Анимациялық Flash технологиясы (11 класс)

Раздел Информатика
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Анимациялық Flash технологиясы.

Flash -ты қолданып, анимация жасаумен шұығылданамыз. Қазірде Интернет шешімдерін қалыптастырушының тандауына шек жоқ, әсіресе ол өз жобаларында анимацияны қолданса, тандау шектеледі. Нағыз анимацияны жасау үшін сізге тек Flash технологиялары сіздің көптеген жоспарларыңызды жүзеге асыруға жеткілікті. Егер сіз интернеттен тыс қолданылатын анимацияны жасағыңыз келсе, сізге Flash сай келеді. Flash технологиясының атымен аталған Мacromedia- ның анимациялық редакторы көп таралған анимация техникаларында анимациялық фильмдерді жасауға арналған ең тиімді амал. Flash -тың мүмкіндіктері CD мен телевизионды графикада түрлі мультимедиалық жобаларда анимация жасауға жеткілікті. Интернет кейбір технологиялардың жаңалануын біршама жеңілдетті . Жаңа нұсқаулардың шығу мерзімі қысқартылды және әрбір жаңа нұсқа алдыңғы нұсқадан ерекшеленуі мүмкін . Атақты технологиялар осы заңдылыққа бағынады, технология атақты болған сайын, соншалықты интенсивті дамиды. Өндірушінің зерттеуімен жоспарлауға көп шығындалу мүмкіндігі де ескеріледі. Сонымен қатар өндірушілер өнімді жақсартып қателіктерін түзетеді, оның барлығы да Flash технологиясына да қатысты. Бұл технологияның бастамасы да шулы болған жоқ, қазір біз бесінші нұсқаға көшіп , алтыншы нұсқаны асыға күтудеміз.

Бұл технология Интернет жобаларын жоспарлауда нағыз төнкеріс болды, болашақта біз web беттерінде Flash-ті жиі көреміз деп сенеміз. Қазір кез-келген атақты браузер Flash-тің төртінші нұсқасын қолдайды және 90 пайызы 5-ші нұсқаны қолдайды. Flash фильмдерінің ойнатқышы браузерге бастапқы қалыптасу кезеңінде салынады, internet explorer браузерінде Flash ойнатқышының модулі active х технологиясы бойынша жасалған, яғни бұл бірнеше компоненттерден тұратын жүйе және жеңіл өзгертіледі. Сондықтан 1Е браузерінің ескі нұсқауларын қолдаушылар Flash ойнатқышын өзгертті. Алдымен жай модемдер , жіңішке каналдар Gif пен ipeg графикалары пайда болды. Осы кезде аз мөлшерлі мультфильмдерді сыйғызатын векторлы формат пайда болды, осылайша жүйедегі мультипликация жақсы әсер етті. Компрестелген видео мен Gif анимациясымен салыстырғанда Flash шынында да өте тиімді болды. Технологияның өз аты барлығын түсіндірді, Flash ағылшын тілінен аударғанда "найзағай", "жарқыл" дегенді білдіреді. Технологияның аты технологияны және оның даму кезендерін белгіледі. Осыдан кейінгі нұсқаларда интерактивті мүмкіндіктер көбейді, әр жаңа нұсқа алдыңғы нұсқалардан біршама жоғары болды,технологияның анимационды мүмкіндіктері әлі де негіз болып қала береді. Flash технологиясының пайда болу себептері бірнеше, олар барлығы әр -түрлі бағытпен жүрді бірақ жалпы вектор дұрыс болып шықты. Алдымен "Интернет" деп аталған ортаны талдап көрейік, Интернет бұл- ақпарат алмасудың коммуникационды ортасы. Ақпарат жүйенің негізін құрайды және оның тіршілік ету мәнін айқындайды. Интернеттегі ақпарат белгілі бір адам немесе белгілі бір топқа бағытталмаған, ақпарат жер шарының кез -келген тұрғыны кіретін аудиторияға бағытталған, бұл аудиториядағы кез-клген адам бұл ақпаратты алуға өзі шешім қабылдайды. Жүйедегі ақпараттың шамадан тыс көп болуы тандауды өте күрделі проблемаға айналдырды, тандауға көптеген факторлар әсер етуі мүмкін, мысалы, трафикті дұрыс және тиімді визуалды берілуі және трафиктін аз мөлшері. Ал бұл талаптар қарама-қайшылыққа әкеліп соқтырады, шынында да жүйеде қызықты нәрселер өте көп және барлығына көп жағдайда уақыт жетіспейді.

