');

25..62: writeln ('жұмысшы');

63..100: writeln ('зейнеткер');

end.

Readln;

End.

Шығармашылық есеп

Онтогенездің негізгі кезеңдерін еске түсіріп , адам организімін өсуі мен дамуын топтап көрсететін программа құр .

Program kezen ;

Var let : integer ;

Begin

Readln (let ) ;

Case let of

0..1 : writeln ('нәресте');

1..3 : writeln ('балабақша');

4..6 : writeln ('мектепке дайындық');

6..12: writeln ('жасөспірімдік');

13..17 : writeln ('балғын жастық');

18..44 : writeln ('жастық');

45..59: writeln ('орта жас');

60..74 : writeln ('мосқалдық');

75..89: writeln ('қарттық');

90..100: writeln ('ұзақ өмірлі');

end;

Readln;

End.

ОЭ - 6 . Автотест

Мақсат : Жаңа сабақ , өткен сабақ бойынша оқушылардың теориялық білімдерін тексеру

ІҮ . Жоба қорғау

Тақырыбы:

Алға қойылған мақсатқа жетуде алгоритімді қолдану шарт па , шарт емес пе ?

1 .Гипотеза «Алға қойылған мақсатқа жетуде алгоритмді қолдану шарт» Қайырова Сандуғаш

2 . Гипотеза «Алға қойылған мақсатқа жетуде алгоритмді қолдану шарт емес» Муапиқов Қуандық

Түйін : мұғалім

Ү. Үйге тапсырма

1. $ 3 .6 ( Қайталау $ 3.4 - 3.5)

2. Шығармашылық тапсырма .

Аудан құрылғаннан бері аудандағы бірінші басшы, аудандық партия комитетінің І хатшыларын анықтайтын программа құру

Сілтеме : 1. " Серпер " газеті ( 30 қазан 2008 жыл №44)

2. Құрманғазы ауданының 80 жылдығына арналған энциклопедия

3. Аудандық мұражай


ҮІ.Оқушы білімін бағалау.


Оқушылар сабақ бойы жинаған ұпайларын санап, оны қосып бағалау норамсымен танысып,өздерін бағалайды.


© 2010-2022