Aшық сабақ 5 сынып

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 16.03.2016 Бекітемін: Пәні: Информатика Сыныбы: 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Мәтін бөліктерін ерекшелеу.Мәтін бөліктерін ерекшелеу тәсілдері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға мәтін немесе оның бөліктерін ерекшелеу тәсілдерін, негізгі форматтау режімдерін қолдануды үйрету, мәтінді туралау, жоларалық интервал, тасымалды орналастыру сияқты мәтіндік құжаттарды пішімдеудің жолдарын меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылардың компьютерге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, танымдық белсенділігін арттыру, компьютермен жұмыс істеу шеберлігін одан әрі қарай шыңдау және осы сабақта алған білімдерін пайдалана білуге ықпал жасау.
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, жүйелілікке, ұқыптылыққа, іскерлікке, тиянақтылыққа үйрету.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Әдіс - тәсілдер: түсіндірмелі - иллюстративті, сұрақ - жауап, деңгейлік тапсырмалар
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: слайд, компьютер, оқулық
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, сабаққа зейіндерін аудару.Жағымды ахуал тудыру. Геометриялық фигуралар арқылы оқушыларды топқа бөлу.(Төртбұрыш, үшбұрыш, жұлдызша)
2. Өткен материалды қайталау сұрақтары: 1-топ «Төртбұрыш» Егер бас әріппен бірнеше сөз енгізу керек боса қай пернені қолданамыз? Рим цифрларын енгізу үшін қай тілде жазамыз? Келесі жолға түсу үшін қандай перне қолданылады? 2-топ «Үшбұрыш» Ұзын сызықша қалай қойылады? Даталарды, қысқартылған аты мен әкесінің аты қалай жазылады? Дефис қалай қойылады? 3-топ «Жұлызша» 1. Бір-бірінен тыныс белгілерімен немесе бос орындармен ажыратылып жазылған символдар тізбегін не деп атайды? 2. Мәтін элементтерін көрсет 3. Home пернесінің қызметі қандай?
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Мәтіннің белгілі бір бөлігімен жұмыс істеу үшін оны алдымен ерекшелеу керек. Бұны тышқан мен пернетақта арқылы жасауға болады. Тышқанмен ерекшелеу үшін меңзерді қажетті мәтін бөлігінің басына апарып, тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, аяғына дейін апару керек. Кейде экранда бірден жолды, абзацты немесе тұтастай мәтінді ерекшелеген ыңғайлы. Бұл жағдайлар үшін арнайы тәсілдер ойластырылған. 1. Тұтастай жолды ерекшелеу. Тышқанның сол жақ батырмасынмен жолдың басын бір рет шертсеңдер, жол тұтастай ерекшеленеді. Тышқанның сілтемесі бұл жерде ақ стрелка кейпіне енеді. 2. Егер экранның осы жерінде тышқанның сол жақ батырмасын екі рет шертсек, онда тұтас абзац ерекшеленеді: 3. Тышқанның сол жақ батырмасын үш рет шерту мәтінді тұтастай ерекшелейді: Мәтінді тұтастай бірден ерекшелеу үшін пернетақтадан бір мезгілде CTRL пернесімен мен цифрлық қосымша пернетақтадан «5» санын басуға болады немесе ағылшын тіліне қойып, CTRL+A пернесінде басуымызға болады. Мәтіндердегі нысандарды Delete пернесімен-курсордан оң жақта орналасқан символды, BackSpace пернесімен-курсордың сол жағында орналасқан сиволды жоюға болады. Егер мәтінді ауыстыру режимінде терсек, онда бұрын болған символдарды алмастыруға болады. Ол Insert пернесімен басқанда қосылады. Мәтінді қосуды жалғастыру үшін, Insert пернесін қайтадан басу керек. Егер мәтіннің барлық бөлігінде тұтас сөзді немесе сөз тіркесін алмастыру кеоек болса, онда Алмастыру бұйрығын қолданған ыңғайлы. Мәтіннің ерекшеленген бөлігін 2 тәсілмен Жылжытуға болады: - Тышқанмен сүйреу (сілтемесі) - Алмасу буферін қолдану: мәтін бөлігін ерекшелеп, оны алмасу буферіне қиып алу (Жолақтағы Вырезать батырмасы), мәтіндік курсорды керек жерге апарып, бөлікті алмасу буферінен кірістіру Вставить Көшіру амалы жылжытуға ұқсас: - Ерекшеленген бөлікті тышқанмен CTRL пернесін баса отырып жылжытамыз; - немесе оны алмасу буферіне көшіреміз (Жолақтағы Копировать батырмасы), керек жерге кірістіреміз. Жылдам қолжеткізуге тақтасындағы Кері қайтару пернесін немесе CTRL+ Z пернелерін басу арқылы кез келген әрекеттен бас тартуға болады. Әрекеттер тізбектеліп кері қайтарылады, сондықтан олардың кез келгенін өз таңдауларың бойынша қайтара алмайсыңдар.

Мұғалім WordPad мәтіндік редакторының мүмкіндіктерін пайдаланып мәтін бөліктерін ерекшелеп көрсетеді 4. Постер қорғау 1-топ «Төртбұрыш» 1.WordPad мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз? 2. Page Up пернесінің қызметі қандай? 3. WordPad мәтіндік редакторын қандай жұмыс атқарады? 2-топ «Үшбұрыш» WordPad мәтіндік редакторының мүмкіндіктері. Ассоциация құру. 3-топ «Жұлызша» WordPad мәтіндік редакторында мына мәтінді теру. 5. Сабақты бекіту.Ақпараттық дитант 1-топ «Төртбұрыш» 1. Тышқанның сол жақ батырмасын ________ рет шерту мәтінді тұтастай ерекшелейді. 2. Мәтінді тұтастай бірден ерекшелеу үшін пернетақтадан бір мезгілде CTRL пернесі мен цифрлық қосымша пернетақтадан ______ санын басуғада болады. 2-топ«Үшбұрыш» 1. Мәтінді қосуды жалғастыру үшін, ___________ пернесін қайтадан басу керек. 2. __________ меңзерді жолдың басына апару пернесі. 3-топ «Жұлызша» 1. Кері қайтару пернесін немесе _________________ пернелерін басу арқылы кез келген әрекеттен бас тартуға болады. 2. Тышқанның _______ жақ батырмасын үш рет шерту мәтінді тұтастай ерекшелейді.

6. Бағалау. Бағдаршам арқылы бағалау, смайликпен бағалау.

Кері байланыс
7. Үйге тапсырма:
Оқулықтан тақырыпты оқып, бақылау сұрақтарына жауап беру.


© 2010-2022