Сабақт тақырыбы: » PAINT графикалық редакторы түстер палитрасы»

Компьютердің қолданылу аясы шектелмеген десе де болады. Компьютерлердің көмегімен күрделі әрі зиянды өндіріс үрдісін автоматты түрде басқару жүзеге асырылады, түрлі агрегаттардың үздіксіз жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі, көп рет қайталанатын амалдар орындалады, компьютерлік жаттықтырушылар көмегімен кадрларды кәсіби қайта даярлау жүргізіледі және басқа да көптеген жұмыстар атқарылады. Сол сияқты компьютер көмегімен түрлі-түрлі суреттер салуға болады. Сурет салу үшін мектеп бағдарламасында ... Жобадан күтілетін нәтиже: Жоба сабақ аяқталғаннан кейін: «Қазақ  баласы бірігіп, тізе қосып іс қылса – халықтық мақсат сонда орындалады». Жобаға дейін бағалау (Оқушылардың белсенділігі, ұйымшылдығы) Жоба кезіндегі бағалау (оқушылардың жоба барысында жасалған жұмыстарын бағалау)   Жобаға керекті материалдар Фотоаппарат, видеомагнитофон, компьютер, видеокамера, камера,DVD-ойнатқыш, сканер Баспа материалдары Оқулықтар,хрестоматия,сөздіктер, әдістемелік журналдар. Басқа қажеттіліктер Плакаттар, буклеттер, суреттер Ғаламтор ресурстары Жобаға қажетт... Сабақ барысы: І Ұйымдастыру бөлімі Оқушыларды түгелдеу. Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер! «Тапқыр достар» атты сайыс сабаққа қош келдіңіздер! «Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы - білім»,- деген екен шығыс ғұламасы Әбу-р-Райхан әл Буруни. Ендеше, сайысымыздың барысымен танысып өтейік.
Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақт тақырыбы:»PAINT графикалық редакторы түстер палитрасы»Сабақт тақырыбы:»PAINT графикалық редакторы түстер палитрасы»Сабақтың тақырыбы: PAINT графикалық редакторы түстер палитрасы

Шоринова Анар Сембиновна -Информатика пән мұғалімі

ЖББ№77МБК

Қарағанды қ.

Сабақ түрі: Жоба, сайыс сабақ

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды графиктік редактор мүмкіндігімен таныстыру, редактормен жұмыс істей білу дағдысын қалыптастыру. Оқушыларды графикалық редактор командаларымен, құралдарымен, үзінділермен жүргізілетін жұмыс түрлерімен таныстырып,редакторда жұмыс жасай білуге үйрету.

Тәрбиелік: Оқушыларды компьютерлік және басқада ақпараттық-байланыс технологияларын оқу үрдісінде қолдана білуде ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу

Дамытушылық: Шығармашылық тұлғаны қалыптастыру

Жоба сабақ туралы қысқаша мәлімет:

Компьютердің қолданылу аясы шектелмеген десе де болады. Компьютерлердің көмегімен күрделі әрі зиянды өндіріс үрдісін автоматты түрде басқару жүзеге асырылады, түрлі агрегаттардың үздіксіз жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі, көп рет қайталанатын амалдар орындалады, компьютерлік жаттықтырушылар көмегімен кадрларды кәсіби қайта даярлау жүргізіледі және басқа да көптеген жұмыстар атқарылады. Сол сияқты компьютер көмегімен түрлі-түрлі суреттер салуға болады. Сурет салу үшін мектеп бағдарламасында Paint графикалық редакторы қолданылады.

Пәнаралық байланыс:

Информатика, әдебиет, қазақ тілі,бейнелеу өнері

Класы:

7-класс оқушылары, информатика

Жоба сабағының ұзақтығы:

2 сағат, 2 апта

Жобадан күтілетін нәтиже: Жоба сабақ аяқталғаннан кейін: «Қазақ баласы бірігіп, тізе қосып іс қылса - халықтық мақсат сонда орындалады».

