Ашық сабақ Paint графикалық редакторы 7-сынып

Cабақтың тақырыбы:  Paint графикалық редакторы. Сабақтың мақсаты:  1.Білімділік: оқушыларды Paint графикалық редакторымен, редактордың терезе элементтерімен таныстыру. Paint графикалық редакторында жұмыс істеу тәртібін үйрету. Сабақтың міндеттері: а) оқушылардың білімін кеңейтіп, компьютерде                                            жұмыс  істеу шеберлігін  одан әрі шыңдау және                                           оқушылардың өздігінен жұмыс істеуін дамыту.                                ... 3.Кескіннің түсін таңдау. Сурет салатын түсті таңдау үшін, палитрадағы қажетті түстің төртбұрышына тышқан нұсқағышын орналастырып, сол жақ батырмасын басыңдар. 4.Фонның түсін таңдау. Фонның түсін таңдау үшін, палитрадағы қажетті түске тышқан нұсқағышын орналасьырып, оң жақ батырмасын шертіңдер. Бұл саты фонды пайдаланып объектілер жасайтын құралдармен жұмыс істегенде қажет (тік төртбұрыш, көпбұрыш, эллипс, дөңгеленген көпбұрыш).      5.Ал, енді сурет саламыз.          Сурет салуға қажетті қандай да бір құралды таңдау үшін, келесі әрекеттерді орындау керек: 1.     Сурет салуға қажетті құралды таңдап, оған тышқанның нұсқағышын орнатып, оны шертіңдер. 2.     Палитрадағы қажетті түстің төртбұрышына тышқан нұсқағышын орналастырып, сол жақ батырмасын шертіңдер. 3.     Нұсқағышты сурет салатын орынға жылжытып апарыңдар. 4.     Тышқан батырмасын басып тұрып нұсқағышты қажетті бағытта тасымалдаңдар. 5.     Суретті салып болған с...     Рефлексия.1. Бүгінгі сабақта Paint туралы не білдіңіздер?2. Сіздерді графикалық редактордың қандай ерекшелігі таңқалдырды?Сөйлемді аяқтаңдар:• Бүгінгі сабақта маған …………… қызықты болды.• Бүгінгі сабақта маған …………… ұнады.• Бүгінгі сабақта маған…………… қиын болды.• Бүгін сабақта мен………………… үйрендім.• Бүгінгі сабақ маған ……………… көрсетті.• Болашақта мен ……………………… VI. Үй тапсырмасы. 1.     §22оқу, 117-120 бет. 2.     Paint графикалық редакторының құралдарының қайсысы қандай міндет атқаратынын жат...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

5 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебі








Ашық сабақ Paint графикалық редакторы 7-сынып

Тақырыбы: «Paint графикалық

редакторы»

7-сынып

Пән мұғалімі: Ажикулова Ш.Т










2014-2015 оқу жылы

Cабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторы.

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: оқушыларды Paint графикалық редакторымен, редактордың терезе элементтерімен таныстыру. Paint графикалық редакторында жұмыс істеу тәртібін үйрету.

Сабақтың міндеттері: а) оқушылардың білімін кеңейтіп, компьютерде

жұмыс істеу шеберлігін одан әрі шыңдау және

оқушылардың өздігінен жұмыс істеуін дамыту.

ә) жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс

нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, жан-жақты

болуға, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: практикум элементтері бар түсіндірмелі-көрнекілік.

Көрнекіліктер: ДК, мультимедиялық құралдар, тақырып бойынша дайындалған слайдтар, оқулық, жұмыс дәптері, таратпа карточкалар.

Пәнаралық байланыс: Геометрия, бейнелеу өнері, қазақ әдебиеті

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: «Шаттық шеңбері»

  1. Оқушылар бір біріне жақсы тілектер айтады

  2. Түрлі-түсті шеңберлерді таңдау арқылы топқа бөлінеді

  3. Оқу құралдарын дайындау

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

«Миға шабуыл»

  1. Дискілерді қалай пішімдейді?

Мой компьютер→Форматировать→Быстрое→Начать

  1. Объектіні сыртқы тасымалдаушыға көшірудің неше жолы бар?

3 жолы бар: копировать, отправить, тышқан көмегімен жылжыту арқылы.

  1. Объектіні корзинада қанша уақыт сақтауға болады?

Корзинадан оны жойғанша немесе қайта қалпына келтіргенше.

  1. Корзинадағы объектілерді көру үшін не істеу керек?

Корзина қапшығының белгішесінде екі рет шертіп, оны ашу керек.

  1. Корзинадағы объектіні қалай қалпына келтіреді?

Объектіні белгілеп Файл-Востановить командасын орындау арқылы.

  1. Корзинаны қалай тазалайды?

Корзинаны ашып, Очистить корзину командасын орындау арқылы.

