Алгоритмдер. Алгоритм қасиеттері (9-сынып)

Тақырыбы: Алгоритмдер Мақсаты:   Алгоритмдер мен олардың қасиеттері мен жазылуы туралы білім меңгерту. Міндеттері:   алгоритм ұғымының шығу тарихын білу; «алгоритм» ұғымын білу; алгоритмнің негізгі қасиеттері мен олардың жазылуын білу. Күтілетін нәтиже:   Алгоритм ұғымын, оның шығу тарихын біледі, оның қасиеттері мен жазылуын біледі, алған білімдерін өмірде қолдана алады. Әдістері:«Жылы сезімдер» тренинг «Мозайка» «Веер» «Тұжырымдамалық карта» Топтық жұмыс «Фишбоун» «Кубизм» «Креативті матрица»   «Екі жұлдыз, бір тілек» кері байланыс Көрнекі құралдар: Слайд, постерлер, стикерлер, маркерлер,   А4 форматты қағаз, бағалау парақшалары, 
Раздел Информатика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Информатика Пән мұғалімі: Татибеков Нурман Андабекович

Сабақтың тақырыбы: Алгоритмдер

Сыныбы: 9

Мақсаты:

Алгоритмдер мен олардың қасиеттері мен жазылуы туралы білім меңгерту.


Міндеттері:

  • алгоритм ұғымының шығу тарихын білу;

  • «алгоритм» ұғымын білу;

  • алгоритмнің негізгі қасиеттері мен олардың жазылуын білу.


Күтілетін нәтиже:

Алгоритм ұғымын, оның шығу тарихын біледі, оның қасиеттері мен жазылуын біледі, алған білімдерін өмірде қолдана алады.

Әдістері: «Жылы сезімдер» тренинг

«Мозайка»

«Веер»

«Тұжырымдама-лық карта»

Топтық жұмыс

«Фишбоун»

«Кубизм»

«Креативті матрица»

«Екі жұлдыз, бір тілек» кері байланыс

Көрнекі құралдар:

Слайд, постерлер, стикерлер, маркерлер,

А4 форматты қағаз, бағалау парақшалары,

Сабақтың кезеңдері

Әдіс-тәсілдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Модульдердің қамтылуы

I. Ұйымдастырукезеңі



«Жылы сезімдер»

тренинг

«Мозайка» әдісі арқылы топқа бөлу

Бір-бірлерінің көңіл-күйлерін сұрауды өтіну.

Оқушыларды мозайка бөліктерін құрастыру арқылы «Алгоритм» және «Блок-схема» топтарына бөлдім.

Олардың бір-бірінен сұрау арқылы көңіл-күйлері жақсы екені байқалды.

Оқушылар мозайка бөліктерін құрастыру арқылы «Алгоритм» және «Блок-схема» топтарына бөлінді.

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану

Талантты және дарынды балаларды оқыту

Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту

Оқытудағы басқару мен көшбасшылық


ІІ. Білу


«Веер»

Өткен тақырыпқа тапсырмалар беру.

Оқушылар веер парақшаларына төрт сұрақтан жазып, келесі топпен сұрақтармен алмасып, сұрақтарға жауап жазады.

III. Түсіну


«Тұжырымдамалық карта»

Жаңа тақырыпқа байланысты «Алгоритм», «Блок-схема», «Алгоритм қасиеттері» ұғымдары бар постер беріледі.


Топпен жұмыс жасай отырып, аталған үш ұғымның мағынасын ашып, олардың бір-бірімен байланысын көрсетіп, түсіндіреді.

IV. Қолдану


Топпен жұмыс

Тапсырма беру.

Оқушылар өмірде кездесетін, жиі қолданатын алгоритмдерді суреттеу (сурет салу) арқылы жеткізеді.

V. Талдау


«Фишбоун»

(Балық сүйегі)

Алгоритмдер. Алгоритм қасиеттері (9-сынып)Балық сұйектерінінің жоғарғы бөлігіне жаңа сабаққа байланысты проблемалық сұрақтар жазып таратамын.

Берілген проблемалық сұрақтарға жауаптар жазады.

VІ. Жинақтау


«Кубизм»

Кубиктің 6 жағына оқушыларды проблемалық жағдайды шешуге бақытталған «Суретте», «Талқыла», «Зертте», «Қолдан», «Есепте», «Елестет» деген сөздерді қойдым.

Оқушылар кубикті лақтырып, өздеріне түскен проблемалық сөзді топ ішінде талқылай отырып жауап беріп отырады.

VІІ. Бағалау

(4 минут)

«Креативті матрица»

Белгілі бір мәселеге негізделген болжалды сценарийлері бар матрица беремін.

Оқушылар үстіңгі әрбір қатардан өмірде болуы мүмкін немесе мүмкін емес нұсқаны таңдап алады.

VІІІ. Қорытынды


«Екі жұлдыз, бір тілек» кері байланыс

Стикерді таратып, өз ойларын жазуды тапсырады

Үйге тапсырма:

№1. 10:2+5=10 және

(40-20)*(6:3)=40 мысалдарына алгоритм құру.
№2.Өз ойларыңнан мысалдар келтіріп, алгоритм құру.

