5 сыныпқа сабақ жоспары Paint графикалық редакторы

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

5 сыныпқа сабақ жоспары Paint графикалық редакторы5 сыныпқа сабақ жоспары Paint графикалық редакторы5 сыныпқа сабақ жоспары Paint графикалық редакторы5 сыныпқа сабақ жоспары Paint графикалық редакторыСыныбы: 5

Күні: Пәні: Информатика Пән мұғалімі: Сапашева Е.

Сабақтың тақырыбы:

Paint графикалық редакторы. Суретті салу, сақтау және ашу

Сілтеме

Оқулық Информатика 5-сынып Е.А.Вьюшкова, Н.В.Параскун, Б.Қ.Әбенов Астана: «Арман-ПВ» 2014 жыл

Мақсаты:

  • Paint графиктік редакторын іске қосу жолдарын, редактордың міндеті, құрылымы және мүмкіндіктерін меңгерту;

  • Ойлау, есте сақтау, қызығушылық қабілеттерін дамытып, топта жұмыс істеу дағдыларын мен өзара және өзін-өзі бағалауға дағдыландыру;

  • Іскерлікке, өзін - өзі басқаруға, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Күтілетін нәтиже:

  • Редакторды іске қосу жолдарын біледі;

  • Редактордың терезе элементтерінің атауын біледі;

  • Жұмыс аймағының өлшемін реттей алады;

  • Меню командаларымен жұмыс істей алады (құралдар тақтасы мен палитраны өшіріп қосуды);

  • Графиктік файлдардың типтерін біледі;

  • Редактордың мүмкіндіктерін біледі;

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ

Негізгі дереккөздер:

Оқулық, интерактивті тақта, компьютер, плакат, интернет материалдары, таратпа материалдар, көңіл күй дидары, топ ережесі, бағалау дискрипторлары мен бағалау парағы

Әдіс -тәсілдер:

Диалог, топтық жұмыс, сын тұрғысынан ойлау, ББҮ тұртіп алу стратегиясы, жуан және жіңішке сұрақтар, деңгейліктапсырмлар, кубизм әдісі, талдау, қорыту, формативті бағалау

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

- Оқушылармен сәлемдесу;

- Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;

- Оқушыларды топқа бөлу (әннің жолдарын құрастыру арқылы), топ ережесін басшылыққа алу;

- Жағымды психологиялық ахуал туғызу; (құрған топтары бойынша құрастырған әндерін шырқау)

ІІ. Ой қозғау


«Сиқырлы сандық»

«Ақпарат», «Компьютер», «Операциялық жүйе» ұяшықтары бойынша сұрақтар қойылады

«Ақпарат» ұяшығы

  1. Ақпараттың қандай түрлері бар және оларды біз қалай қабылдаймыз?

  2. Компьютерде ақпаратпен қандай әрекеттер атқарамыз?

  3. Ақпарттың өлшем бірліктерін атаңдар

  4. «Жаңа жыл құтты болсын!» хабарламасында қанша байт, қанша бит бар?

«Компьютер»

  1. Компьютер деген не, оның қандай мүмкіндіктері бар?

  2. Компьютердің түрлерін атаңдар (кішкентайынан үлкенінне дейін)

  3. Компьютер құрылғыларын қалай топтауға болады?

  4. Жүйелік блоктың құрылымы қандай ?

«Операциялық жүйе»

  1. Программалық жабыдықтаманың түрлеріне тоқталыңдар.

  2. Жұмыс үстелінде қандай элементтер орналасады және сипаттамасы

  3. Терезе деген не және оның түрлері

  4. Файл, бума, жарлықтардың ерекшеліктері қандай, қалай құрылады?

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

ІІІ. Қызығушылықты ояту

Жуан және жіңішке сұрақтар

Петроглифтер дегеніміз не?

Ежелгі адамдар дүниеге деген көзқарасын қалай білдірген?

Қандай суреттер салған?

Уақыт өте келе адамдар суреттғерді қайда салған?

Қазіргі таңда техниканың дамуына байланысты суреттерді қайда салуымыз мүмкін?

Компьютерде суреттерді салу үшін қандай бағдарлама қажет?

Жуан және жіңішке сұрақтар бойынша жауап береді, ойларын айтады

ІV. Мағынаны тану

  • Жаңа сабақ бойынша қысқаша түсіндіру.