Жобаға дейін бағалау (Оқушылардың белсенділігі, ұйымшылдығы)

Жоба кезіндегі бағалау (оқушылардың жоба барысында жасалған жұмыстарын бағалау)

Жобаға керекті материалдар

Фотоаппарат, видеомагнитофон, компьютер, видеокамера, камера,DVD-ойнатқыш, сканер

Баспа материалдары

Оқулықтар,хрестоматия,сөздіктер, әдістемелік журналдар.

Басқа қажеттіліктер

Плакаттар, буклеттер, суреттер

Ғаламтор ресурстары

Жобаға қажетті сайттармен жұмыс жасау

Басқа ресурстар

Мұғалімдерді,ата-аналарды,программисттерді

шақыруға болады.

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру бөлімі

Оқушыларды түгелдеу.

Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер!

«Тапқыр достар» атты сайыс сабаққа қош келдіңіздер!

«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы - білім»,- деген екен шығыс ғұламасы Әбу-р-Райхан әл Буруни. Ендеше, сайысымыздың барысымен танысып өтейік.

Жоба сабағының бағдарламасы:

  • Таныстыру (Әр топ өздерін таныстыру)

  • (Сұрақтар қою)

  • Логикалық сұрақтар

  • «Қатені тап»

  • Суретшілер сайысы

  • "Қайсысы артық?" ойыны

  • «Ойлан, тап!»

  • Қорыту. (Топты марапаттау)

  1. бөлім. «Таныстыру»

Алдарыңызда өз білімімен, ақыл-ойымен, ерекшеленген әр топтың білімді оқушылары. Ендеше кезек оқушыларда (Әр топ өз аты мен ұранымен таныстырады).

  1. «Пиксель» тобы:

Ұраны:

Болашақтың ұрпағымыз алғырлы,

Сайыста көрсетпекпіз мектепте алған білімді.

  1. «Графика» тобы

Ұраны:

Тапқырлық таныту мақсатымыз,

Біліммен шықсын тек жақсы атымыз.

  1. бөлім. Сұрақтар қою

«Білім-біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік - сол білімді іске асыра білу дағдысы», деген ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың сөздеріне сүйеніп, «Келесі» атты 2- бөлімді бастайық.

Шарты: әр топқа 6 сұрақтан қойылады. Жауабын білмесеңдер, «Келесі» деп айтасыңдар, сол кезде сұраққа келесі топтың сайыскерлері жауап береді. Әр дұрыс жауапқа топқа 5 ұпайдан қосылады.

«Алғырлар» тобына:

  1. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (бит)

  2. Сурет салуға арналған программа (пайнт)

  3. Қарапайым есептеулер жүргізетін программа (калькулятор)

  4. Компакт-дискіні оқуға арналған программа (CD-ROM)

  5. Масштаб құралының қызметі (суреттің үзінділерін үлкейту)

  6. 1 байтта неше бит бар? (8)

«Тапқырлар» тобына:

  1. Екілік жүйесінің сандары (0,1)

  2. Адам мен компьютердің қарам-қатынас тілі (интерфейс)

  3. Компьютердің «миы» (процессор)

  4. Paint графикалық редакторның терезесінің элементтері (тақырып жолағы, меню жолы, құралдар жиыны, сурет салу алаңы, түстер палитрасы).

  5. Жазу құралының қызметі (сурет ішіне мәтін орналастырады)

  6. Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс (интернет)

3 бөлім. Логикалық сұрақтар

Түстерге байланысты логикалық сұрақ

Мектеп бітіру кешіне

Нағима қызыл көйлек киді.

Розаның киген көйлегі қара да, көк те, көгілдір де емес.

Зәуренің екі көйлегі бар: қара және көк.

Айгүлдің ақ та, көк те көйлегі бар.

Баянның барлық аталған түсті көйлегі бар.

Егер қоштасу кешіне қыздардың

әрқайсысы әр түсті көйлек киіп келген болса,

қайсысының қандай көйлек киіп келгенін анықтаңдар.

Жауабы:

Берілген фигурада неше үшбұрыш бар?