Бағалау. Бағалау парағы бойынша.

Сабақтың қай жері ұнағанын, қай жеріне өзгеріс енгізуді ұсынады.

Қосымшалар:

№1-қосымша. «Веер» әдісі:

  1. Информатика кабинетіндегі жалпы қауіпсіздік талаптары қандай?

  2. ДК-де жұмыс істер алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары?

  3. ДК-мен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары?

  4. Апаттық жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары қандай?

  5. ДК-де жұмысты аяқтау кезіндегі қауіпсіздік талаптары?

  6. Алғашқы медициналық көмек көрсету әдістері қандай?

  7. Көз талғанда орындалатын жаттығулар?

  8. Қол талғанда орындалатын жаттығулар?

№2-қосымша. «Тұжырымдамалық карта» әдісі

Алгоритмдер. Алгоритм қасиеттері (9-сынып)

Алгоритм - берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру. «Алгоритм» ұғымы атақты араб математигі Әбу Жафар Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми есімінің латынша атауы Algorithmi болып жазылуынан шыққан.

Алгоритм қасиеттері:

  1. алгоритмнің айқын, дәл өрнектелу қасиеті - алгоритм анық әрі дәл өрнектелуі тиіс;

  2. алгоритмнің үзіктілік қасиеті - оның модульдік (бөлікке бөліну) қасиеті, яғни алгоритмді кішкене бөліктерге бөлу мүмкіндігі болуы қажет;

  3. алгоритмнің нәтижелілік қасиеті - алгоритм шектеулі уақытта нәтиже беруі тиіс, яғни алгоритм қадамдарының саны шексіз болмауы керек;

  4. алгоритмнің жалпыламалық немесе ортақтық қасиеті - бір тектес есептерге жалпы бір ғана алоритм қолданылуы тиіс.

  5. алгоритмнің формальды орындау қасиеті - белгілі бір орындаушыға арналып құрылуы керек.

Программа - алгоритмнің компьютерде орындалуын жүзеге асыру үшін қолданылатын бірыңғай және дәл жазуға арналған ережелер жүйесі.

Блок-схемалар - алгоритмді графикалық тілде блок-схемалар арқылы жазу - алгоритмнің құрылысын көрнекі көрсетуге мүмкіндік береді. Алгоритмнің блок-сызбасы бір-бірімен жалғастырылған геометриялық фигуралардың тізбегінен тұрады. Әрбір блок алгоритмнің белгілі бір жеке нұсқауын өрнектейді, орындалу тәртібі оларды қосатын сызықтардың бағытымен анықталады. Алгоритм блоктарының арнайы белгілері (1-кесте).

Алгоритмдер. Алгоритм қасиеттері (9-сынып)№3-қосымша. «Фишбоун» әдісі (Балық сүйегі)

  1. Алгоритм командасы деген не?

  2. Алгоритмнің формальды орындалуы дегенді қалай түсінесіңдер?

  3. Алгоритмді ұсынудың қандай тәсілдері бар?

  4. Берілген формула бойынша у-тің мәнін есептейтін алгоритм құрыңдар: y=(5x2-4)*(x3+7)

№4-қосымша. «Креативті матрица» әдісі

Проблема (Не?)


Адамдар (Кім?)


Іс-әрекет (Қалай?)


№5-қосымша. Бағалау парағы



Дескриптор

«Веер»

«Тұжырымдамалық карта»

Топтық жұмыс

«Фишбоун»

«Кубизм»

«Креативті матрица»

Жалпы ұпайы

Бағасы

Критерийлер

Жауабы толық

Жауабы толық емес

Жауабы жоқ

Тақырыпты аша алды

Түсіндіре алды

Түсіндіре алмады

Тақырыпты ашып, мысалдар келтерлі

Түсіндіре алды

Түсіндіре алмады

Ой қосып мысалдар келтірлі

Ой қосып, дәлелдер келтіре алмады

Жауап бере алмады

Жауабының барлығы дұрыс

Қатесі бар

Дұрыс емес

Қатысты, жауабы толық

Қатысты, жауабы толық емес

Қатыспады



Рубрикатор

5-4

3-2

1-0

5-4

3-2

1-0

5-4

3-2

1-0

5-4

3-2

1-0

5-4

3-2

1-0

5-4

3-2

1-0



Оқушының аты-жөні







1

Айдарбек А.









2

Берік А.









3

Елеусіз Т.









4

Емшібек Х.









5

Зиятбек Н.









6

Кәдірбай Д.









7

Махамбетова Ш.









8

Өмірбекова З.









9

Русланұлы Ш.









10

Райхан Ә.









11

Төлбай Б.









12

Шәріпбек Г.









Бағалау шкаласы:

«5» - 25-30 ұпай

«4» - 15-24 ұпай

«3» - 6-14 ұпай

«2» - 0-5 ұпай

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Б.Сапарғалиев, Н.Масалимова. Информатика. 9-сынып. Астана. «Арман-ПВ». 2013 ж.

  2. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. ІІІ (базалық) деңгей. Астана. 2013 ж.

  3. Оқыту мен оқудың белсенді әдістері. Астана. 2013 ж.


© 2010-2022