Векторлық нысандармен қарапайым амалдар құру (7 сынып)

Раздел Информатика
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Информатика Бекітемін_________________

Күні:

Сыныбы:7

Пән мұғалімі:Бисенәлі Гүлзира

Сабақтың тақырыбы: Векторлық нысандармен қарапайым амалдар құру

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға векторлық нысандармен қарапайым амалдар құру туралы түсінік беріп, одан әрі білімін жетілдіру.

Тәрбиелік: Күнделікті өмірден мысалдар келтіру арқылы оқушылардың информатикалық тілінде сөйлей білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушыларды терең ойлауға, ғылыми ой қозғауға баулу, ой - өрісін дамыту

Сабақтың түрі: Ашық сабақ

Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту

Сабақта қолданылатын әдіс тәсілдер: Түсіндірмелі

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, бейне проектор, электрондық оқулықтар, таратпа, Power Point- та жасалған слайдтар.

Пәнаралық байланыс: Математика,Физика,Бейнелеу

Пайдаланылатын әдебиеттер: Е.А.Вьюшкова, Н.В.Параскун, Б.А.Бекетауов«Информатика»кітабы. М.Қ. Байжұманов «Информатика» оқулығы, Б. Бөрібаев. Г.Мадиярова « Информатика және есептеуіш техника негіздері» оқулығы.

"Информатика негіздері" журналдары,

Сабақты өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Ұжымдық әрекет;

  2. Санитарлық - гигиеналық ережелерді сақтау әрекеті;

  3. Техника қауіпсіздік ережелерді сақтау әрекеті;

  4. Оқушылардың назарларын сабаққа аудару

ІІ.Үйге берілген тапсырманы тексеру

«Фигураларды салу» тақырыбы бойынша тест

  1. Inkscape графикалық редакторында фигуралар салуға арналған құралдарды ата?

А. Тікбұрыш,ауқымды тікбұрыш,эллипс,Көпбұрыш,Спираль

Б. Үшбұрыш, дөңбелек С. Тіктөртбұрыштармен

2. Фигураларды салуға арналған жабдықтарды қайда баптауға болады?

А.Power Point Б. Inkscape С. Құралдар параметрлері панелінде

3. Эллипс құралы үшін қай батырманы басу арқылы жеткізуге болады?

А. Фигураны бүтін эллипс ету батырмасы

Б. Тастау батырмасы

С. Алып тастау батырмасы

4. Көпбұрыш, спираль құралдары параметрлерінің бастапқы қалпын қай батырманы басу арқылы қайтарса болады?

А. Тастау (Сброс) батырмасы

Б. Алып тастау батырмасы

С. Екі жауапта дұрыс

5. Параллелепипедтерді салуға мүмкіндік беретін құралды ата?

А. Тіктөртбұрыш

Б. Эллипс

С. Көлемді тіктөртбұрыш

6. Сурет салу кезінде тәжірибеден өткізуге арналған пернені ата?

А. Ctrl6 Shift

Б. Insert

С. Break

7. Доғалардың және дөңгелектердің кескінін салу үшін пайдаланылатын құралды ата?

А. Тікбұрыш

Б. Эллипс

С. Спираль

8. Масштаб өзгерту үшін?

А. Түр - Масштаб - Бет

Б. Түр - Бет - Масштаб

С. Масштаб - түр - бет

9. Құйып бояу мен жиектеу үшін қай пернелерді қолданасың?

А. Ctrl + Shift + F

Б. Ctrl+Shift

С. Shift +F

10. Тұйық көпбұрыштар мен жұлдыздарды салатын құрал?

А. Көлемді көпбұрыш Б. Тікбұрыш С. Көпбұрыш

ІІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

«Қан сонар да бүркітші шығады аңға»
Сегіз найза қолында, көз аудармай,
Батыр да аял қылмай ертең таңға.
Қанат құйрық суылдап, ысқырады,
Көктен қыран сорғалап құйылғанда.

А. Құнанбаев

«Векторлық нысандармен қарапайым амалдар құру»

Анықтамасы: Векторлық кескіндер сызықтық кескінділерден, доғалардан, әртүрлі пішіндерден тұрады. Демек, программа бір -бірінен тәуелсіз редакцияланатын, өзгеретін, орналастырылатын нысандармен жұмыс істейді. Векторлық графиканың құндылығы - файлдардың шағын көлемде болуы.Векторлық кескіндердің растрлық кескіндерден айырмашылығы - векторлық кескінді масштабтау кезінде сапасы өзгермейді,жоғары қалпы сақталады.

Орын ауыстыру, бұру және түрлендіру:

Бұл амалдар ерекшелеу құралын (F1 немесе бос орын)

қолдану арқылы орындалады.нысан айналасында қара нұсқалар (стрелки) пайда болады.Енді нысан жылжиды, тінтуірмен бір нұсқарды тарту арқылы нысанның өлшемін өзгерте аласыңдар.

