Алгоритм және оны орындаушы

Раздел Информатика
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Алгоритмдер және оны орындаушылар.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға алгоритмдер және оны орындаушылар жайлы мағлұмат беру.

Міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға тақырып бойынша түсінік бере отырып, алгоритм

құру жолдарын үйрету;

Дамытушылық: Оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастыру, білімге

деген құштарлығын арттыруға ықпал ету;

Тәрбиелігі: Оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру, шағын

топта жұмыс істеуге дағдыландыру.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың қолданылатын әдісі мен тәсілдері: сұрақ-жауап, баяндау.

Құралдар - жабдықтар: ДК, интербелсенді тақта, слайд.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу;

Мейірімді жүрекпен,

Ақпейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық!

Оқушылар ІІ топқа бөлінеді.

Топтың ережесі

1. Бір-бірімізді тыңдаймыз

2. Уақытты үнемдейміз

3. Топ мүшелерінің пікірімен санасамыз

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Сиқырлы қорап. Экрандағы сиқырлы қораптағы реттік номері бойынша оқушы өз таңдауымен сұрақ таңдап, жауап береді.

  1. Құрылғы қалай аталады? (пернетақта)

  2. Жұмбақ

Жануарға ұқсас атым бар,

Бағдар көрсетер затым бар.

Кілемше үстінде тұрамын,

Ең қажетті құралмын.

Білсеңдер, қане айтыңдар. (Тышқан)

  1. 1642 жылы «Паскалин» деп аталатын есептеуіш машинаны жасаған кім? (Блез Паскаль)

  2. Есептеу құралы қалай аталады? (Орыс шоты)

  3. 1843 жылы Беббидж машинасы үшін алғашқы программа жазған программист? (Ада Лавлейс)

  4. ЭЕМ қанша буыны бар? (5 буын)

  5. Ақпарат өлшем бірліктерінің қатесін тап

1Кб = 1024байт 1Гб = 1024Мб

1Мб = 1024Кб 1Тб = 1024 Гб

  1. Алдын ала берілген программа бойынша жұмыс істейтін аналитикалық машинаның авторы кім? (Чарльз Бэббидж)

  2. Жұмбақ

Ұзын тұра Жалқаубек,

Тұрмай ылғи жатады.

Қозғала қалса артынан,

Ешбір белгі қалмайды. (Бос орын пернесі)

  1. Алгоритм және оны орындаушы


(Алгоритм және оны орындаушы)

ІІІ. Жаңа сабақ.

Алгортим- берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру.

Алгоритмдегі кез-келген әрекет бұйрық деп аталады.

Алгоритм құруға мысалдар: шай қайнату, сөз жазу алгоритмдерін құру.

Алгоритмді жүзеге асырушыны орындаушы деп атайды.

Кез - келген алгоритм «Соңы» деген бұйрықпен аяқталады.

Сабақты бекіту: Практикалық жұмысты орындайды және оны тексеру арқылы жүзеге асады.

  1. Кітапппен жұмыс. 57 бет, 4 жұмысты дәптерге орындау.

  2. Компьютермен жұмыс.

Word Pad қосымшасында жұмыс жасау.

  1. Компьютер қосу алгоритмін құру.

  2. Ағаш отырғызу алгоритмін құру.

  3. Үй тапсырмасын орындау алгоритмін құру.

Сергіту сәті. Оқушылар көзге және қолға арналған жаттығулар орындайды.

Оқушылар білімін бағалау:

Сабақ соңында әр топтың басшысы білім-білік көрсеткіштеріне, материалдарды игеру дәрежесіне қарай білімдерін бағалайды. Оны іске асыру, бағалау парағы арқылы іске асырылады.

Үйге тапсырма: 55 бет, § 8 Алгоритмдер және оны орындаушылар, тест жұмысы.

© 2010-2022