Урок 1: Блокнот Калькулятор

Раздел Информатика
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
  • ССабақтың тақырыбы: Калькулятор. Блокнот
    Сабақтың мақсаты:
    Білімділік: Блокнот және Калькулятор қолданбаларының міндеттері үйрету.
    Тәрбиелік: Жан - жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
    Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту. :
    Сабақтың түрі: Теория
    Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, электронды оқулық, жұмыс дәптері
    1. Ұйымдастыру: Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу, тексеру.
    2. Үй тапсырмасын тексеру:
    • Суретті мәтінге қосудың тәсілдері.
    • Кірістіру→Кескін және Кірістіру→Paint суреті бұйрықтары арасындағы айырмашылық неде?
    • Мәтіндегі суреттің мөлшерін қалай өзгертуге болады?
    • Суретті алмастыру буферінен мәтінге кірістіруді сипатта.
    • Суреттерді рамкаларға орналастыру.
    3. Жаңа сабақ:
    Блокнот-мәтінмен жұмыс жасауға арналған ең қарапайым программа. Оның ерекшелігі - онда әріпті немесе абзацты пішімдеу мүмкіндігі қарастырылмаған. Блокноттың қызметі - мәтінді, мәтіндік пішімде сақтау. Осының арқасында Блокнотта сақталған файл дискіде ең аз орын алады. Блокноттың басқа мәтіндік редакторлардан артықшылығы - ол өте жылдам жүктеледі. Оны іске қосу үшін мына әрекеттерді орындаймыз. Пуск - Программы - Стандартные - Блокнот. Блокнот қолданбасының терезесі. Формат-Шрифт командасы арқылы мәтінді пішімдеу әрекеттерін орындай аламыз. Файл - Сохранить как командасы арқылы құжаттарды сақтаймыз. Файлдар кеңейтілуі *txt болады. Файл - Открыть командасы арқылы сақталған құжаттарды ашамыз.

    Калькуляторды пайдалана отырып, есептеулерді жылдам орындауға және есептеу нәтижелерін басқа программаларға беруге болады. Сонымен қатар калькулятор сандық ақпаратты өңдеуге арналған. Калькуляторды іске қосу: Пуск - Программы - Стандартные - Калькулятор. Осы программаның кейбір мүмкіндіктері мен оны қолдану тәсілдерін қарастыру. Сандар мен арифметикалық амалдардың таңбаларын тышқанның көмегімен программаның терезесіндегі батырмаларды шерту арқылы немесе пернетақтадан енгіземіз.
    4. Бекіту:
    • Блокнот қолданбасының атқаратын қызметі қандай?
    • Блокнот қолданбасын қалай іске қосамыз?
    • Блокнот қолданбасында қаріп пішінін, өлшемін, түрін қалай өзгертеміз?
    • Блокнот қолданбасында құжаттарды сақтау, ашу, әрекеттері қалай орындалады?
    • Калькулятор қолданбасының атқаратын қызметі қандай?
    • Калькулятор программасының бірнеше терезесін бір уақытта ашуға бола ма?
    5. Үй тапсырмасын беру: Калькулятор. Блокнот.
    6. Бағалау: Оқушыларды бағалау.



© 2010-2022