- Преподавателю
- Информатика
- Қазақстан халқы Ассамблеясы құрамына енетін халықтарға файлдар құрастыру
Қазақстан халқы Ассамблеясы құрамына енетін халықтарға файлдар құрастыру
Раздел | Информатика |
Класс | 12 класс |
Тип | Другие методич. материалы |
Автор | Ержанова Д.Ж. |
Дата | 30.01.2016 |
Формат | doc |
Изображения | Есть |
Сабақ жоспары Бекітілді:
Күні:
Пән оқытушысы
Пән атауы:
Тобы:
Мамандығы:
Сабақтың тақырыбы:
Қазақстан халқы Ассамблеясы құрамына енетін халықтарға файлдар құрастыру
Құзіреттілікті қалыптастырудағы сабақтың мақсат-міндеттері:
А) проблеманы шешу жолдары
- Дельфи бағдарламасында файл құрастыру кезеңдерін,
- Қазақстан Халқы Ассамблеясы құрамына енетін ұлттарды зерттеу,
- Қазақстан Халқы Ассамблеясы құрамына енетін ұлттардың тарихын, ұлттық салт-дәсүрлерін, мәдени мұралары мен өнерлерін,
- ұлттық аспаптары мен музыкасын,
- Қазақстан еліндегі бейбітшілік пен татулықты ұлықтау, түсіндіру.
Б) ақпараттық
Студенттердің таным белсенділігін арттыру, шығармашылық, ойлау қабілетін дамыта отырып, теориялық білімдерін практика жүзінде орындау дағдыларын шыңдау.
В) коммуникативтік
Әр ұлттың әдебиетін, мәдениетін, салт-дәстүрін құрметтеу.
Сабақ түрі:
Лекциялық сабақ
Сабақ типі:
жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақта қолданылатын технологиялар:
АКТ, жеке және топтық оқыту әдістері
Пәнаралық байланыс:
Математика, ағылшын, тарих
Оқыту құралдары:
Таратпалар
Сабақ барысы:
Оқытушы іс-әрекеті
Оқушы іс-әрекеті
Күтілетін нәтижелер
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу;
- Аудитория тазалығын қадағалау;
- Сабаққа қажетті құралдарын тексеру;
- Сабаққа назарларын аударту;
- Оқытушымен сәлемдесу;
- Аудиторияны сабаққа дайындау;
- сабаққа дайындық жасау;
- сабаққа назарларын аудару;
- Аудитория сабаққа дайын;
- Сабақ құралдары дайын;
- Оқушылар сабаққа дайын.
ІІ. Өткен материалдарды пысықтау
- сұрақтар:
Слайд арқылы 1-12 бақылау сұрақтары беріледі
- бақылау сұрақтарына жауап беру және талдау;
- есептерді тексеру;
- оқушылар өзара қателерін жөндеу;
- Тез әрі дұрыс жауап беруге үйренеді.
- Өз білімін дәлелдеуге үйренеді.
ІІІ. Жаңа материалдарды түсіндіру
- бағдарлама құрылымы, олардың жазылу үлгісін, онда қолданылатын операторлар туралы түсіндіреді;
- жоба құру жолдарын, олардың жазылу үлгісін, онда қолданылатын операторлар туралы біледі.
- Оқушылар бағдарламада жоба құруды, олардың жазылу үлгісін, онда қолданылатын операторлар туралы біледі.
ІV. Жаңа білімді меңгерту
Практикалық жұмыстар:
- Сөзжұмбақ «Ассамблея»;
- шығармашылық сайыс;
- орындауға нұсқау береді.
Сұрақтар:
- Филворд орындау;
- Бекіту сұрақтарын қояды.
- практикалық тапсырманы орындайды.
- Түсінбеген тұстарын оқытушыдан сұрайды.
- Қойылған сұрақтарға жауап береді.
- Оқушылар бағдарламаны құру жолдарын біледі.
V. Үй тапсырмасын беру
Теориялық: «Delphi 7 бағдарламалау ортасында файлдар, файлдардың қаситтері» реферат
Шығармашылық: «Шешен халқының салт - дәстүрі мен мәдениеті» тақырыбына слайд дайындау
- Үй тапсырмасын алады,
- Орындауға нұсқаулар алады.