1) 4 2) 10 3) 12 4) 16


  1. бөлім. «Қатені тап»

Бір бала компьютерде қалай жұмыс істегені жайлы әңгіме жазыпты. Сол әңгімені оқып, оның неше қате жібергенін анықтаңдар.

«Алғырлар» тобына:

  1. Мен компьютерде жұмыс істегенді ұнатамын. Меніңше, сурет салу үшін ең ыңғайлы программа Word графикалық редакторы шығар. Ол арқылы мен тек сурет салып қана қоймай, оның кез келген бөлігін бояймын. Оған қоса осы программа арқылы мәліметтерді есте сақтаймын. Өз жұмысымның нәтижелерін мен векторлық .bmp форматында сақтаймын.

Жауабы: 3 қате жіберілген

1. Word графикалық редактор емес

2. Word-та суреттің кез келген бөлігін бояу оңай емес

3. Графикалық bmp форматы векторлық форматқа жатпайды.

«Тапқырлар» тобына:

Бір бала компьютерде қалай жұмыс істегені жайлы әңгіме жазыпты. Сол әңгімені оқып, оның неше қате жібергенін анықтаңдар.

  1. Мен компьютермен жұмыс істегенде, міндетті түрде монитор мен сканерді іске қосамын. Тышқанмен әріптерді теріп, сурет салу керек болса, сканерді пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбеу үшін джойстикті қолданамын. Ал мәтінді басып алу үшін жүйелік блокқа қағаз саламын. Принтер арқылы әндерді тыңдап, динамик деп аталатын плоттерде құжаттарды сақтаймын

Жауабы: 8 қате жіберілген

1. Монитор мен жүйелік блокты іске қосу қажет

2. Әріптер пернетақта арқылы теріледі

3. Сканер сурет салу үшін емес, оны енгізу үшін қолданылыды

4. Компьютерге дайын мәтінді жылдам енгізуде сканер пайдаланылады

5. Сәтінді басып алу үшін принтерге қағаз салады

6. Ән тыңдау үшін динамик немесе құлаққалқан керек

7. Құжаттар компьютердің сыртқы жадында сақталады

8. Плоттердің екінші аты - графиксызғыш құрылғы

Суретшілер сайысы:

Сабақт тақырыбы:»PAINT графикалық редакторы түстер палитрасы»

Сабақт тақырыбы:»PAINT графикалық редакторы түстер палитрасы»

Қайсысы артық

Сабақт тақырыбы:»PAINT графикалық редакторы түстер палитрасы»

Мен Paint графиктік редакторы туралы не білемін? (Эссе жазу)

Бағыт беруші сұрақтар:

Негізгі сұрақ

Біз жасап шығара алмайтын нәрсе бар ба?

Тақырыпқа сай проблемалық сұрақтар

Компьютер суретті адамнан жақсы сала ма?

Paint бізге не үшін қажет?

Тақырыптық сұрақтар

1. Қандай графикалық редакторларды білесіз?

2. Paint графикалық редакторының мүмкіндіктерін ата

3. Paint графикалық редакторы қалай іске қосылады?

4. Түстер палитрасы не үшін қажет?

5. Саймандар панелінің қызметі?

6. Батырмаларға сәйкес олардың қызметтері қандай?

7. Суреттерді сақтау үшін қандай әрекеттер орындау керек?

8.Сақталған суреттерді ашу үшін қандай әрекеттер тізбегі орындалады?

9. Жаңа бет ашу әрекеттерін ата

10. Суретті не үзіндіні өшіру үшін қандай әрекеттер орындау керек?

11. Үзіндіні бейнелеу немесе бұру үшін қандай әрекеттер орындау керек?

12. Үзіндіні еңкейту мен созу үшін қандай әрекеттер орындау керек?

13. Суреттерді қағазға басып шығару үшін қандай әрекеттер орындау керек?

14. Түстер палитрасын өзгерту үшін қандай әрекеттер орындау керек?

15. Суреттерді көшіру не қиып алу үшін қандай әрекеттер орындау керек?

Жобаны қорғаушылар:

Топтар: «Пиксель», «Графика»


Пиксель

Компьютер суретті адамнан жақсы сала ма?


