Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Өткен оқу іс-әрекетінен түсінік беру. Реттік                           сан туралы түсінігін,  «Есеп бойынша нешінші?»  «Қайсысы?»                           сұрақтарына дұрыс  жауап беруін бекіту. Заттарды 5-ке дейін                                  санауды  үйретуді жалғастыру, соңғы санның барлық топпен                           ара қатынасын белгілеу ( мысалы:  барлығы – 5 доп)                           Балаларды берілген бағытта (алға- артқа, оңға- солға, заттардың                                арасына тұру, қозғалуға үйрету. «Нешеу екенін анықта?»                           дидактикалық ойыны. Балалардың   математика  пәніне деген қызығушылығын                                       арттыра отырып , ойын барысында  ой- өрістерін, тілдік                                               қорларын есте сақтау қабілеттерін арттыру. Күтпеген сәтте ән әуенімен Сайқымзақ кіріп келеді: -Сәлеметсіңдерме, балалар! -Сәлеметсіздерме, қонақтар! Мен, бүгін осы топта ашық оқу іс- әрекеті болатынын естіп, келе жатсам алдымнан шарлар ұшып,бара жатқанын  көріп,оны қуамын деп жүргенде  кешігіп қалдым.  Кешіріңіздер! -Қош келдің, төрлет сайқымазақ! -Мен қолымдағы шардың санында , пішінінде білмей келемін. Балалар маған көмектессе деймін.
Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Математика.

Тақырыбы: «Есеп бойынша нешінші?» «Қайсысы?»

Мақсаты: 1.Білімділігі: Өткен оқу іс-әрекетінен түсінік беру. Реттік

сан туралы түсінігін, «Есеп бойынша нешінші?» «Қайсысы?»

сұрақтарына дұрыс жауап беруін бекіту. Заттарды 5-ке дейін

санауды үйретуді жалғастыру, соңғы санның барлық топпен

ара қатынасын белгілеу ( мысалы: барлығы - 5 доп)

Балаларды берілген бағытта (алға- артқа, оңға- солға, заттардың

арасына тұру, қозғалуға үйрету. «Нешеу екенін анықта?»

дидактикалық ойыны.

2.Дамытушылығы: Балалардың математика пәніне деген қызығушылығын

арттыра отырып , ойын барысында ой- өрістерін, тілдік

қорларын есте сақтау қабілеттерін арттыру.

3. Тәрбиелігі: Балаларды ұйымшылдыққа, еңбекшілдікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: 1-ден 5-ке дейінгі сандар топтамасы, шарлар, суреттер,аңдар,

сайқымазақ.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық қозғаушы күш

Шаттық шеңбер:

Кел, балалар күлейік,

Күлкіменен, түлейік.

Қабақ шытқан не керек!

Көңілді боп жүрейік!

Балалар шаттық шеңбер құрады.

Іздену ұйымдастырушы

Күтпеген сәтте ән әуенімен Сайқымзақ кіріп келеді:

-Сәлеметсіңдерме, балалар!

-Сәлеметсіздерме,

қонақтар!

Мен, бүгін осы топта ашық оқу іс- әрекеті болатынын естіп, келе жатсам алдымнан шарлар ұшып,бара жатқанын көріп,оны қуамын деп жүргенде кешігіп қалдым.

Кешіріңіздер!

-Қош келдің, төрлет сайқымазақ!

-Мен қолымдағы шардың санында , пішінінде білмей келемін. Балалар маған көмектессе деймін.

- Балалар, біз өткен оқу іс-әрекетімізде осы геометриялық пішіндерді салыстыра отырып танысқанбыз. Қане, кім есіне түсіреді?

Балалар, бүгінгі біздің оқу іс- әрекетімізге Сайқымазақ және де көптеген аңдар келіп отыр екен. Оның қандай аңдар екенін жұмбақ арқылы тауып алайық.


Қоянның тапсырмасы:

Бес сәбіздің біреуін,

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда нешеуі,

Өз қолыңда қалады?

Тәрелкіде екі алма,

Қосып едім біреуін,

Болып шықты неше алма ?

Аюдың тапсырмасы:

Тақтада 5 қоянның суреті ілінген. Кез келген қоянның біреуіне 1 сәбіз беру керек.

Ол «Есеп бойынша нешінші?»

«Қайсысы?» екенін анықтап,

сұрақтарға дұрыс жауап

беру керек.

Түлкінің тапсырмасы:

Ойын: «Көршісін тап»

2, 3, 4 санының көршілерін тап.

Сергіту сәті ұйымдастырылады.

Жоғары қарап күн көрдім,

Төмен қарап жер көрдім.

Оңға, солға бұрылып,

Егеменді ел көрдім.

Қасқырдың тапсырмасы екеу:

Үлестірмелі жұмыс:

Суда балықтар жүзіп жүр.

Барлығы қанша екенін сана.Оң жаққа жүзіп бара жатқан балықты, қызыл түсті карандашпен қорша. Сол жаққа жүзіп бара жатқан балықты көк түсті карандашпен қорша.

2. Орындарыңнан тұрыңдар.

Алға бір адым, артқа бір адым

үстелмен мен отырғыштың

ортасына тұру.

Арыстанның тапсырмасы:

Ойын: «Адасқан аңдар мен сандар»

Аңдардың алдына сандар ілінген,олар ән әуенімен билейді. Ән аяқталғанда реттік сан ретімен орналасып қалу керек.


Балалар таң ғажайып сәтке бөленеді.Балалар Сайқымазақпен амандасады.


Балалар амандасады



Балалар шардың санын, пішінінің бірі дөңгелек , бірі сопақша екенін айтып жеткізеді.


Әсем:

Сыбдыр шықса қашады,

Қырдан бір-ақ асады.

(қоян)

Қоян шығады

.

Нұркелді:

Қыс бойы жатады,

Тәтті ұйқыға батады.

(аю)

Аю шығады.

Өзі қу,

Жүрген жері шу.

(түлкі)

Түлкі шығады.

Нұрдәулет:

Сұр түсті,

Ақсиған көп тісті.

(қасқыр)

Қасқыр шығады.

Ақжібек:

Қанжардай тісі бар,

Суық үрейлі, түсі бар.

(арыстан)

Арыстан шығады.

4 сәбіз 4 санын көрсетеді.

Балалар қоянның тапсырмасын орындайды.

Балалар аюдың тапсырмасын орындайды.

Балалар түлкінің тапсырмасын орындайды.

Сергіту сәтін жасайды.

Балалар қасқырдың тапсырмасын орындайды.




Балалар арыстанның тапсырмасын орындайды.


Рефлексті коррекциялаушы

Дидактикалық ойын:

«Нешеу екенін анықта?»

Ойынның шарты: Тәрбиеші

Неше рет алақанын соқса, сонша саны бар карточканы көрсет.

Балаларды мадақтап, қорытындылау.

Балалар ойынды көңілді ойнайды.

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Балалардың реттік сан туралы түсінігі, берілген бағытты

ажырата білуі;

Болуы керек: Белсенді,тапқыр болуы;

Баланың қолынан келуі: Логикалық есептерді, жұмбақтарды шеше білуі;


© 2010-2022