Графиктер мен диаграммалар құру дәріс

Раздел Информатика
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Дәріс

Пән: Операциялық жүйелер және жүйелік қамтамасыздандыру

Курс тақырыбы: № 8.3 тақырып Кестелік процессор

Сабақтың тақырыбы: № 14 Графиктер мен диаграммалар құру.

  1. Excel - де диаграммалар тұрғызу.

  2. Диаграмманы түзету.

  3. Диаграмманы безендіру

  4. Диаграмманы редакциялау

Excel программасындағы диаграмма термині сандық мәліметтердің графиктік түрде бейнеленуінің барлық жағын қамтиды. Графиктік бейнелеу берілген мәліметтер қатары негізінде құрылады. Берілген мәліметтері бар жеке алынған жол немесе бағаннан тұратын ұяшықтар тобы мәліметтер қатарын құрайды. Бір диаграммада бірнеше мәліметтер қатарын бейнелеуге болады.

ДГрафиктер мен диаграммалар құру дәрісиаграмма деп жұмыс кітабының бір парағына енгізілген графиктік объектіні айтады. Ол мәліметтер тұрған парақта немесе кез-келген басқа парақта орналасуы мүмкін. Диаграмма өзі тұрғызылған мәліметтермен әрқашан тығыз байланыста болады. Егер бұл мәліметтер жаңартылатын болса, диаграмма да автоматты түрде соған сәйкес өзгереді.

Диаграмманы тұрғызу үшін Диаграмма шебері (Мастер диаграмм) қолданылады. Ол Стандартты аспаптар панелінде орналасқан. Диаграмма шебері Графиктер мен диаграммалар құру дәріс батырмасының көмегімен іске қосылады. Әдетте диаграмманы тұрғызар алдында мәлімттер орналасқан аймақты ерекшелеп алады немесе бұл мәліметтерді Диаграмма шеберінің жұмыс барысында да енгізуге болады.Диаграмманың түрін таңдап алу. Диаграмма шеберінің жұмыс барысының алғашқы сатысында диаграмманың түрін таңдап алуымыз қажет (8.1-сурет). Стандартты қыстырмасындағы Түр(Вид) тізімін диаграмманың қолда бар түрлері көрсетілген. Таңдап алынған түр үшін терезенің оң жағында мәліметтердің көрсетілуінің түрлі нұсқалары бейнеленген. Соның ішінен өзімізге қолайлысын таңдауымыз қажет. Стандартты емес қыстырмасында пішімделген, толығымен қалыптасқан диаграмма түрлері бейнеленген. Диаграманың түрін таңдап алынғаннан кейін Ары қарай (Далее) батырмасын басамыз.

Мәліметтерді таңдап алу. Диаграмма шебері (Мастер диаграмм) жұмысының екінші сатысы диаграмма тұрғызылатын мәліметтерді таңдап алудан басталады.

Егер мәліметттер ауқымы алдын-ала берілген болса, Диаграмма шебері терезесінің жоғарғы бөлігінде орналасқан алдын-ала қарап шығу аймағында тұрғызылатын диаграмманың жуық бейнесі пайда болады (8,2-сурет). Егер мәліметтер бірегей тік төртбұрышты ауқымды қамтитын болса, ондаа оны Мәліметтер ауқымы (Диапазон данных) қыстырмасы бойынша таңдап алған қолайлы. Егер мәліметтер бірегей топтан емес, жеке қатарлардан тұрса, онда мәліметтерді Қатар (Ряд) қыстырмасы бойынша енгізген дұрыс.

Графиктер мен диаграммалар құру дәріс


8.2-сурет. Диаграмалар шебері (4-тен 2 қадам): диаграмма мәліметтерінің көзі терезесі.

Диаграмманы безендіру

Диаграмма шеберінің жұмысының үшінші сатысы (Ары қарай батырмасын шерту арқылы алынады) диаграмманы безендіруден тұрады (8.3-сурет). Диаграмма шебері терезесінің қыстырмаларына төмендегі параметрлер енгізіледі:

  • диаграмманың аты, осьтерінің атаулары (Тақырыптары(Заголовки) қыстырмасында);

  • координаттық осьтердің кескінделуі мен белгіленуі (Осьтер қыстырмасында);

  • координата осьтеріне параллель тор сызықтардың кескінделуі (Тор сызықтар(Линии сетки) қыстырмасында);

  • тұрғызылған осьтердің сипаттамасы (Атаунама(Легенда) қыстырмасында);

  • Графиктегі мәліметтердің жеке элементтеріне сәйкес келетін атауларды бейнелеу (Мәліметтер қолтаңбасы(Подписи данных) қыстырмасында);

  • Графикті тұрғызуда пайдаланылған мәліметтерді кесте түрінде көрсету (Мәліметтер кестесі(Таблица данных) қыстырмасында).