  1. Дискілерді пішімдеудің неше әдісі бар?

Пішімдеудің екі әдісі бар: толық және тез.

  1. Файлдар корзинадан қандай мақсатпен жойылады?

Жаңа бағдарламалар мен құжаттарға орын босату үшін.

ІII. Жаңа тақырып.

Paint графикалық редакторы

Paint сурет салу программасы. Әр түрлі графикалық кескіндерді салуға, өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл программаның көмегімен қарапайым суреттен бастап, күрделі графикалық шығармаларға дейін жасауға болады.

Paint программасында өзіміз сурет салуымызға, Windows-тің басқа қолданбаларынан алмасу буферіне көшірілген дайын суреттерді мәтінге қоюға, сондай-ақ сканердің көмегімен алынған күрделі кескіндерді енгізуге болады.

Paint программасын іске қосу

Paint графикалық редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындау керек.

  1. Іске қосу (Пуск) батырмасын шертіңдер.

  2. Бас менюден Программалар (Программы) командасын таңдаңдар.

  3. Ашылған бағыныңқы менюден Стандартты командасын таңдаңдар.

  4. Келесі бағыныңқы менюден Paint графикалық редакторын таңдаңдар.

Бұдан былай осындай әрекеттер тізбегін мына түрде жазамыз:

Іске қосу→Барлық программалар→Стандартты→ Paint

(Пуск→Все программы→Стандартные→Paint)

Командалар орындалғаннан кейін, экранға Paint графикалық

редакторының терезесі шығады.

Көріп отырсыңдар, терезе Windows жүйесінің стандартты түрі сияқты, бірақ мұнда салынатын кескіннің түсін таңдап қана қоймай, оның фонының түсін де таңдауға болатын түстер палитрасы қосылған. Терезенің үлкен бөлігін бос кеңістік - сурет салу алаңы алады. Оның сол жағында таңбашалар тобы - құралдар тақтасы орналасқан. Терезенің төменгі жағында түстер палитрасы бар.

Түстер палитрасының көмегімен екі түрлі түсті таңдауға болады: негізгі - біз онымен сурет салатын түс және қосымша - бұл фон беретін түсі. Программаны іске қосқанда, ешқандай әрекет болмаса, келісім бойынша кескіннің түсі - қара, ал фонның түсі ақ болып шығады.

Политраның сол жағында бірін-бірі жабатын екі квадрат орналасқан. Жоғарғысы сурет түсін көрсетеді. Ол таңдаған түсте тышқанның сол жақ батырмасын шерту арқылы таңдалады. Төменгі квадрат фон түсін көрсетеді, ол үшін таңдаған түсте тышқанның оң жақ батырмасын шерту қажет.


Сурет салу кезеңі

Сурет салу процесі мынадай негізгі кезеңдерден тұрады:

  1. Құралды таңдап алу керек.

Paint графикалық редакторында 16 құралды пайдалануға болады. Олардың міндеттерін білу үшін, тышқанның нұсқағышын қажетті құралдың үстіне орналастыру керек. Сонда ішіне олардың міндеттері жазылған кішкене төртбұрыш пайда болады.

Сурет салу кезеңдері мына құралдар арқылы жүзеге асырылады:

Ашық сабақ Paint графикалық редакторы 7-сыныпЕрікті аймақты белгілеу құралы, бұл қисық пішінді үзіндіні

таңдау қызметін атқарады.

Ашық сабақ Paint графикалық редакторы 7-сыныпБелгілеу құралы, суреттің тік төртбұрышты үзіндісін таңдау

қызметін атқарады.

Ашық сабақ Paint графикалық редакторы 7-сыныпӨшіргіш/түрлі түсті өшіргіш, бұл суреттің белгілі бір

бөліктерін өшіруге арналған құрал.

Ашық сабақ Paint графикалық редакторы 7-сыныпҚұю (Заливка) құралы, бұл тұйық контурдың ішін кескін

немесе фон түсін бояйды.

Ашық сабақ Paint графикалық редакторы 7-сыныпТүс таңдау құралы, бұл кескіннің немесе фон түсін, суреттің

кез келген нүктесінің түсіне өзгертеді.

Ашық сабақ Paint графикалық редакторы 7-сыныпМасштаб құралы, бұл суреттердің жеке үзінділерін үлкейтіп,

кішірейтуге мүмкіндік береді.

Ашық сабақ Paint графикалық редакторы 7-сыныпҚарындаш құралы, кез-келген сызықты әр түрлі жуандықта

сызуға арналған.

Ашық сабақ Paint графикалық редакторы 7-сыныпКисть, ерікті сызықтарды салуға арналған. Кистінің қажетті

түрін таңдап алуға болады.

Ашық сабақ Paint графикалық редакторы 7-сыныпБүріккіш құралы, пульверизатор эффектісіне жетуге мүмкіндік

береді.

