Front Page редакторында практикалық жұмыс сабақ жоспары

Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Front Page редакторында практикалық жұмыс

Мақсаты:

а) Редакторда жұмыс жасай отырып, мектеп сайтын құру, веб-сайттың макетін құруды үйрену

Ә)сайтты құру кезінде объект панелінің веб компоненттерін қолдануды үйрену

Б)жеке тұлғаны дамыту

Көрнекілігі: слайд, суреттер, компьютер

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдісі: компьютермен жұмыс

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

А)сәлемдесу

Ә)түгендеу

ІІ. Жаңа сабаққа дайындық

Жаңа сабақтың мақсаты мен міндетін түсіндіру, компьютермен жұмыс

Жұмыстың басы веб-сайттың макетін, оның басты парағының эскизін құрудан басталады.

Басты парақта мекеме жайлы толық мағлұмат жазылады: оның аты, жұмысының бағыты және т.б мәліметтер. Басқа да парақтармен байланыстары көрсетіледі.

  1. Пуск - Все программы - MS Office - MS FrontPage командасын орындаңдар

  2. Басты парақта 3 бөлікке бөлінген ақпарат болсын.

  3. Менің құжаттарым (Мои документы) бумасында «ОМ сайты» атты бума құрамыз.

  4. Файл - Создать... командасын орындаймыз. Бос веб-парақтың сол жағындағы терезелерден «Другие шаблоны страниц...» командасын орындаймыз.

  5. «Шаблоны страниц» терезесінде «Страница рамок» бумасын, оның ішінде «Объявления и оглавления» пиктограммасын таңдаймыз, соыдан кейін сіздің алдыңызда жақтауы бар парақ пайда болады. Парақты қою үшін «создать страницу» батырмасын басамыз.

  6. Енді парақтың жоғарғы жағына сырғымалы жолға «Ақтөбе қалалық №41 жалпы білім беретін орта мектебі» деп жазамыз. Ол үшін «Вставка-веб-компонент-бегущая строка» командасын орындаймыз.

  7. Сол жағына «Мектеп туралы», «Жаңалықтар», «Ұстаздар», «Жетістіктеріміз», «Автор туралы» деген тақырыптарды жазамыз.

  8. Басты бетке мектеп суретін орналастырып, астына мекен-жайын жазу керек. Парақты «Глав» атауымен сақтау керек.

  9. Сол жақтағы жазылған «Негізгі бет» сөзді ерекшелеп, тышқанның оң жағын шертіп, «Гиперссылка» командасын орындаймыз. «Глав» файлымен байланыстыру керек.

  10. Парақтарды әр түрлі түстерге бояу үшін «Формат-Тема» командасын орындаймыз. Ұнаған түрін таңдап, ОК батырмасын шертеміз

  11. Жаңа бет құрып, оған мектеп туралы ақпарат жазу керек. «№41 жалпы білім беретін орта мектебі 1996 жылдың қыркүйек айынан бастап құрылды. 2005 жылдан бері аталған мектепті Уразалина Айжан Дәулетқызы басқарып келеді». Аталған бетті «мектеп туралы» атымен сақтау керек.

  12. Сол жақтағы жазылған «Мектеп туралы» сөзді ерекшелеп, тышқанның оң жағын шертіп, «Гиперссылка» командасын орындаймыз. Жоғарыда сақталған файлмен байланыстыру керек.

  13. «Устаздар» парағына «Біздің мектепте өз пәнін сүйетін, балаларға өз пәнінің қызығын үйрететін ұстаздар қызмет етеді». Оны «Ұстаздар» менюімен байланыстыру керек.

  14. «Автор туралы» парағына «Бұл сайттың авторы 11 «а» класының оқушылары ...» деген мәтінді теріп жазу керек. «Автор туралы» менюімен байланыстыр

  15. «Қонақ кітабы» парағын «Файл-Создать-Другие шаблоны страниц-Гостевая книга» командаларын орындап, ашылған параққа «Өз тілек пен ұсыныстарыңызды төмендегі бөлікке жазып қалдыруыңызға болады» деген мәтінді теріп жаз. Мұны «Қонақ кітабы» менюімен байланыстыру керек.

  16. Барлығы теріліп, болғаннан кейін сайтты «index» атауымен сақтау керек.

  17. Index файлын Internet Explorer ортасымен жүктеу керек.

ІІІ. Бекіту сұрақтары:

  1. FrontPage ортасын қалай жүктейміз?

  2. FrontPage мүмкіншілігі қандай?

ІҮ. Қорытындылау:

  1. Бүгінгі сабақ сіздерге ұнады ма? Ұнаса несімен?

  2. Бүгінгі сабақта не жетіспеді деп ойлайсыңдар?

Ү. Үйге:

Мультимедиалық мүмкіншіліктерді пайдаланып, сайтты одан әрі дамыту

ҮІ. Бағалау



© 2010-2022