Графиктер мен диаграммалар құру дәріс




8.3-сурет. Диаграмалар шебері (4-тен 3 қадам): диаграмма параметрлері терезесі.

Диаграмманы орналасmыру . Ары қарай(Далее) батырмасын шерту арқылы Диаграмма шебері жұмысының соңғы сатысына көшеміз. Бұл терезеде диаграмманы жаңапараққа немесе бұрынғы жұмыс парақтарының біреуіне орналастыратынымыз жайлы сәйкес өрістердің біреуіне жауап береміз. Дайын (Готово) батырмасын шертіп, өзіміз көрсеткен паракта орналасқан дайын диаграмманы аламыз.

Диаграмманы редакциялау

ДГрафиктер мен диаграммалар құру дәрісайын болған диаграмманы түзетуге болады. Ол келесідей элементтердің жиынтығынан тұрады: тақырыбы, координаттық осьтер, тор сызықтары, тұрғызу аймағы, маркерлері, сандық мәліметтері және т.б. Диаграмманың кез-келген элементін тышқанның көмегімен ерекшелеп алып, параметрлерін өзгертуге болады. Пішім(Формат) командасының көмегімен ашылған терезеде диаграмманы пішімдеуге болады. Диаграмманы өшіру үшін Delete пернесін басамыз немесе диаграмма орналасқан жұмыс парағын алып тастау керек (Түзету(Правка) ► Тазарту(Очистка)).




Оқытушы __________ Дүйсембекова А.Н.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

I. Ұйымдастыру кезеңі

а) Дәрісхананың гигиеналық тазалығын тексеру;

ә) Интерактивті тақтаны қосып, сабаққа дайындау

б) Студенттерді түгендеу;

д) Кезекшілерден үйге не берілгендігі жөнінде сұрау

в) Студенттердің сабаққа дайындығын тексеру;

г) Сабақтың мақсатымен, барысымен таныстыру.

Сәлеметсіздер ме! Отырыңыздар! Кім кезекші? Сабақта кім жоқ? Үйге не берілді? Дәптерлеріңізді ашып, бүгінгі күнді және сабақтың тақырыбын жазып алыңыздар:


Курс тақырыбы: № 8.3 тақырып Кестелік процессор

Сабақтың тақырыбы: № 14 Графиктер мен диаграммалар құру. (1 слайд)

Бүгінгі сабағымыздың мақсаты: (2 слайд)

Графиктер мен диаграммалар құру дәріс

ІІ. Үй жұмысын сұрау

Топтан үй жұмысын сұрауда тапсырмаларды оқушылар жеке, жұптық, топтық түрде орындайды.

Фронтальды сұрақтар: (слайд 3)

  1. Электронды кестенің ұяшығына …… енгізуге болады?
    2. Excel - дің қызметі қандай?
    3. Ұяшықтардың абсолют немесе салыстырмалы сілтемелері не үшін қолданылады?
    4. Excel ұяшықтарындағы мәліметтердің орнын ауыстыру және оларды көшіру операциялары қалай ерекшеленеді?
    5. Excel - дің жұмыс кітабы дегенді қалай түсінеміз?
    6. Excel - де жаңа құжатты қалай құрамыз?


Тапсырмалар №1

Excel программасын іске қосу тәсілдерін көрсетіңіз? (слайд 4)

Жауабы: (слайд 5)

Графиктер мен диаграммалар құру дәріс



Тапсырмалар №2

Excel программасының терезелерін көрсетіп атаңыз. (слайд 6)

Жауабы: (слайд 7)

Графиктер мен диаграммалар құру дәріс


Тапсырмалар №3

Excel терезесінің негізгі элементтері (терминмен жұмыс) (слайд 8)

Жауабы: (слайд 8)

Графиктер мен диаграммалар құру дәріс


Тапсырмалар №4 (слайд 9)

  1. А1:Ғ9 аралығын белгілеңіз.

  2. Қатар орналаспаған С7:D9, E5:F11, D13:E15 аралықтарын белгілеңіз.

  3. 5-ші қатарды белгілеңіз.

  4. Белгілеуді алып тастаңыз.

  5. Ғ бағанасын белгілеңіз.

  6. А2:Е17 аралығын тінтуір көмегімен белгілеңіз.

  7. А, В, С бағаналарын белгілеңіз.

  8. С4:Ғ10 аралығын пернелердің көмегімен белгілеңіз.

  9. Жұмыс парағын белгілеңіз


ІІІ Жаңа сабақ. (слайд 10- 20)

Курс тақырыбы: № 8.3 тақырып Кестелік процессор

Сабақтың тақырыбы: № 14 Графиктер мен диаграммалар құру.