Тінтуірмен қайта шертіп, нұсқардың түрін өзгертуге болады - енді фигураны айналдыруға және түрлендіруге болады. «+» таңбасы нысанныңайналдыру орталығын анықтайды, оны тінтуірмен апаруға болады. Бұл амалдардан басқа, арнайы Нысан мәзірінің бұйрықтарын орындап, нысандарды бейнелеуге және аударуға болады.

Нысандарды топтау:

Көптеген амалдарды бір уақытта бір неше нысандармен орындауға болады - түсті, өлшемді өзгертуді, көшірме жасауды және т.б. Ол үшін не істеу керек? Алдымен, нысандарды ерекшелеп алып, содан соң топтау қажет.

Барлық нысандарды Ctrl + A пернелер үйлесімін басу арқылы немесе ерекшелеу құралы арқылы, яғни, Shift пернесін басып тұрып,нысанды тінтуір мен шерте отырып, ерекшелеуге болады.

Нысандарды бөлу: Бірнеше нысанмен жұмыс істеген оларды ұйымдастыру үшін, Теңестіру және орын - орындарына қою,Нысан мәзірінен тор бойынша, Орындарына қою құралдарын қолданған ыңғайлы. Теңестіру және орындарына қою бұйрықтары бір -біріне қатысты ерекшеленген нысандардың параметрлерін өзгерте отырып, оларды бөлуге болатын сұхбатты ашады

Мысалы: Нысандардың жақтаулары тиер - тимес қиылысатындай, Орын ауыстыру параметрін қолдану нәтижесі 57- суреттегідей болады.

Нысандарды қосарлау және клондау: Алмасу буфері көмегімен көшіруден басқа,

Inkscape графикалық редакторында нысандардың көшірмесін алуға басқа да мүмкіндіктер бар.Қосарлау(Түзету қосарлау немесе Ctrl +D) нысан үстінен дәл көшірмесін алуға мүмкіндік береді.

«Ғажайып төрттік»

І. Сұрақ жауап

1. Нысанды қосарлау үшін?

2. Бірнеше нысанға бір уақытта әрекеттеу жасау үшін орындалу жолдары

қандай?

3.Топтастыру амалына кері амал?

4. Нысандарды ерекшелеудің қандай тәсілдерін білесіңдер?

ІІ.Компьютерлік тәжірибелік жұмыс

Жауаптары

Сұрақтары

Нысандарды

қосарлау

Shift

F1 немесе

бос орын

Түз ету -Қосарлау және Ctrl+D

«Ізбе-із көшіру»үшін қандай пернені басып тұру қажет?

Векторлық нысандармен қарапайым амалдар құру (7 сынып)

Амалдар ерекшелеу құралы қандай?

Векторлық нысандармен қарапайым амалдар құру (7 сынып)

Қосарлау нысан үстінен дәл көшірмесін алуға мүмкіндік беретін пәрмен


Векторлық нысандармен қарапайым амалдар құру (7 сынып)

Нысандарды топтастыру бұйрығы?

Векторлық нысандармен қарапайым амалдар құру (7 сынып)


Білімнің кәусарын танып ал,

Информатика әлемін танытар.

Тапсырма орындап беріңдер,

Әр түрлі көзқарас танытар.

ІІІ.Деңгейлік тапсырма

Сурет салу құралымен векторлық нысандар амалдарының мүмкіндіктерін қолдана отырып,берілген кескінді сал.

«А» деңгейі

Векторлық нысандармен қарапайым амалдар құру (7 сынып)

«Б» деңгейі

Векторлық нысандармен қарапайым амалдар құру (7 сынып)

«С» денгейі

Векторлық нысандармен қарапайым амалдар құру (7 сынып)Сергіту сәті:

ІV.Бекіту

1.Векторлық нысандар

2.Нысандарды топтау үшін не істеу керек?

3.Векторлық нысаннан Растрлық графикадан айырмашылығы қандай?

4.Бүгінгі сабақтан не түйдің?

Ойын. «Бас қатырғылар»

1.Компьтер

2.Диска

3.Пернетақта

4.Монитор

5.Желі

6.Тышқан

7.Сканер

8.Интернет

9.Бейнекарта

ІІV.Бекіту. Қорытындылау

  • Ең қызықты болған сәті...

  • маған ой салғаны...

  • мен мынадай сезімде болдым...

  • маған ұнағаны...

  • мені мазалағаны...

  • бәрінен кереметі....

V.Бағалау

Оқушыларды мадақтау.

VI.Үйге тапсырма беру

Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық.
Вектордан алған білімді,
Ұмытпай есте сақтайық.

Векторлық нысандармен қарапайым амалдар құруды оқып,түйінді, анықтамаларды

жаттау.


© 2010-2022