Формулаларды енгізу. Абсолюттік, салыстырмалы және аралас сілтемелер. Ұяшық мазмұның көшіру

Сабақтың тақырыбы:   Формулаларды енгізу. Абсолюттік, салыстырмалы және аралас сілтемелер. Ұяшық мазмұның көшіру Сабақтың мақсаты: Білімділік:        Деректерді өңдеу формулалары, деректердің орнын ауыстыру және көшірмелеу  туралы білімдерін  қалыптастыру; Тәрбиелік:                Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу; Дамытушылық:      Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін  дамыту.  Пәнге деген қызығушылығын арттыру. Сабақ түрі:     Практикум элементтерінің көмегім...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Сабақтың тақырыбы: Формулаларды енгізу. Абсолюттік, салыстырмалы және аралас сілтемелер. Ұяшық мазмұның көшіру

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Деректерді өңдеу формулалары, деректердің орнын ауыстыру және көшірмелеу туралы білімдерін қалыптастыру;

Тәрбиелік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақ түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялар, баяндау арқылы түсіндіру.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютерлер, үлестірме қағаздар, интерактивті тақта.

Сабақтың өту барысы:

І-кезең (7 мин)

І. Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу, сыныпты сабаққа дайындау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 8.2 тақырып. MS Excel-ге берілгендерді енгізу және редакциялау.

а) Оқушыларға семантикалық карта таратып беремін.

ә) Сұрақтарға жауап беру (слайд 8).

Семантикалық карта (дұрыс жауапты «+» белгісімен бересіз)

Жауаптары

Кез келген электронды кестенің ұяшығына мына ақпараттарды енгізуге болады.

Сан


Бейнелік


Мәтіндік


Сурет


Формула



Жауаптары

27

=A5+B5*C5

-55.99 немесе

а 55,99

Сан




Формула




Мәтін





Жауаптары

Берілгендерді редакциялау үшін: 2 әдісі

Ұяшықты белгілеп, Ғ1 пернесін басу


Ұяшықты белгілеп, Ғ2 пернесін басу


Ұяшықты белгілеп, Ғ3 пернесін басу


Ұяшықты белгілеп, формула жолында редакциялау



ІІ-кезең (20-22 мин) технология бойынша синектикалық бөлім.

ІІІ. Жаңа тақырып

а) Өз бетімен жаңа тақырыпты меңгеру. (оқып шығу 5 мин) 4-топқа тақырыпшаларды бөліп, оқитын бөліктерін белгілеп беремін.

Оқушыларды 4 топқа бөліп отырғызамын. Нөмірленген 4 парақ таратып беремін.

Талқылауға арналған маңызды тақырыпшалар:

  • Функция шебері, автоқосынды;

  • Формулаларды көшіру;

  • Салыстырмалы және абсолют сілтемелер;

  • Ұяшықтағы мәліметтердің орнын ауыстыру;

ә) «Эстафета» тәсілі: Жұмыс нәтижесін мұғаліммен бірігіп талқылау.

Белгі бойынша оқушылар жаңа тақырыптан оқыған командаларын, батырма, белгілерін жазып, бір-біріне жылжытып отырады (бір-бірін қайталамауы тиіс). (4 мин)

Қай топ анық, нақты жауап бергенін анықтап, жеңімпаздарды белгілеймін. (3 мин)

Электрондық кестедегі формула - кестелік процессор аумағында орындалатын ереже бойынша жазылатын математикалық мәні.

Ұяшыққа функцияларды енгізу үшін:

  • Формула енгізетін ұяшықты белгілеу;

  • Функция батырмасын немесе вставка функций командасын орындау;

  • Функция шебері диалогтік терезесінде функция типін, содан кейін функцияны таңдау;

  • ОК батырмасын шерту.

Формулаларды көшіру:

  • Сол формуласы бар ұяшықты белгілеу;

  • Түзету (Правка) - Көшіру (Копировать) командасын шақыру немесе көшіру батырмасын шерту (ұяшық маңынан бөлік буферге енді деген үзік сызықты қоршау көрінеді);

  • Түзету - Қою (Вставить) командасын шақыру.

Салыстырмалы және абсолют сілтемелер:

  • Формуланы көшіру кезінде өзгеріске ұшырайтын сілтемелер салыстырмалы деп аталады.

  • Формуланы көшіру кезінде сілтеменің кейбір индекстері өзгермес үшін, $ символын қолданады, оны абсолют сілтемелер дейді. мыс. =CУММ($B$2:$D$2

Ұяшықтағы мәліметтердің орнын ауыстыру үшін:

  • орын ауыстыратын ұяшықты белгілеу;

  • түзету - Қиып алу (Вырезать) командасын шақыру немесе қиып алу батырмасын шерту;

  • бөлік қойылатын ұяшықты белгілеу;

  • түзету - Қою (Вставить) командасын шақыру.

б) Алған жаңа теориялық білімді практика жүзінде пысықтау (Excel бағдарламасында практикалық жұмыс)

8.3 практикум. MS Excel-дегі формулалар. Интерактивті әдіспен көрсете отырып, түсірдіремін.

в) «Сұрақ-жауап» тәсілі:

Содан кейін әр топ бір-біріне 2 сұрақтан қояды, ол сұраққа оқушылар немесе мұғалім жауап береді.

IV. Практикалық жұмыс.

ІІІ-кезең. (кері байланыс) Деңгейлік тапсырмалар орындау (14 мин)

Оқушыларға компьютерде MS Excel-де деңгейлік тапсырмалар орындау ұсынылады: Деңгейлік тапсырмалар 12 балдық жүйемен бағаланады:

1-деңгей - 5 балл, бағасы «3»

2-деңгей - +4 балл = 9 балл, бағасы «4»

3-деңгей - +3 балл = 12 балл, бағасы «5»




1-деңгейлік тапсырма

Автоқосынды көмегімен бос ұяшықтарға көлденеңнен қосындыларын есептеу керек.

28

26

41

36

35

13

45

56

75

12

89

64

2-деңгейлік тапсырма

V=S/t формуласы бойынша жылдамдықты есепте.

S

120

590

78

1268






t

2

6

0,7

28






V







3-деңгейлік тапсырма


Көбейту кестесін Пифагор кестесі түрінде жасау

1

2

3

4

5

6

7

8

9


Ескерту. Кесте ұяшықтары бағандар мен жолдардың көбейтіндісі формуласымен толтырылады. Формулада абсолюттік адрестеу қолданылады

1



2



3



4



5



6



7



8


9




«Ашық журнал» (тақтада ілініп тұрады).

Ашық журнал

Информатика пәні бойынша 8 «а» сынып

Тақырып: Формуланы енгізу және көшіру


Оқушылардың аты-жөні

1-деңгей (5 балл)

2-деңгей (4 балл)

3-деңгей (3 балл)

Барлық балы

Бағасы

1







2







3







4







5












V. Сабақты қорытындылау:

Бағалау: MS Excel-де жасалған электронды журналда оқушының бағалары қорытылып шығады, диаграмма түрінде беріледі. (2 мин) Формулаларды енгізу. Абсолюттік, салыстырмалы және аралас сілтемелер. Ұяшық мазмұның көшіру

Үйге тапсырма: § 8.3. Формуланы енгізу және көшіру. (мазмұндау)

© 2010-2022