Бүгінгі сабағымыз «Кестелік процессор» курс тақырыбына графиктер мен диаграммаларды құруды үйренеміз. (слайд 10)

Жоспар:

  • Excel - де диаграммалар тұрғызу.

  • Диаграмманы түзету.

  • Диаграмманы безендіру

  • Диаграмманы редакциялау

Жаңа сабақты түсіндіруде қолданылған слайдтар тізімі: (№11-20)

Графиктер мен диаграммалар құру дәріс

Тәжірибелік тапсырма орындау топпен бірлесе отырып: (слайд 21)

Графиктер мен диаграммалар құру дәріс


ІV. Сабақты бекіту

Сабақты бекітуде берілген топ 3 топқа бөлінеді, әр топқа жекелей тапсырмалар беріледі, әр тапсырманы топтан бір оқушы орындау керек. Әрбір топқа берілеген тапсырманың өзі ішінде бірнешеге бөлінеді.

Сұрақ - жауап (слайд 22 )

  1. Excel-де диаграммаларды неше жолмен құруға болады.

  2. Excel диаграммасының негізгі түрлерін ата.

  3. Excel диаграммасының құрылу ретін ата.

  4. Диаграмманың негізгі элементтерін ата.

  5. Диаграмма типтерін ата

  6. Тақырып не үшін қажет?

Тапсырма «Диаграмма тұрғызу (сынып ретингісін құру)» (слайд 24)

Графиктер мен диаграммалар құру дәріс

Ескерту: Слайдтың көрсетілуі барысында әрбір доп үш реттен тышқан көмегімен шертіледі. 1-ші сұрақ пайда болады, 2-ші сұрақ жойылады, 3-ші доп қақпаға енеді.

Сөз жұмбақ шешеу «Графика» (слайд 25)

Графиктер мен диаграммалар құру дәріс


V. Сабақты қорытындылау, студенттерді бағалау


VІ. Үйге тапсырма беру (слайд 26)

  1. EXCEL-дің графикалық мүмкіндіктері.

  2. Үйден кесте жасап келу. (Кестені келесі сабақта компьютерге түсіреді.)

  3. Е.Қ.Балапанов, Информатика-дан 30 сабақ, 319-325 бет, қайталау


Сау болыңыздар!!!


Оқытушы __________ Дүйсембекова А.Н.

Тапсырма: Excel бағдарламасында тиісті амалдарды орындап, торкөздерді толтырыңыздар.

Х

У

Z

Х+У

У+ Z

Z+ Х

Кіші мән

Х/У

(Х+У)- Z-( Z+У)

40

47

50







20

85

64







13

25

66







33

66

23







32

55

21








Тапсырма: Excel бағдарламасында тиісті амалдарды орындап, торкөздерді толтырыңыздар.

Х

У

Z

Х+У

У+ Z

Z+ Х

Кіші мән

Х/У

(Х+У)- Z-( Z+У)

40

47

50







20

85

64







13

25

66







33

66

23







32

55

21








Тапсырма: Excel бағдарламасында тиісті амалдарды орындап, торкөздерді толтырыңыздар.

Х

У

Z

Х+У

У+ Z

Z+ Х

Кіші мән

Х/У

(Х+У)- Z-( Z+У)

40

47

50







20

85

64







13

25

66







33

66

23







32

55

21








Тапсырма: Excel бағдарламасында тиісті амалдарды орындап, торкөздерді толтырыңыздар.

Х

У

Z

Х+У

У+ Z

Z+ Х

Кіші мән

Х/У

(Х+У)- Z-( Z+У)

40

47

50







20

85

64







13

25

66







33

66

23







32

55

21








Тапсырма: Excel бағдарламасында тиісті амалдарды орындап, торкөздерді толтырыңыздар.

Х

У

Z

Х+У

У+ Z

Z+ Х

Кіші мән

Х/У

(Х+У)- Z-( Z+У)

40

47

50







20

85

64







13

25

66







33

66

23







32

55

21








Тапсырма: Excel бағдарламасында тиісті амалдарды орындап, торкөздерді толтырыңыздар.

Х

У

Z

Х+У

У+ Z

Z+ Х

Кіші мән

Х/У

(Х+У)- Z-( Z+У)

40

47

50







20

85

64







13

25

66







33

66

23







32

55

21








Тапсырма: Excel бағдарламасында тиісті амалдарды орындап, торкөздерді толтырыңыздар.

Х

У

Z

Х+У

У+ Z

Z+ Х

Кіші мән

Х/У

(Х+У)- Z-( Z+У)

40

47

50







20

85

64







13

25

66







33

66

23







32

55

21








© 2010-2022