Компьютерлік графика түрлері тақырыбы бойынша 7 сыныпқа арналған сабақ жоспары

Раздел Информатика
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән Информатика сынып 7 Күні 28.01.16 ж.

сабақ №: 19

Тақырып: Компьютерлік графика түрлері

Мақсат: Компьютерлік графика түрлері. Векторлық және растрлық графиктерді құру және өңдеу бойынша программалары тақырыптары бойынша оқушыларға жалпы түсінік беру, оқушыларды графикалық редакторлардың түрлерімен таныстыру.

Білімділік - Оқушыларды компьютерлік графика ұғымымен таныстыра отырып, графиканың түрлері, редакторлары туралы білімдерін қалыптастыру;

Дамытушылық - Оқушылардың компьютерлік графикамен жұмыс істеу үйрету арқылы теориялық білімін, ой-өрісін, шапшаң ойлау қабілетін дамыту;

Тәрбиелік - Оқушыларды жан-жақты болуға, техникалық құрылғыларды пайдалану барысында жүйелілікке тәрбиелеу;

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақ типі: жаңа тақырыпты түсіндіру

Құрал-жабдықтар: ДК-лер, интерактивті тақта, оқулықтар, дәптерлер, Paint, видео, AdobePhotoshop CS6 бағдалрамалары.


Сабақ барысы


Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс - әрекеттері

Оқушылардың іс - әрекеттері

І. Ұйымдастыру кезеңі

2 мин

Амандасу. Оқушыларды түгендеу. Зейіндерін сабаққа аудару. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Тренинг «Сөйлегіш қолдар» - Бірлескен ынтымақстастық құру.

Орындарынан тұрып, амандасу, сабаққа зейіндерін аудару.

Оқушылар екіге бөлініп, ішкі және сыртқы шеңберге тұрады. Ішкі шеңбер оңға, сыртқы шеңбер солға қозғалады да жүргізушінің айтқанын орындайды, мысалы: амандасамыз, қолымызбен күресеміз, шапалақ ұрып ойнау, қош айтысу, достасу, жанашырлық көрсету, арқасынан қағу, құшақтасу, екі қолмен амандасу т.б.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

10 мин

Сұрақ жауап:

  1. Модель дегеніміз не?

  2. Модельдеу деп нені айтады?

  3. Модельді қандай топтарға бөлуге болады?

  4. Оқу модельдеріне мысал келтіріңдер.

  5. Материалдық модельге мысал келтіріндер?

  6. Вербальдік модель дегеніміз не?

  7. Таңбалық модель дегеніміз не?

  8. Арнайы модельдерге не жатады?

  9. Статистикалық модель дегеніміз не?

  10. Геометриялық модель дегеніміз не?

Жауаптары:

  1. Модель - нақты объектіні зерттеу үшін, натуралды экспериментті жасау мүмкіндігі болмай, әрі қымбат, ұзақ, қауыпті болған жағдайда, сол объектіні ауыстыру тәсілі.

  2. Модельдеу- объектілерді, процестерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың моделін құру.

  3. 1) Қолданылу аймағы;

2) Модельде уақыт факторын ескерту.

3) Білім саласына қарай топтау.

4) Модельді көрсету тәсіліне қарай топтау.

  1. Өз мысалдарын келтіреді

  2. Балалар ойыншықтары

  3. Ойша немесе әңгіме түрінде жасалған ақпараттық модель

  4. Арнайы таңбалармен, яғни кез келген жасанды тіл құралдарымен көрсетілген ақпараттық модельді айтады

  5. Ноталар, химиялық формулалар

  6. Объект жөнінде алынған ақпараттың белгілі біл уақыт бөлігіндегі үзіндісі

  7. Графикалық пішіндер мен көлемді конструкциялар.

ІII. Жаңа тақырыпты түсіндіру

10 мин


Компьютерлік графика - программалық және аппараттық кұралдар арқылы кескінді құруға болатын, өңдеу тәсілдері мен әдістерін зерттейтін информатиканың саласы.

Компъютерлік графика - күрделі ақпараттық технологияның бірі. Онсыз әрбір веб-парақшаны, компьютер ойынын жасау, кітаптарды немесе басқа қағаз басылымын шығару мүмкін емес.

Компьютерлік графика модельдеудің нәтижелерін көрнекі түрде ұсынуға мүмкіндік береді және кескін, сұлбалар, сызбалар жасау өндірісінде пайдаланылады. Кескінді компьютерде өңдеудің басты артықшылығы - оның түзетуін шексіз жасау мүмкіндігі.

Тарау материалдарын оқу кезінде сендер түпнұсқа кескінді және қолданыста бар кескіндердің өңдеуін арнайы программалар - графикалық редакторлар арқылы жасайсыңдар.

Компьютерлік графика түрлері

Барлық компьютерлік кескіндерді екі үлкен класқа бөлуге болады: екіөлшемді (2D, 2Dimensions-ден - 2 өлшеу) және үшөлшемді (3D, от 3Dimensions-ден - 3 өлшеу).

Жасалу принципіне қарай кескіннің үш түрі бар: растрлық, векторлық және фракталдық.

Растрлық кескіндердің пиксельдерден тұратынын білесіңдер. Paint-те жасалған кескіндер, фотосуреттер - растрлық кескіндеудің мысалы болып табылады. Растрлық графика редакторлары тек қана сурет салуға арналмаған. Олардың көмегімен коллаждарды, фото- монтажды, суреттерді қалпына келтіруді және т.б. функцияларды орындауға болады.