- Үй тапсырмасын орындайды.
ІІ. Өткен материалдарды пысықтау
-
Алгоритм (Белгілі бір нәтижеге жету үшін орындалатын әрекеттердің тізбегі)
-
Блок - схема (Алгоритмді көрсетудің графикалық түрі, алгоритмнің әрбір амалы өзіне сәйкес геометриялық фигурамен жазылады)
-
Массивтің жазылуы (ARRAY)
-
а = 2sin2x Турбо Паскальда жазылуы (a:=2*sin(2*x))
-
Паскаль тілінде div және mod мағынасы (бүтін және қалдық)
-
10 div 3 өрнегінің мәні (3)
-
Векторлық массив (Бір өлшемді массив)
-
«:» амалы Паскаль тіліндегі мағынасы (меншіктеу операторы)
-
Save командасы орналасқан меню (File)
-
5 mod 2 операциясының нәтижесі (1)
-
|x|- Паскаль тілінде жазылуы (abs)
-
Таңдау операторы (case of)
ІІІ. Жаңа материалдарды түсіндіру
Ассамблея - бүкіл азаматтардың бүкілхалықтық өкілдері мүдделерінің инновациялық моделі және біздің жас демократияның табысты құралы.
Н.Ә. Назарбаев
Қазақстан халқы Ассамблеясы - 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган. Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды.
Бұл бірегей институт еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, республикадағы тұрақтылықты сақтау мен ел дамуының мақсатына айтулы үлес қосып келеді.
Ассамблея қызметінің арқасында Қазақстанда этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен қолданылатын этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Қазақстанның көпэтностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады.
Бүгінде республикада Қазақстан этностарының мәдениеттері, тілдері, дәстүрлерінің дамуына қажетті барлық жағдай жасалған. Этномәдени бірлестіктердің өзінің саны тұрақты өсуде, қазір олар 800-ден асады, оның ішінде 28-і республикалық. 15 тілде газет-журнал, 8 тілде радиобағдарламалар 7 тілде телебағдарламалар шығады. Білім беру толықтай өзбек, тәжік, ұйғыр және украин тілдерінде жүргізілетін 88 мектеп жұмыс істейді. 108 мектепте 22 этностың тілі жеке пән ретінде жүргізіледі. Осымен қатар, балалардан басқа үлкендер де 30 этнос тілдерін оқуға мүмкіндік алған 195 этно-білім беру кешендері, жексенбілік және лингвистикалық мектептер ашылды. Қазақ және орыс театрларын қоспағанда елімізде тағы төрт ұлттық - өзбек, ұйғыр, корей және неміс театрлары жұмыс істейді. Әр жыл сайын Қазақстан этностарының тілдерінде бірнеше ондаған жаңа кітаптар жарық көреді. Жыл сайынға халықтық мерекелер Наурыз, 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, масленица, сабантой дәстүрге айналды. Егер мемлекеттің қалыптасу кезеңінде басты міндет этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісім негізінде қоғамды ұйыстыру болса, ел дамуының жаңа кезеңінде, стратегиялық басымдық ретінде, қоғамның барлық азаматтары мойындаған ортақ құндылықтар мен қағидаттар жүйесіне негізделген Ұлт Бірлігіне жету болып табылады.
Файл деп дербес компьютердің сыртқы жадысының атау берілген бөлігін түсінеміз. Кез келген файлдың өзіне тән үш ерекшелігі болады. Біріншіден, файлдың атауы бар, бағдарламаға осы атауы бойынша бір мезгілде бірнеше файлмен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Екіншіден, ол бір типті компоненттерден тұрады. Файлдан басқа Object Pascal-дың кез келген типі компоненттер типі бола алады. Үшіншіден, файлдың ұзындығы жөнінде оны хабарлауда ешнәрсе айтылмайды, ол тек сыртқы жады құрылғысының көлемімен шектеледі. Файлдық типті төмендегі үш тәсілдің бірімен беруге болады:
<аты> = Ғile of <тип>;