  • Редакторды терезесін интерактивті тақтада көрсетіп, топтарға тапсырмалар беру

  • 1-топқа: «Редактордың мүмкіндігі мен іске қосу жолдары»,

  • 2-топқа: «Редактордың құрылымы мен міндеті» туралы оқулық пен интернет материалдарын пайдана отырып білу ұсынылады.

  • 3-топқа: «Суретті салу, сақтау және ашу әдістері»

  • «ББҮ» түртіп алу стратегиясын қолдану

  • Оқушылар бүгінгі күнді және тақырыпты дәптерлеріне жазып қояды.

  • Оқушылар берілген тапсырма бойынша топта талқылайды, пікірлеседі, ойларын постерге түсіреді

  • Постерлерін қорғайды, пікір алмасады, топтар бірін-бірі толықтырады.

  • Оқушылар дәптерлерінде ББҮ бойынша кестенің «Білдім» деген бағанын толтырады


Компьютерде практикалық тапсырмалар

І-деңгей

№1 тапсырма.

  1. Paint бағдарламасын іске қосыңыздар.

  2. Сызық құралын қолдана отырып жайра суретін салыңдар, әр түрлі түсті қолданыңдар

5 сыныпқа сабақ жоспары Paint графикалық редакторыҮсті-басы ине

Бұл не деген бейне.

Кірпіге ұқсас заты,

Жайра оның аты.

ІІ-деңгей

Эллипс және қисық сызық құралын пайдаланып МОНАДА суретін салыңдар.


ІІІ-деңгей

  1. Paint бағдарламасын іске қосыңыздар

  2. Эллипс құралын пайдаланып мына суретті салыңыздар

  3. Суретті өз қалауларың бойынша бояңыздар

  4. Суретке "Бейне" атын беріп сақтаңыздар.

5 сыныпқа сабақ жоспары Paint графикалық редакторы


Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды компьютерде орындайды

Сергіту сәті.

Қолдарыңды көтеріңдер - бір дейік.

Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік.

Қолды создық, басты бұрдық - екі деп,

Қозғалыспен әрбір адам жетіледі.

Алға, артқа қарадық та - үш дедік.

Тағы жаңа жаттығулар істедік.

Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып,

Отырайық көңілді енді марқайтып.


V. Ойтолғаныс

Кубизм әдісі

1.Paint қандай редактор? (Сипатта)

2. Қолдан салынған сурет пен редакторда салынған суреттің айырмашылығы неде? (Салыстыр)
3. Paint редакторын қайда қолдануға болады деп ойлайсың? (Ұсын)
4. Paint редакторында салынған суреттің кемшіліктері бола ма? (Дәлелде)
4. Paint редакторының бізге қажеттілігі барма? (талда)
5. Paint редакторына түйін жасаңдар

Кубизм әдісі бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді, салыстырады, талдайды, дәлелдейді, түйіндейді.

VІ. «Бағалау»


Мына критерийлер арқылы бағалау ұсынылады.

  • Редакторды іске қосу жолдарын білемін - 1 балл;

  • Редактордың терезе элементтерінің атауын білемін - 1 балл;

  • Сурет пішімдерінің ерекшеліктерін ажырата аламын - 1 балл;

  • Меню командаларымен жұмыс істей аламын - 1 балл;

  • Редактордың мүмкіндіктерін қолдана аламын - 1 балл;

  • Жиыны 5 балл.

Өзін-өзі бағалау парағы

Бағалау парағындағы бағаларына қарай қорытынды бағалау

Берілген критерийлер бойынша баллдарын есептеп, оны

«5 баллдық» жүйеге ауыстырып өзін-өзі бағалайды.

1-2 балл - «2»

3 балл - «3»

4 балл - «4»

5 балл - «5»

Рефлексия

Оқушыларға кері байланыс жасау үшін түрлі-түсті стикерлер таратады.

Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын көңіл күй дидарына іледі.

Үйге тапсырма.

§14. Суретті салу, сақтау және ашу.

Өткен тақырыптарды қатыстыра отырып, сөзжұбақ, ребус құрастыру

Дарынды оқушылар: «Графикалық редакторлар» тақырыбына реферат дайындайды



© 2010-2022