Жүйеге енген жағдайда адам алдымен тақырыптар мен сілтемелерге қарайды басқа жағдайларда трафигі аз ресурстар таңдалады. Көптеген қолданушылар мөлшері көп файлдың іске қосылуына кететін уақытқа шыдамай терезені жабады немесе басқа сілтемені таңдайды. Себебі таңдау өте көп. Жүйедегі форматтар көбіне мәліметтердің компрессия әдістерін пайдаланады немесе жоғары деңгейлі мәліметтерді суреттеу тәсілдерін қолданады.

Flash технологиясы ақпараттық компрессия әдістерін де күрделі обьектілер де формальды суреттеуді де қолданады, бұл басқалармен салыстырғанда Flash-ты біршама жоғары қояды.Бір мәселені шешу үшін әрқашанда бірнеше амал бар, сондықтан кәсіби жоба құрушылар әрқашанда тиімді шешім табуға тырысады. Егер сіз кккөлемі үлкен Flash-терде суретті көрсеңіз, бұл жаңадан бастап жатқан дизайнердің жаңа жұмысы немесе шектеулі қолданушыларға арналған. Жақсы Flash-ресурс бұл жеңіл ресурс. Flash трафикті тиімді азайтуға мүмкіндік береді, Flash мультимедиалық және интерактивті мүмкіндіктерді пайдалануға өте тиімді. Мүмкіндіктерді кеңейту арқылы трафиктің мөлшері азайды. Жүйеде пайда болған компрессияның әдістері жүйедегі графиканың пайда болуына ықпал етті. Белгілі мерзімнен кейін жүйеге дыбыс қосылды, адамның сезім мүшелерін ақпаратпен беру қажеттілігі туындады. Алғашқы кезде медиа ақпараттарын жүйелі түрде бір форматқа біріктіретін тиімді тәсіл болмады. Проблема туындады және проблема шешімін тапты. Flash-тың негізін салушы Macromedia Director бұл проблеманы тіпті Flash-тан да тиімді жолымен шешті, бірақ оның жүйелік мүмкіндіктері Flash-тан төмен болды. Қазіргі кезде олардың екеуі де жүйеде бар, бірақ Director-дың әсер ету зонасы интернеттің қосымшалары емес, офф-лайнды қосымшалар. Бұл Macromedia фирмасының саясаты Director мультимедиалық өнімдерді дайындауда мүмкіндігі өте мол болса да, Director-ды зерттеу қиынға соғады. Flash технологиясы кейін дамығандықтан мультимедиалық қосымшалардың ең мықты концепцияларын бойына сіңірді. Flash концепциясы көптеген проблемаларды шешетін қазіргі заманғы мықты құрал.

Технологияның жетістіктері мен қолданылуы.

Flash әр-түрлі медиа мәліметтерді қосу проблемасын жеңіл шешеді, медиа құрамын қалыптастыру мерзімі басқа технологиялармен бірдей болса да сапасы артық. Жаңадан бастап келе жатқан жоспарлаушы да тез үйреніп, жұмысқа жарамды ресурстарды қалыптастырады. Дәл осындай жұмыс Director мен атқарылса үйренуге уақыт біршама көп жұмсалады және жаңа ресурстарды қалыптастыру мерзімі бірнеше есе көбейеді. Мультимедианың жүйеге қарай үздіксіз қозғалуы Flash-ты табысты етті. Жүйеде векторлы графика болғандықтан, оны құруға көмектесетін құрал пайда болу керек болды, әрине бұл құрал пайда болды. Компьютер графикасының екі түрі бар: растрлы және векторлы. Бұлардың екеуі де өздерінше жақсы және өздерінің қолдану аясы бар. Бірақ растрлы мен векторлы графиканың жүзеге асыру тәсілдері әртүрлі, растрлы графика суреттеуде өте жеңіл, себебі, координаттардың тік бұрышты тор көздерінде орналасқан түрлі-түсті нүктелерден тұрады. Ақпараттың көлемі суретті құрайтын нүктелер санына, суреттің өлшемі мен түстердің санына пропорционалды. Бұл суреттердің түрлі компрессия қолданылады, бірақ ақырғы нәтиже бірдей болады. Бұл суреттердің алгоритмдері әдетте өте жеңіл, тіпті көбісі аппаратқа енгізілген, бірақ бұл суреттерді үлкейткенде сапасы бірден төмендейді.

Векторлы графика басқаша принциптер мен құрылған. Оның негізінен адам санасын симлды табиғатын бейнелеу жатады. Векторлы сурет жай фигуралардың шектеулі санынан құрылады. Қисық сызықтар жай формулалармен анықталады, жай векторлы сурет растрлы біршама жеңіл. Векторлы графика ешқандай шектеулерсіз және сапалы түрде үлкейтіледі. Бірақ ақпараттың көлемі көбейген сайын вектролы графика растрлы графикамен салыстырғанда тиімсіз болады. Бұл әсіресе анимацияда айқын көрінеді, себебі векторлы графиканың өңдеу алгоритмдері компьютердің көп ресурстарын қажет етеді және оңай орындалады. Обьектілердің саны көбейсе жаңғырту жылдамдығы төмендей бастайды. Векторлы графиканың стандарттары да біршама күрделі. Осы себепке байланысты жаңа технологиялар да алдымен растрлы содан соң векторлы графика қолданылады.

