Ашық сабақ: Циклдік алгоритм (8 сынып)

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту сабағы Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, интерактивті тақта, презентация. Сабақтың барысы: а) ұйымдастыру кезеңі б) үй тапсырмасын сұрау в) жаңа сабақ г) дамыту д) бекіту е) үйге тапсырма ж) қорытынды Қоңырау соғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын. Өткен материалды қайталау сұрақтары Слайд бойынша компьютердің дайындап әкелген сұрақтарына жауап беру. Құрылғылардың аттарын, ...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып: 8

Тақырып: Циклдік алгоритм

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Мақсаты:

Атқарушы «Бота» арқылы циклдік алгоритм туралы түсініктерін қалыптастыру.

  • Себеп-салдар байланысын орнату негізінде оқушылардың логикалық

және алгоритмдік ойлауын, олардың пәнге деген танымдық қызығушылықтарын,

оқушылардың қабілеттерін кеңістіктегі ой - қиялы мен шығармашылығы

арқылы дамыту.

  • Оқушыларды ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.

Құрал - жабдықтар, көрнекті құралдар: ДК, Мультимедиалық проектор, материалды көрсету үшін презентациялар, Атқарушы «Бота» ортасы

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ жауап, әңгімелесу, жазбаша жұмыс, өзіндік жұмыс

Сабақ барысы. 1. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.

Сабаққа дайындықтарын тексеру

Көңіл күйлерің тексеру

2. сергіту сәті

3.Үй тапсырмасын пысықтау

І - нұсқа

1.Компьютердегі жұмысты аяқтаған оқушы не істеуі керек?

А) Мұғалімнің нұсқауы бойынша жұмысты аяқтап, жұмыс орнын ретке келтіру.

Б) Компьютерді ажырату батырмасын басу.

С) Тұрып кабинеттен шығу.

Д) Бөлмені ылғалдап сүртіп шығу және желдету.

Е) Компьютердің бөлшектерін ажырату.

2.Көзден экранға дейін ара-қашықтық қанша болу керек?

А)10-15 см. Б) 20-30 см.

С) 40-50 cм. Д) 55-65 cм.

Е) 70-80 см.

3.Ақпаратты сақтау үшін адамдар нені қолданбайды?

А) Қағазды Б) Дискіні

С) Тасты Д) Суды

Е) Телефонды

4.Ақпараттың өлшем бірлігі қандай?

А) кг, тонна Б) м, км

С) Бит Байт Д) см, килобайт

Е) мбайт, мм

5.Адам ақпаратты қанша пайыз көру арқылы алады?

А) 80% Б) 96% С) 90% Д) 91%

Е) 92%

6. Алгоритм ұғымын енгізген ғалым

А) Мухаммед Әл-Хорезми

В) Билл Гейтс С) Лейбнец

D) Робертсон

7. Алгоритмнің негізгі қасиеттері?

А) сызықтық, циклдік

В) тармақталу, сызықтық, негізгі

С)Түсініктілік, дискреттілік, анықтылық, нәтижелік, жалпылық

D) негізгі, қосымша

ІІ - нұсқа

1. Компьютерде жұмысты бастамас бұрын оқушы не істеуі керек?

А) Компьютер жабдықтамаларында немесе жалғағыш сымдарында ақаудың жоқ екеніне көз жеткізу керек

Б) Мониторды көз деңгейімен бірдей етіп, көру бұрышына перпендикуляр орналастыру керек

С) Оқу құралдарын үстел үстіне орналастыру керек

Д) Су қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істеу керек

Е) Сыныпта компьютерді аралап жүру керек

2. Адам ақпараттың неше пайызын есту арқылы алады?

А) 5 % Б) 6 % C) 7 %

Д) 8 % Е) 9 %

3. 1 мбайт неге тең?

А) 1000 кбайт Б) 1020 кбайт

С) 1024 кбайт Д) 1024 бит Е) 1000 бит

4. Дыбыстық ақпаратты не арқылы жеткіземіз?

А) Кітап Б) Радио

С) Журнал Д) Плакат

Е) Дәптер

5. Санау құралдарын Қытайлықтар не деп атаған?

А) Суан-пан Б) Абак

С) Серобиян Д) Есепшот

Е) Механика

6. Алгоритмнің түрлері?

А) сызықтық, циклдік

В) тармақталу, сызықтық, негізгі

С) сызықтық, тармақталу, циклдің

D) негізгі, қосымша

7. Тармақталған алгоритм дегеніміз не?

А) нәтижеге жету

В)тізбектеле орындалатын

С) әрекеттердің біріншісін немесе басқасын орындайтын

D) негізгі, қосымша

4.Суретпен жұмыс

Ашық сабақ: Циклдік алгоритм (8 сынып)Ашық сабақ: Циклдік алгоритм (8 сынып)

5. Тізбекті толтыр

6. Жаңа сабақ

Жаңа сабақ

Қоршаған ортада көптеген үдерістер жүйелі түрде ретімен бірнеше рет қайталанып отырады. Мысалы, апта күндерінің ауысуы: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі немесе ауа райының маусымдық ауысуы. Циклдік алгоритм- бұл командалары бірнеше рет қайталанып орындалатын алгоритм.

Цикл

Қайталау санының алдын ала белгілі цикл . Арифметикалық цикл

Орындалу саны белгісіз цикл . Командалық цикл.Арифметикалық цикл алдын ала шарты бар циклге жатады.

  1. Шарты тексеріледі.


  1. Егер шарты дұрыс болса, онда циклдің барлық командалары орындалады.

  2. Соңғы циклдегі жолға өткен кезде шарт қайтадан тексеруден өтеді, 1-пункт орындалады.

  3. Шарт ақиқат болмаған жағдайда, циклдің келесі жолына шартты орындау үдерісі жүреді.

7.Компьютермен практикалық жұмыс

8. Көзге арналған жаттығу

9. Сәйкестендіру.

Сызықтық

1.Бірнеше рет қайталататын орындалатын

Тармақталу

2.Командалары бірінен соң бірі тізбектеле орындалатын

Циклдік

3.Шартқа байланысты әрекеттердің біріншісін немесе басқасын орындайтын

10 .Информатикалық диктант

  • Қайталану санының алдын ала белгілі және белгісіз болуына байланысты цикл .. түрге бөлінеді.

  • ... бұл командалары бірнеше рет қайталанып орындалатын алгоритм.

  • Тармақталған алгоритмді жазудың ... түрі бар.

11.Рефлексия.

Бүгінгі сабақтан қандай жаңа мағлұмат алдың?

Саған қай тапсырманы орындау қиын болды?

Нені біліп, үйренуіміз керек?

Сендерге барлығы түсінікті болды ма?

Қызықты болғаны





Бағалау

12. Үй тапсырмасын беру:
Циклдік алгоритм, 3.1-3.3 тақырыптарына 5 тест құрастырып келу.

Сабақтағы эмоционалдық жағдайды анықтау. (күншуақ)

Сіздердің алдарыңызда күннің суреті жатыр, оның бетіне қараңыз, сол және оң жақ беті әртүрлі: сол жақ қуаныштың белгісі, оң жақ көңілсіз. Егер сіздерде сабақтан кейін жақсы көңіл-күйлеріңіз қалса, онда сол жақ бетіне айшық суретін салыңыз. Егер жоқ болса, оң жағы.

© 2010-2022