Қазіргі кездегі қолданылатын графикалық редактор түрлері

Адам және компьютер көмегімен салынған суреттерді жинақтау





Графикай

Paint бізге не үшін қажет?

Сабақт тақырыбы:»PAINT графикалық редакторы түстер палитрасы»

Қарындаш тобының тапсырмасы: Эссе жазу, суреттер жинап әкелу

Тінтуір тобының тапсырмасы: Презентация, буклет жасау

«Пиксель» тобының жұмыстары:

«Қарындаш» Компьютер суретті адамнан жақсы

сала ма?

Қазіргі кезде компьютерлік графикамен жұмыс жасауға арналған көптеген программалық құралдар бар. Графикалық редакторларды да екі категорияға бөлуге болады: растрлық және векторлық. Түсірілген суреттер мен жалпы суреттерді өңдеуге көбіне растрлық графикалық редакторлар қолайлы, себебі растрлық кескіндер түстер градациясын және көмескі бояуларды жоғары дәрежеде беруді қамтамасыз етеді. Қарапайым растрлық кескіндерді тікелей салуға мүмкіндік беретін қарапайым растрлық редакторлардың қатарына PaintBrush, Paint, Painter жатады. Растрлық графикалық редакторлардың негізгі класы олардың сапасын арттыру және даяр растрлық кескіндерді өңдеуге арналған. Мұндай редакторларға Adobe Photoshop, Corel PhotoPaint және басқа осы сияқты программалар жатады. СorelDRAW - машиналық графиканың нағыз шедеврлерін жасау үшін қолданылатын компьютерлік дизайнердің құралы. Түрлі-түсті көркемдеулерді; күрделі сызбаларды, кітаптар мен журналдар мұқабаларының фигуралық кітапталарын, фотографиялық шын және фантастикалық шын емес бейнелейлерді; дайын бейнелеулерді редакциялау үшін, графикалық Web-беттерді құру үшін, т.б. жасау үшін қолданылатын қолайлы игеруге қарапайым құрал. Векторлық графика да қолданылады, оның көмегімен сапаны жоғалтпай, бейнелеуді бірнеше есе көбейтуге болады, ал мысалы Paint редакторында суреттерді растрлық берілуі кезінде ондай мүмкіндік жоқ. Сorel Draw винчестерде жадының 120-дан 700 МБ алады. Векторлық графика безендіру және сызба бейнелеулерін құру үшін пайдаланылады. Векторлық графикада Қисық негізгі объекті болады. Оны көбейткен кезде векторлық бейнелеулердің сапасы өзгермейді.

Адам және компьютер көмегімен салынған суреттер жинағы:

Сабақт тақырыбы:»PAINT графикалық редакторы түстер палитрасы»Сабақт тақырыбы:»PAINT графикалық редакторы түстер палитрасы»Сабақт тақырыбы:»PAINT графикалық редакторы түстер палитрасы»Сабақт тақырыбы:»PAINT графикалық редакторы түстер палитрасы»Сабақт тақырыбы:»PAINT графикалық редакторы түстер палитрасы»Сабақт тақырыбы:»PAINT графикалық редакторы түстер палитрасы»Сабақт тақырыбы:»PAINT графикалық редакторы түстер палитрасы»

«Графика» тобының жұмыстары:

Paint графикалық редакторы туралы мәлімет

Windows жүйесінде Іске қосу=> Программалар=>Стандартты =» Paint командалар тізбегін орындасақ, экранда программаның терезесі пайда болады. Оның қүрамында бізге осыған дейінгі таныс элементтермея (жүмыс аумағы, меню мен тақырып жолдары) бірге бірсыпыра жаңа элементтер де бар.

Терезенің сол жақ шеткі қабырғасында аспаптар тақтасы орналасқан. Одан сіздер Paint-та кездесетін барлық сурет салу аспаптарын көре аласыздар. Кез келген аспаптарды таңдау үшін соның белгісіне тышқан курсорын жеткізіп, оны шерту жеткілікті. Осыдан кейін таңдап алынған аспаптың белгісі айқын түспен ерекшелшеді.

