• Преподавателю
  • Информатика
  • Сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне ауыстыру тақырыбында информатикадан 8-сыныпта сабақ жоспары

Сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне ауыстыру тақырыбында информатикадан 8-сыныпта сабақ жоспары

Раздел Информатика
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы: 8-сынып

Сабақтың тақырыбы: Сандарды бір санау жүйесінен еінші санау жүйесіне

ауыстыру

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Санау жүйелері бойынша алған білімдерін жинақтау, қорытындылау.

Дамытушылық: Өз беттерімен жұмыс жасау дағдыларын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, жауапкершілікке, достыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Білім тексеру

Сабақтың көрнекілігі мен құралдары: компьютер, интерактивті тақта, слайд, флипчарт, карточка, қағаз қиындылары

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру:

- сәлемдесу

- түгендеу

- назарларын сабаққа аудару

- №1 слайд: «Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады» Науаи (оқушыларға бір-біріне арналған жақсы лебіздерін жүрекшеге жаздырып, айтқызу)

ІІ. Білім тексеру сабағына әзірлік кезеңі:

  • №2 слайд

  • күнді, тақырыпты дәптерлеріне жаздыру

  • сабақтың мақсатын хабарлау

ІІІ. Білімдерін жан-жақты тексеру.

1-тапсырма:

№3 слайд. (тақырып бойынша жалпы сұрақтар қою)

1. Санау жүйесі дегеніміз не?

2. Санау жүйесінің топтарын ата

3. Позициялық емес санау жүйесіне мысал келтіріңдер

4. Позициялық санау жүйелерін атаңдар

5. Екілік санау жүйесінің цифрларын атаңдар

6. Оналтылық санау жүйесінің цифрларын атаңдар

7. Разряд дегеніміз не?

8. Екілік саннынң әрбір разрядын қалай атайды?

Ондық санау жүйесіндегі санды екілік санау жүйесіне қалай ауыстырамыз?

2-тапсырма: «Идеяларды тоғыстыру»

Флипчардта есептер шығару:

7810=?2 (1000101102)

4510=?2 (1011012)

8910=?8 (1318)

6110=?16 (3D16)

Магнитті тақтада есептер шығару:

4510=?8 (558)

6110=?2 (1111012)

1010112=?10 (4310)

10112=?10 (1110)

148=?10 (1210)

3-тапсырма:

Астанадан Білім министрлігінен сендерге жаңа ғана интернетпен хат келіпті, қанеки сол хатты оқиық: «Құрметті «Берел орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің 8-сынып оқушылары сендерді аталмыш мектептегі ең жақсы сынып деп естідік, сондықтан осы құттықтау хатымызды жолдап отырмыз. Біздің сенімімізді ақтайды деп ойлаймыз. 1001 0010 1010 0000 1110 0011 1010 0101 1010 1011 1110 0001 1110 1011 1010 0111 1010 0100 1110 1011 1010 1010 1001 0010 1110 1011 1010 1101 0011 0010 0011 0000 1010 0110 1110 1011 1010 1011 1010 0100 1110 1011 1010 0011 1110 1011 1010 1010 1110 0011 1001 0010 1001 0010 1110 1011 1010 0001 1010 1110 1010 1011 1110 0001 1110 1011 1010 1101» хаттың жалғасын мына сәйкестендіру естесі бойынша оқып алайық. (Тауелсыздыктын 20 жылдыгы кутты болсын)

Сәйкестендіру кестесі:

Ондық

Сегіздік

Оналтылық

Екілік

0

0

0

0000

1

1

1

0001

2

2

2

0010

3

3

3

0011

4

4

4

0100

5

5

5

0101

6

6

6

0110

7

7

7

0111

8


8

1000

9


9

1001

10


А

1010

11


В

1011

12


С

1100

13


D

1101

14


Е

1110

15


F

1111

ASCII коды арқылы ары қарай хатты оқу.

Сергіту сәті: Астана туралы слайд көрсету. «Астана - қазақстандықтардың бірлігі мен тәуелсіздігінің символы»

- олай болса бізде бұл адамдардың сенімін ақтап, оқу жылындағы барлық жетістіктерміз бен жеңістерімізді осы айтулы күнге арнайық.

4-тапсырма:

Арифметикалық амалдарға есептер шығару (карточка)

Қосу

101 1101 1010 1000 0101

+ 011 + 0110 + 0111 + 1001 + 0010

1000 10011 10001 10001 0111

Азайту

1010 1110 10111 1101

  • 101 - 0101 - 10110 - 0110

101 1001 1 0111

5-тапсырма

Флипчардтағы сөзжұмбақты шештіру «ҚАЗАҚСТАН»

IV. Сабақты қорытындылау

Флипчардта берілген сөздерді құрастыру, орнын табу, анықтама беру


Ой қорыту




Сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне ауыстыру тақырыбында информатикадан 8-сыныпта сабақ жоспары

V. Үйге тапсырма: тақырыпты қайталау, 24 беттегі 2 тапсырма

VІ. Бағалау Жұмыстары бойынша бағалау


Сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне ауыстыру тақырыбында информатикадан 8-сыныпта сабақ жоспары

8-сынып




Өткізген: Жумагулова Е.М. -

информатика пәні мұғалімі




Шығыс Қазақстан облысы


Қатонқарағай ауданы


Берел орта мектебі


© 2010-2022