Векторлық кескіндер сызықтар кесінділерден, доғалардан, әртүрлі пішіндерден тұрады. Демек, программа бір-бірінен тәуелсіз редакцияланатын, өзгеретін, орналастырылатын нысандармен жұмыс істейді.

Векторлық графиканың кұндылығы - файлдардың шағын көлемде болуы. Век- торлық кескіндердің растр кескіндерінен айырмашылығы - векторлық кескінді масштабтау кезінде сапасы өзгермейді, жоғары қалпын сақтайды (40- сурет).

Өнімдерді көркемдеуде векторлың графика қолданылады (кітаптардың, баннерлердің, афишалардың, плакаттардың суреттемелері және т.б.).Компьютерлік графика түрлері тақырыбы бойынша 7 сыныпқа арналған сабақ жоспары

MS Office қосымшаларын пайдаланып, өз композицияларың мен фигуралардан векторлық кескіндер құрған болатынсыңдар.

Фрактал әртүрлі масштабы бар сәйкес пішіндер жиынтығынаи құрылады. Фракталдың кескіндер математикалық теңдеулерден құрылады. Теңдеулердің коэффициенттерін өзгертіп, тірі және өлі табиғаттың нысандарын бейнелейтін (41-сурет) әртүрлі кескіндер алуға болады.

Фрактал графикасын пайдаланып, Жұмыс үстеліне арналған өрнектер мен фондар, веб-сайттардың текстуралары, компьютерлік ойындардың таңғажайып ландшафтары жасалады. Табиғаттағы фрактал мысалына қар қылауын, ағаштар және ағаш жапырақтарын, адамның қан жүру жүйесін жатқызуға болады. 42-суретте оның компьютерлік моделі берілген.

Компьютерлік графика түрлері тақырыбы бойынша 7 сыныпқа арналған сабақ жоспары

41-сурет. Бір суреттен шығарылған әртүрлі фракталдар

Компьютерлік графика түрлері тақырыбы бойынша 7 сыныпқа арналған сабақ жоспары

42-сурет. Фрактал кескіннің мысалы

Түйін

  • Компьютерлік графика - программалық және аппараттық құралдар арқылы кескінді құруға болатын, өңдеу тәсілдері мен әдістерін зерттейтін информатиканың саласы.

  • Жасалу принципіне қарай кескіннің үш түрі бар: растрлық, векторлық және фракталдық.

  • Растрлық графиканың бас элементі - нүкте, векторлық графиканікі - сызық немесе қисық, фракталдікі - математикалық теңдеу.

IV. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

8 мин





Оқулықпен жұмыс, 101 бет компьютердегі тәжірибелік жұмысты ДК-де орындайды.





Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

  1. Графикалық Paint редакторын, MS PowerPoint және фрактал генераторын қолданып, сурет салыңдар (43-сурет).

  2. Әр программада сурет аумағын өзгертіп, шығарылған кескіндердің сапасын салыстырыңдар.

  3. MS Word мәтіндік редакторын қолданып, «Компьютерлік графика түрлерін салыстыру» кестесін құрып толтырыңдар:Компьютерлік графика түрлері тақырыбы бойынша 7 сыныпқа арналған сабақ жоспары


Растрлық

Векторлық

Фракталдық

Басты элемент

нүкте (пиксель)


математикалық

формула

Қолданылуы



тірі және өлі табиғат ны- сандарын модельдеу

Масштабтау



сапасын жоғалтпайды

Реалистік

реалистік




V. Сергіту сәті

2 мин

Видеоға қарап көрсетілген қимыл іс-әрекеттерді орындайды.

Жаттығуды орындарында отырып орындау.

VI. Бекіту

7 мин

Оқулықпен жұмыс, 101-102 б.б., Өзіңді тексер! Тест тапсырмасын дәптерлерінде орындайды.

Өзіңді тексер!

1. Қандай кескіндер шынайы?

А) растрлық

В) векторлық

С) үшөлшемді

D) фракталдық

  1. Қандай кескіндер ұқсас элементтерден тұрады?

  1. растрлық

  2. векторлық

  3. үшөлшемді

  4. фракталдық

  1. Қандай кескіндер нүктелерден тұрады?

  1. растрлық

  2. векторлық

  3. үшөлшемді

  4. фракталдық

  1. Қандай кескіндер масштабтау кезінде сапасын жоғалтады?

  1. растрлық

  2. векторлық

  3. үшөлшемді

  4. фракталдық

  1. Қандай кескіндерді сақтау кезінде үлкен көлемді файлдар пайда болады?

  1. растрлық

  2. векторлық

  3. үшөлшемді

  4. фракталдық

  1. Суреттің түрін анықтаңдар:

Компьютерлік графика түрлері тақырыбы бойынша 7 сыныпқа арналған сабақ жоспары

А) растрлық

В) векторлық

С) үшөлшемді

D)) фракталдық

7. Фрактал - ол...

А) бас элементі сызық болатын кескін

В) берілген көлемдегі кескін бөлігі

С) әртүрлі пішін бөлшектерінен тұратын кескін

D) бүтінге ұқсас бөлшектерден тұратын кескін

VIІ. Рефлексия

2 мин

Оқушыларға кері байланыс жасау үшін, мұғалім оларға толтыруға парақ таратылады.

Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын көңіл күй параққа жазып, ағашқа іледі.

Не білдім?

Не ұнады?

Не әлі үйрену керек?

Тілек.

VIII. Бағалау

2 мин

Оқушыларды сабақта орындаған жұмыстарына қарай бағалаймын.

Күнделіктеріне баға қойдырады.

ІХ.Үй жұмысы

2 мин

V тарау, 19 оқу, конспект

Үй жұмысын күнделіктеріне жазып алады.


© 2010-2022