Терезенің төменгі жақтауы бойымен түстер палитрасы орналаскан. Paint-та бір уақытта екі түспен сурет салуға болады: қалам түсімен (мүнан былай оны қысқаша негізгі түс деп атаймыз) және фон түсімен (мүнан былай оны фондық деп атаймыз). Палитраның сол жақ шетінде бірі екіншісшің ішіне орналасқан кішкене екі тіктөртбүрыш түр, осылардың үстіңгісі - негізгі түсті, ал астыңғысы - фондық түстерді көрсетеді. Кез келген сәтте түстерді өзгерту мүмкіндігі бар. Ол үшін курсорды палитрадағы жаңа түске апарып, тышқанның сол жақ батырмасын шерте отырып негізгі түсті, ал оң жақ батырмасын басу арқылы - фондық түсті өзгертуге болады.

Сабақт тақырыбы:»PAINT графикалық редакторы түстер палитрасы»







Оқушылар суретпен жұмыс жасайтын

мамандардан сұқбат алады

Бағалау жоспары

Графикалық редактор тақырыбының бағалау графигі.

Жобамен жұмыс жасар алдында

Оқушылардың проектімен жұмыс жасау үстінде

Жобамен жұмыс аяқталғаннан кейін

Ассоциация әдісі:сұрақ Paint

Эссе әдісі:Paint графиктік редакторы туралы не білемін?

Еркін ойлау әдісі,Біз жасап шығара алмайтын нәрсе бар ба?

Бағалау критерийі жобаның соңында және жоба барысындағы бағалау

Бағдаршам

Жоба күнделігі

Тексеру қағазы

Бақылау қағазы

Конференция

Презентация

Ассоциация-сұрақ: Paint туралы енді не білесіздер?

Бағалау әдісінің сипаттамасы

Ассоциация-сұрақ:Paint-

Оқушылардың жоба тақырыбы бойынша өздері бұрын қандай мәлімет білетіндерін анықтау үшін қолданылады.

Эссе: Paint графиктік редакторы туралы не білемін? - оқушылардың осы жоба тақырыбы бойынша қосымша қандай мәлімет білетіндерін анықтайды

Еркін ойлау әдісі,Біз жасап шығара алмайтын нәрсе бар ма?

- жоба тақырыбы бойынша оқушылардың қызығушылығын оятады.

Бағалау критериі жоба соңында және жоба барысында жасалынып жатқан жұмыстың қалай бағаланатынын көрсетеді.

Бағдаршам -бұл әдіс арқылы оқушылардың осы жобада алған білімдерін қалай қабылдағанын және қалай түсінгендерін біліп, көмек қажет оқушыларды анықтай аламыз.

Жасыл - мен жақсы түсіндім және басқаға да түсіндіре аламын

Сары - мен түсінемін, бірақ барлығын емес.

Қызыл - мен тығырыққа тірелдім, ештеңе түсінбей қалдым

Жоба күнделігі- оқушылар рефлексиясы: қандай қиындықтар және жетістіктер болды.

Тексеру қағазы-оқушылардың жобаның қай жерінде жатқанын, қайда жылжып бара жатқанын анықтау үшін қолданылады.

Бақылау қағазы - топтың өзін өздері бағалауына арнал,ын. Яғни әрбір оқушы өздерінің жасаған әрекеттерінің жанына белгі қояды.

Сын тұрғысынан бағалау-оқушылардың жасаған жұмыстарын бағалау

Презентация- дайын жобаны қорғау, ұсыныстарын айту, бағалау

Ассоциация -сұрақ: Paint туралы енді не білесіздер? -қорытынды сұрақ
























Paint графикалық редакторы» жоба жоспары

Дайындық кезеңі

Жауаптылар

Орындалу мерзімі

Қажетті материалдарды дайындау: (анықтамалық, әдістемелік журналдары, информатика негіздері журналы, ғаламтордағы материалдар қорын жинақтау және сақтау .)

Жоба жетекшісі

Жобаға дайындық барысында

Компьютер кластары және кітапханада ұйымдастырылатын жұмыс уақытын анықтау.Уақытында оқушылардың баруын қадағалау.

