Сабақ жоспары: Практикалық жұмыс «Циклді ұйымдастыру операторы» (9 сынып)

Раздел Информатика
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мерзімі:

Сыныбы: 9 «А», «Ә», «Б», «В», «Г», «Ғ»

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс «Циклді ұйымдастыру операторы»

Сабақтың мақсаты: Паскаль тілінің параметрлі қайталау FOR операторын оқып үйрену.

Білімділік: Паскальда программа құру дағдыларын қалыптастыру;

Дамытушылық: Алгоритмдік ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелік: Өз ойын жүзеге асыру, нәтижеге жету іскерлігін ояту.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ (жаңа материалды оқып үйрену және бекіту).

Сабақтың түрі: Әңгіме - сабақ, жаңа материалды өз бетімен оқып үйрену, дәптерде және компьютерде практикалық жұмыс.

Оқыту құралдары: ДК. Паскаль жүйесі. Оқыту программалары. Дидактикалық материал. Интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру: Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу. Сынып оқушыларының зейінін жинақтап, сабаққа ынтасын аудару;

Өткен материалдарды қайталау сұрақтары

  • Қайталау операторлары не үшін қолданылады?

  • Цикл дегеніміз не?

  • Қайталау операторларының қанша түрі бар?

  • Тура және кері есепшоты бар циклдер?

  • REPEAT қандай оператор?

  • REPEAT операторының жалпы жазылу түрі қандай?

Компьютермен жұмыс

№1. 1-ден 100-ге дейінгі сандарды экранға шығаратын программа жаз.

Program san;

Var i: integer;

Begin

Writeln ('1-ден 100-ге дейін бүтін сан');

Writeln;

For i:= 1 To 100 Do

Writeln(i: 4);

End.

№2. 30-дан 10-ға дейінгі барлық жұп сандарды экранға шығаратын программа жаз.

Program jup;

Var i: integer;

Begin

Writeln ('30-дан 10-ға дейінгі жұп сан');

Writeln;

For i:= 30 DOWNTO 10 Do

If i mod 2=0 then

Writeln(i);

End.

№3. (103 бет, 11 тапсырма)

1-ден 100-ге дейінгі тақ сандардың және жұп сандардың қосындыларын табудың программасын құру керек.

Program tak&jup;

Var i, s, s1: integer;

Begin

s:=0; s1:=0;

For i:=1 To 100 Do

Begin

If i mod 2 then s:=s+i

Else s1:=s1+i;

Writeln ('s=' , s,' , ' , 's1=' ,s1);

End;

End.

№4. 20-тен 1-ге дейінгі сандардың қосындысын есептеу керек.

Program kosindi;

Var i, s: integer;

Begin

s:=0;

For i:= 20 DOWNTO 1 Do

s:=s+i;

Writeln('s=' ,s);

End.


№1. 1-ден 20-ға дейінгі жұп сандардың квадраттарын және кубтарын табу программасын жаз.

№2. 1-ден 20-ға дейінгі тақ сандардың кубтарының қосындысын табу программасын жаз.

№3. Сабақ жоспары: Практикалық жұмыс «Циклді ұйымдастыру операторы» (9 сынып) функциясының мәнін тап. X=2, 4, 6, 8, 10; қадам 2-ге тең.

№4. 1-ден n-ге дейінгі сандардың қосындысын және көбейтіндісін тап.

№5. n! есептейтін программа құр n=10

Сабақты бекіту сұрақтары

  • Цикл дегеніміз не?

  • Циклдік алгоритмнің неше түрі бар?

  • Программаның нәтижесін қалай көреміз?

  • While операторының жалпы жазылу түрі қандай?

  • While операторының орындалу тәртібі қалай?

  • Repeat операторының жалпы жазылу түрі қандай?

  • Repeat операторының синтаксистік диаграммасы қандай болады?

  • Repeat және While операторларының айырмашылығы неде?

  • For операторының жазылу үлгісін көрсет?

Үйге тапсырма:

№1. x=8,6,4,2 болғанда y=x2 мәндерін табатын программа құр.

№2. Ақпарат алмасудың Американдық стандартты код символдарын (ASCII) экранға шығаратын программа құру керек.


© 2010-2022