Санау жүйелеріне арналған тапсырмалар

Санау жүйелері тақырыбына арналған тапсырмалар. Мақсаты: оқушылардың санау жүйелері тақырыбы бойынша білімдерін жүйеге келтіріп, санау жүйелерін есептеу кезінде олардың біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру. Сабақ түрі практикалық. Сабақ 6 тапсырмадан тұрады. 1-тапсырма кестені толтыру.  Санау жүйелері берілген, оның негізі мен алфавитін жазу. 2-тапсырма. Графикалық диктант. 3-тапсырма. Бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне аудару және арифметикалық амалдарды орындау. 4-тапсырма. Тапқыр...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Санау жүйелеріне арналған тапсырмалар.Санау жүйелеріне арналған тапсырмалар.Санау жүйелеріне арналған тапсырмалар.Санау жүйелеріне арналған тапсырмалар.Тақырыбы: Санау жүйелері тақырыбына арналған тапсырмалар.

Сабақ мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың санау жүйелері тақырыбы бойынша білімдерін жүйеге келтіріп, санау жүйелерін есептеу кезінде олардың біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың сандарды бір санау жүйесінен екіншісіне көшіре білу біліктіліктері мен дағдыларын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Оқушының ой-өрісін, еске сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ақпараттық құзыреттілікке, мәдениеттілікке, ұжымдық жұмыстануға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: практикалық.

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, электронды оқулық.

Сабақтың әдісі: АКТ

Сабақтың өту жоспары:

1.Кестені толтыру.

2.Графикалық диктант.

3.Электрондық оқулықтан тапсырмалар

4.Тапқыр болсаң шешіп көр.

5.Теңсіздікті дәлелдеу.

6.Шығармашылық есеп.

7.Сабақты қорытындылау.

8.Үй тапсырмасы.

1-тапсырма. Кестені толтыру.

Санау жүйелері

Негізгі

Алфавит

Ондық

Сегіздік

Екілік

Он алтылық

2-тапсырма. Графикалық диктант.

Егер тұжырым дұрыс болса, оқушылар _ белгісін қояды. Егер дұрыс болмаса Λ белгісін қояды.

  • Санау жүйесі дегеніміз - сандардың аталуы мен жазылу тәсілі.

  • Компьютерде сақталатын ақпарат үштік санау жүйесінде беріледі.

  • Екілік жүйеде 11+1=12

  • Бірнеше позициялық санау жүйесі бар және олар бір-бірінен алфавитпен ерекшеленеді.

  • 16-лық санау жүйесінде F 15 санын бейнелеуде қолданылады.

  • Римдік санды жазу тәсілі - позициялық санау жүйесі.

  • Екілік санау жүйесінде: бір бір + бір = бір нөл нөл.

Жауабы: мынадай график шығу керек: _ ΛΛ _ _Λ _

3-тапсырма. Электрондық оқулықтағы «Компьютердің арифметикалық негіздері» бойынша тапсырмаларды орындау.

101000112=16310

5558=36510

32210=1010000102

32210=5028

111101100112=7В316

0110

0110

1100

1101

0110

0111

4-тапсырма. Тапқыр болсаң шешіп көр.

1 есеп.Мен 10001 жасымда мектеп бітірдім, ал 10110 жасымда академия бітіріп, электронды сарайда қызмет еттім. Ол кезде сендер бар болғаны 111 жастасыңдар.

11110 жасымда ғылыммен айналысып, 11 жылдан кейін ВИРУС атанып сиқырға ұшырадым. Мені сиқырдан құтқару үшін осы есепті шешу керек.

Шешуі: 10001-17 жас; 111- 7 жас;

10110 - 22 жас; 11110- 30 жас; 11 - 3 жыл.

Сонымен 17 жасында мектеп бітірген. Ол кезде сендер 7 жастасыңдар. 22 жасында академия бітіріп, 30 жасында ғылыммен айналысқан. 3 жылдан кейін Вирус атанған. Сонда 33 жасында ВИРУС атанған.

2 есеп. Бір бала: Менің 100 бауырым бар. Кішісі 1000 жаста, ал үлкені 1111 жаста. Үлкені 1001 сыныпта оқиды. Солай болуы мүмкін бе? (Мүмкін. Баланың 4 бауыры бар. Кішісі 8 жаста, үлкені 15 жаста. Үлкені 9 сыныпта оқиды.)

5-тапсырма.

1 есеп.Теңдікті дәлелдеу.

225338 = 100101010110112

2 есеп. Екілік арифметика. 10112екілік сандардың қосындысын, айырмасын, көбейтіндісін және бөліндісін есептеңіз.

3 есеп. Теңсіздікті шешіңіз. (?) белгісінің орнына < ,> немесе = белгісін қойыңыз.

А) 510 ? 58

Б) 1111112? 11118

6-тапсырма. Шығармашылық есеп. Interaction board интерактивті тақта құралдарын пайдаланып график тұрғызу.

Нүктемен сурет салу.

Кестеде екілік санау жүйесінде берілген нүкте нөмірлері мен координаталары келтірілген. Кейбір нүктенің координаталарын көрсетілген санау жүйесінде арифметикалық амалдарды орындап, табу керек. Әр нүктенің өз координаталарын ондық санау жүйесіне айналдырып, координата жазықтығында нүктемен белгілеп қойыңыз. Санау жүйелерін дұрыс айналдырып, нүктелерді бір-бірімен байланыстырса, бір сурет пайда болады.

(координата жазықтығында пайда болған - 4 санының стильді суретін көрсетеді)


Нүкте координаталары

Х

У

1

1002

102

2

1012

1012

3

12

1012

4

112

10102

5

1002

10102

6

112

1102

7

1012

1102

8

1102

1012+1002

9

1112

10012

10

1102

1102

11

1002*102

1102

12

10002

1012

13

1102

1012

14

1012

102

7.Сабақты қорытындылау, оқушылардың сабақ барысындағы жұмыстарын бағалау.

8. Үйге тапсырма:

1 тапсырма. Координата жазықтығында суреттің өз вариантын ойлап, оған кесте құрып көру керек.

2 тапсырма. Кез-келген сандық мәндер енгізіліп, тақпақ тауып, оның сандарын санау жүйелеріне айналдыру керек.


© 2010-2022