Жоба жетекшісі, кітапхана меңгерушісі, оқу ісінің меңгерушісі.

Жобаға дайындық барысында

Интернет-ресурстарна сілтемелер дайындау, қажетті оқулықтар мен электрондық материалдар дайындау

Жоба жетекшісі, кітапхана меңгерушісі, оқу ісінің меңгерушісі.

Оқушылардың зерттеу жұмысының жоспары бойынша

DVD және CD дискілердің барлығын және топта бөлу барысында пайдалану мүмкіндігін тексеру

Жоба жетекшісі

Компьютерлік кластағы оқушылар қатысуы

Сабақ кестесіне сай консультациялар және жобаның жұмысының аяқталу мерзімін белгілеу. Оқушылар мен кездесіп жобаның барысымен танысып, дайындықтарын тексеру.

Жоба жетекшісі, оқу ісінің меңгерушісі.

Жоба жоспары бойынша

Оқушыларға жобаны қорғау барысында керекті құралдар мен көрнекіліктер ,яғни интерактивті тақта, буклеттер, плакаттар,DVDменCD дискілерді алдан ала дайындап алу.

Жоба жетекшісі

Бірінші бекітілген сабақ алдында

Оқушылардың жұмыс нәтижесін жинақтау және сақтау, тексеру барысын анықтау

Жоба жетекшісі

Бірінші бекітілген сабақ алдында

Оқушылардың жұмыс жасайтын Вики Вики немесе веб-сайтын дайындау.

Жоба жетекшісі:

Бірінші бекітілген сабақ алдында

Негізгі кезең

Жауаптылар

Орындалу мерзімі

Оқушылардың аралық және қорытынды бағалау критерияларымен таныстыру.

Жоба жетекшісі:

Жоба барысында

Жоба тақырыбын бергеннен кейін , міндетті түрде тақырыпқа байланысты техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстырып , таныстым деп қол қойдырып алу.

Жоба жетекшісі

Алдын ала

Оқушылармен болашақта осы жобамен әрі қарай жұмыс жасау үшін, жинақталған материалдарды талдап,талқылау,жинақтау.

Жоба жетекшісі

Үнемі

Жобаға қатысатын оқушылардың әрқайсысына тапсырмалар, яғни праблемалық сұрақтар беріп, жоспар құру.

Жоба жетекшісі

Жоба барысында

Оқушылардың өз бетінше зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, ізденуге мүмкіндік беру.

Жоба жетекшісі

Жоба барысында

Оқушыларды жұмыс барысында суретке түсіру (жеке ,топпен ,жетекшілерімен)

Жоба жетекшісі

Жоба барысында

Оқушылармен жоба барысында алынған нәтижелер түрлері нталқылап талдау жасау.

Жоба жетекшісі

Зерттеу жүргізіліп болғасын

Орындалған жұмысты бағалау. Оқушылардың жоба барысындағы ғылыми ізденістерін бағалау.

Жоба жетекшісі

Жоба қорғалып болғасын

Қорытынды кезең

Жауаптылар

Орындалу мерзімі

Жоба өткізуге көмектескен оқушылар мен оқытушыларға алғыс айту (алғысхат, естелік сыйлықтар)

Жоба жетекшісі

Жоба аяқталған соң

вики-парақшаға жоба туралы және оның нәтижесі туралы ақпаратты енгізу

Жоба жетекшісі

Жоба аяқталған соң

Жоба презентациясымен таныстыру

Жоба жетекшісі

Жоба барысында

Жобаның қорытынды шаралары мен конференциясын суретке түсіру

Жоба жетекшісі

Жобаның қорытындылау кешінде(конференцияда,жиында)

Ерекше көзге түсіп, жоба барысында белсенділік көрсеткен оқушыларды марапаттау.

Жоба жетекшісі

Оқу ісінің меңгерушісі

Жобаны қорытындылаукешінде(конференция,

жиында)

Көк жүзіне алаулы,

Міндет емес ай болу.

Ең бастысы қалаулы,

Кәсібіңе сай болу!



© 2010-2022