Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторымен жұмыс

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Информатика

Сыныбы: 5 сынып

Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторымен жұмыс

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Paint графикалық редакторымен танысу және редактор құралдарын қолданып жұмыс жасай білу.

Дамытушылық:Оқушыларға жаңа тақырып бойынша практикалық жұмыстар жасату арқылы білімдерін, ойлау қабілетін, логикалық - абстракциясын дамыту.

Тәрбиелік: Еңбекке баулу, ұлттық салт - дәстүрге, пәнді сүюге, өзінің Отанын сүюге,қызығушылыққа, қайырымды болуға, дарындылыққа тәрбиелеу.

Жаңа сабақ

Paint графикалық редакторы бұл сурет салуға арналған редактор.Редактор мүмкіндіктері: сурет салуға, көшіруге, суретті сақтауға ашуға, көбейтуге, бұруға, созуға,суретке мәтін кірістіруге және т.б. әрекеттер орындауға болады. Paint графикалық редакторы 16 құрал қолданылады.

Paint графикалық редакторын іске қосу тәсілі:

Пуск - Программы - Стандартные - Paint .

Бұл тізбекті орындаған соң экранда Paint графикалық редакторының терезесі пайда болады. Дәптермен жұмыс.

Терезе элементтері: Тақырып жолы, меню жолы, құрал - саймандар тақтасы, түстер палитрасы, жұмыс алаңы.

Сурет салу 5 кезеңнен тұрады.

1. Құрал таңдау.

2. Кисть түрін және типін таңдау

3. Кескін түсін таңдау

4.Фон түсін таңдау

5. Сурет салу.

Суретті сақтау: бірінші рет сақтау үшін Файл - Сохранить как командасын орындаймыз.

Суретті ашу: Файл - Открыть

Экранды тазалау: Рисунок - Очистить командасын орындау

Терезе элементері: тақырып жолы, меню қатары немесе мәзір жолағы, сурет салу алаңы, түстер палитрасы, сырғытпа, құралдар тақтасы.

paint құралдары: Ерікті аймақты белгілеу құралы

Белгілеу құралы

Өшіргіш/түрлі түсті өшіргіш

Құю (Заливка)

Түс таңдау құралы

Масштаб құралы

Қарындаш

Кисть құралы

Бүріккіш (пульверизатор эффектісі)

Жазу немесе мәтін енгізу

Түзу сызық

Қисық сызық

Тік төртбұрыш

Көпбұрыш

Эллипс

Бұрыштары дөңгеленген тік төртбұрыш

Сабақ бекіту: «Иә - жок» о й ы н ы (Сұраққа дұрыс болса « и ә », дұрыс емес болса « ж о қ »

деп жауап бересіздер. Берілген жауап дұрыс болса «1», дұрыс емес болса «0» деген жауап шығады) .

  1. Paint графикалық редакторы мәтін енгізу үшін қолданылады (жоқ)

  2. Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторымен жұмысқұралы мәтін енгізу үшін қолданылады (ия)

  3. Сурет салу кезеңі 5 кезеңнен тұрады (ия)

  4. Сурет үзіндісінің көшірмесін алмасу буферіне көшіру үшін ТҮЗЕТУ- КӨШІРУ (ПРАВКА - КОПИРОВАТЬ) командасы орындалады (ия )

  5. Paint графикалық редакторында салынған суретті WordPad редакторына кірістіруге болады ма? (ия)

  6. Құжатты 1-ші рет сақтау үшін ФАЙЛ-САҚТАУ (ФАЙЛ-СОХРАНИТЬ) командасын орындаймыз (ия)

  7. Сақталған құжатты ашу үшін ФАЙЛ-АШУ(ФАЙЛ-ОТКРЫТЬ) командасын орындаймыз (ия)

Информатикалық диктант

1. Объектіні сақтау үшін . . . - . . . командасы орындалады.

2. Paint редакторындағы суретті мәтінге кірістіру үшін . . . - . . . және . . . - . . . командасы орындалады.

3. Суретке мәтін енгізу үшін . . . қолданамыз.

4. Экранды тазалау үшін . . . командасын орындаймыз.

5.Сурет үзіндісінің көшірмесін алмасу буферіне көшіру үшін .... командасын орындаймыз..

Үйге тапсырма: Paint графикалық редакторы. Paint құралдарын жаттау



© 2010-2022