Ашық сабақ Paint графикалық редакторы 7-сыныпЖазу, бұл сурет ішіне мәтін орналастырады.

Ашық сабақ Paint графикалық редакторы 7-сыныпСызық, түзу сызықтар салуға арналған.

Ашық сабақ Paint графикалық редакторы 7-сыныпҚисық, тегістелген сызықтар салуға мүмкіндік береді.

Ашық сабақ Paint графикалық редакторы 7-сыныпТік төртбұрыш, тік төртбұрыштар салуға арналған.

Ашық сабақ Paint графикалық редакторы 7-сыныпКөпбұрыш, ерікті пішінді тұйық көпбұрыштар салады.

Ашық сабақ Paint графикалық редакторы 7-сыныпЭллипс, шеңбер және эллипс салуға арналған құрал.

Ашық сабақ Paint графикалық редакторы 7-сыныпБұрыштары дөңгеленген тік төртбұрыш. Бұрыштары

дөңгеленген квадраттар мен тік төртбұрыштар салуға мүмкіндік

береді.

2.Сызықтың қалыңдығын, кисть түрін немесе төртбұрыштың типін тағайындау.

Мұны құралдар тақтасының тура астыңғы жағындағы арнайы аймақта жасауға болады. Сызықтардың қалыңдығын бірден бастап, бес нүктеге дейін салуға болады және кисттің, төртбұрыштың бірнеше түрлерін пайдалануға болады.

Ашық сабақ Paint графикалық редакторы 7-сынып

3.Кескіннің түсін таңдау.

Сурет салатын түсті таңдау үшін, палитрадағы қажетті түстің төртбұрышына тышқан нұсқағышын орналастырып, сол жақ батырмасын басыңдар.

Ашық сабақ Paint графикалық редакторы 7-сынып

4.Фонның түсін таңдау.

Фонның түсін таңдау үшін, палитрадағы қажетті түске тышқан нұсқағышын орналасьырып, оң жақ батырмасын шертіңдер. Бұл саты фонды пайдаланып объектілер жасайтын құралдармен жұмыс істегенде қажет (тік төртбұрыш, көпбұрыш, эллипс, дөңгеленген көпбұрыш).

Ашық сабақ Paint графикалық редакторы 7-сынып

5.Ал, енді сурет саламыз.

Сурет салуға қажетті қандай да бір құралды таңдау үшін, келесі әрекеттерді орындау керек:

  1. Сурет салуға қажетті құралды таңдап, оған тышқанның нұсқағышын орнатып, оны шертіңдер.

  2. Палитрадағы қажетті түстің төртбұрышына тышқан нұсқағышын орналастырып, сол жақ батырмасын шертіңдер.

  3. Нұсқағышты сурет салатын орынға жылжытып апарыңдар.

  4. Тышқан батырмасын басып тұрып нұсқағышты қажетті бағытта тасымалдаңдар.

  5. Суретті салып болған соң, тышқанның батырмасын жіберіңдер.

IV. Практикалық жұмыс.

Жаңа тақырып бойынша тапсырмалар орындайық.

Жұмбақтар шешеміз:

Жаңбыр жауса нөсерлеп,
Әрі - сәрі болмаймын.
Алып жүрсең қолыңа,
Су болудан қорғаймын
(Қолшатыр)
Қақаған қыста,
Өседі тыста.
Өзгертпей өңін,
Сақтауға ұста. (Шырша)


Күндіз кірер «інге»,
Жұрт қалады білмей.
Шығады тек түнде,
Болам дейді күндей. (Ай)


Көктем сайын жайқалып,
Жаңбыр суын ішемін.
Күз болғанда сарғайып,
Қурап - қурап түсем (Жапырақ)

Ұзынды - қысқа қос тіл,

Он екі фицрмен дос бұл

(сағат)

V. Сабақты бекіту.

1.Paint редакторының терезе элементтерін, арнайы параққа толтыру.

Ашық сабақ Paint графикалық редакторы 7-сынып

Рефлексия.
1. Бүгінгі сабақта Paint туралы не білдіңіздер?
2. Сіздерді графикалық редактордың қандай ерекшелігі таңқалдырды?
Сөйлемді аяқтаңдар:
• Бүгінгі сабақта маған …………… қызықты болды.
• Бүгінгі сабақта маған …………… ұнады.
• Бүгінгі сабақта маған…………… қиын болды.
• Бүгін сабақта мен………………… үйрендім.
• Бүгінгі сабақ маған ……………… көрсетті.
• Болашақта мен ………………………

VI. Үй тапсырмасы.

  1. §22оқу, 117-120 бет.

  2. Paint графикалық редакторының құралдарының қайсысы қандай міндет атқаратынын жатқа айту.

  3. «Қыс» тақырыбына композиция ойластырып келу.

VІІ. Бағалау.


© 2010-2022