Бұл заңдылық Flash технологиясында да орын алды. Осылайша мәтіннен кейін жүйеге графика енді. Жоғарыда аталған заңдылықтарды ескерсек, жүйеге вектролы графиканың енуі тек уақытқа байланысты болды. Flash нарықтың сұранымына ең тиімді жауап ретінде пайда болды.

Анимацияның технологиялары мен тәсілдері.

Алдымен қазіргі уақытқа дейін пайда болған компьютерлі анимацияның түрлі тәсілдерін қарастыру керек. Олардың барлығы компьютерлі емес анимациялы техникаларда пайда болды, бірақ уақыт өте келе қайталанбас компьютерлі ерекшеліктерге ие болып келеді, анимация техникаларының саны өте көп. Аниматор қай техниканы қайда, қашан, қалай қолдануды өзі шешеді , әр үлкен жоба үшін әдетте жаңа технологиялық тәсілдер жасалады, кейін оларды басқа технологиялар негізге алып қолдайды.

Растрлы анимация.

Бұл компьютерлі анимацияның ең жеңіл және ең ескі тәсілі. Растрлы анимацияда анимацияның әрбір кадрына бір сурет сай келеді, бұл файл мөлшерінің көбеюі анимацияның ұзақтылығына пропорционалды болады дегенді білдіреді. Компьютерлі анимацияның пайда болуынан бастап файл көлемін азайтуға көптеген күш жұмсалды, мысалы: компрессияның түрлі тәсілдерін қолдану және тағы басқалары. Бірақ сонда да растрлі анимацияның негізгі ерекшелігі оның көлемінің үлкен болуы. Экрандағы суреттің көлемі файлдың көлеміне пропорционалды, тиімділігі үшін кадрдің сызықтық өлшемдерін кемітуге болады. Бірақ жүйеге арналған кадр өлшемдері 120 -дан 90 нүктелерге дейінгі кішкентай анимационды фильмдерді толық мегабайттарға созады. Бұл үлкен дискілері бар қазіргі заманғы компьютерлерге тиелісіз бірақ интернет байланысының каналдары үшін өте пайдалы. Растрлы анимацианы алдымен кәсіби аниматорлар пайдаланды. Бірақ алғашында бұл тек қосымша түрде пайдаланылды, үлкен экранға оның сапасы жеткіліксіз болды. Алдымен бастапқы сурет көшірмелер жасалды, кейін телекамера немесе сканердің көмегімен цифрландырылды.

Осындай көшірме анимация өте тиімді және арзан amigа типті компьютерде жасалды, бұл компьютер теледидарға компьютерлі графиканың келуінің алғашқы бастамасы болды, бұл компьютердің алғашқы модельдерінде винчестер болмаса да толық экранда жай анимацияны өткізуге толық мүмкіндік берді және әлемдік стандарттардың бірі Pal немесе NTSC да телевизионды сигналдарды шығарды. Аmigа видео жүйесі осы стандарттардың жиілігінде жұмыс жасады бұл өте шапшан іс -әрекетті қамтамасыз етті. Бұл контурда анимацияны қарауға қолданылды. Кәсіби аниматорларға анимацияны алдын ала қарау ұзақ уақыт бойы проблема болды, аралық нәтижелерді кинокамералармен түсіру өте ұзақ және қымбат болды, соңғы кадрларда мултипликатты дұрыстау оданда қымбат болды. Компьютерде алдын ала қарау бұл проблеманы біршама шешті, уақыт өте келе растрлы анимацияны жұмыс жасауға ыңғайлы көптеген программалар пайда болды, бұл программалар бейнеленген анимацияны шын видео мен қосатын түрлі тәсілдерді қолдануға түрлі мүмкіндік берді, қазірде осындай программалардың бірнеше түрлері бар.

Бастапқы денгейдің пакеттері ойыншықтардан ешқандай айырмашылығы жоқ және әдетте кәсіби мамандар оны қолданбайды. Себебі суреттеумен редакторлау құралдарының саны шектеулі. Импорт пен экспорттың құралдары өте қарапайым немесе тіпті болмайды. Бұл программаларда кез-келген адам жұмыс жасай алады, бұл программаларды әдетте бір -екі программист құрастырады. Орта денгейлі пакеттер теледидар, жарнама, презентация мен шағын авторлық жобаларда кәсіби анимацияны құруға қолданылуы мүмкін.


© 2010-2022