Ашық сабақ тақырыбы: Мәтінді теру және түзету ережелері (5 - сынып)

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 17.02.2016ж

Пәні: Информатика

Сыныбы: 5 «Б»

Сабақтың тақырыбы: Мәтінді теру және түзету ережелері

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділігі: 1. WordPad редакторында құжатты пішімдеу тақырыбы бойынша оқушылардың білімін тексеру, редактормен жұмыс жасау ережелері және сауатты теру дағдысына қалыптастыру.

ә) Дамытушылығы: Оқушыларды осы тақырыпты пайдалана отырып, мәтінді қатесіз жазу шеберлігіне баулу, танымдық белсенділігін арттыру.

б) Тәрбиелігі: Оқушыларды мәтінді қатесіз теруге және түзете білуге , қызығушылыққа, топпен жақсы жұмыс жасай алуға, дарындылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, дербес компьютер, плакат, үлестірмелі қағаздар, сөзжұмбақ, презентация.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру

  2. Үй тапсырмасы «Сиқырлы кітап» ойыны

  3. Жаңа сабақ «Білгенге маржан»

  4. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс «Кім жылдам?»

  5. Сергіту сәті

  6. Сабақты бекіту

  7. «Рефлексия» әдісі. Кері байланыс орнату

  8. Бағалау

  9. Қорытынды

  10. Үйге тапсырма

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесіп, олардың және сынып бөлмесінің сабаққа әзірлігін бақылап, оларды түгендеп, сабақ жоспарын хабарлау.

ІІ. Үй тапсырмасы «Сиқырлы кітап» ойыны

«Сиқырлы кітап» ойыны.

Сиқырлы кітап ішінде өтілген тақырыптар жазылған 10 сұрақ жасырылады.

1.WordPad қандай редактор?
2. Мәтіндік редактор дегеніміз не?
3. WordPad редакторының терезе элементтері қандай?
4. WordPad - ты қалай іске қосамыз?
5. Мәтінді не арқылы тереміз?
6. WordPad редакторында үнсіз келісім бойынша жұмыс бетінде жыпылықтап тұратын І тәріздес қандай белгі?
7. Мәтіндік редактордан қалай шығамыз?
8. Мәтін қандай өлшеммен жазылады?
9. Екі сөздің ортасына не қойылады?
10. Мәтін элементтеріне нелер жатады?

ІІІ. Жаңа сабақ «Білгенге маржан»

Бүгінгі жаңа тақырыпты ребус және сөзжұмбақтарды шешу арқылы бастаймыз.

Оқушылар интербелсенді тақтада көрсетілген ребусты шешеді.

Сөз жұмбақ

м

ә

т

і

н

д

і

к

н

ү

к

т

е

л

е

р

с

ө

з

с

у

р

е

т

м

а

с

ш

т

а

б

с

а

қ

т

а

у

1.WordPad қандай редактор?

2.Барлық растрлық кескін неден тұрады?

3. WordPad мәтіндік редакторының негізгі элементтерінің бірі?

4. «Paint» сөзі ағылшын тілінен аударғанда қандай мағына береді?

5. Ұсақ детальдармен жұмыс жасау үшін қандай сайман қолданылады?

6.Файлды жаңа атпен сақтау үшін қандай бұйрықты орындау керек?



  • Мәтін теру ережелері:

Бас әріпті немесе символды жоғары регистрден енгізу үшін Ашық сабақ тақырыбы: Мәтінді теру және түзету ережелері (5 - сынып) пернесін басып, жібермей ұстап тұру керек.

2. Егер бас әріппен бірнеше сөз енгізу керек болса - Ашық сабақ тақырыбы: Мәтінді теру және түзету ережелері (5 - сынып) пернесін қос.

3.Бір бос орын сөздердің арасына және тыныс белгілерінен кейін қойылады.

4. Дефис бос орынсыз қойылады. Мысалы: жан-жақты, бетпе-бет.

5. Ұзын сызықша ( тире) алдынан да, соңынан да бос орынмен қойылады: «Блокнот-қарапайым мәтіндік редактор».

6. Даталарды, қысқартылған аты мен әкесінің аты (инициалы) енгізілгенде және

ұқсас жағдайларда үзілмейтін бос орын қолданылады. Ол пернелердің

Ctrl+Shift+ бос орын тізбектемесін терумен орындалады.

7. Тырнақшаларға немесе жақшаларға алынып жазылған сөздер олардан бос

орынмен ажыратылмайды: «Информатика» журналы, Целиноград қ. (қазіргі

Астана қ.).

8. Рим цифрларын енгізу үшін латынша бас әріптер қолданылады.

Мысалы: ХХІ ғасырдың басы.

9. Ашық сабақ тақырыбы: Мәтінді теру және түзету ережелері (5 - сынып) пернесін абзацтың соңында басады. Жолдарды тасымалдау автоматты түрде жүзеге асады.



  • Мәтін бойынша жылжу

Курсорды мәтін бойынша стрелкалармен , HOME (жолдың басына) , End (жолдың соңына), Page up ,Page Down (бір бетке жоғары немесе төмен) пернелерімен жылжытуға болады

  • Егер құжат беті көп болса, мәтіннің соңына қалай жетуге болады?

  • Көмекке Ctrl+End пернелер тіркесімі келеді.



  • Мәтінді теру кезіндегі кейбір пернелердің қызметі:

Enter-жаңа жолға көшу

Shift- бас әріптерді теру

Caps lock-бас әріптер режиміне көшу

Backspace-меңзердің сол жағындағы символдарды өшіру

Delete-меңзердің оң жағындағы символдарды өшіру

ІV. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс «Кім жылдам?»

А-деңгейі «Теру» тобы

Мәтін теру ережелін сақтай отырып, теріңдер.

Полкан деген ит

Біз мектепте оқып жүргенімізде ұстазымыздың қорасында бір Полкан деген үлкен ит бар еді. Терезеден қарап тұрғанымызда, әлгі Полканға бір кішкентай қанден ит келіп, өршеленіп үріп, аяғын тістеп, үстіне секіріп тиісе бастады.

В-деңгейі «Түзету» тобы

Мәтін теру ережелін сақтай отырып, теріңдер.

Ғалым кісі

Бір ғалымнан жаңа дінге кірген адам:

  • Тақсыр, мен иманды қалай үйренемін?-деп сұрапты. Ғалым айтыпты:

  • Шыққан күн мен айдан, көк пен жерден, су мен желден, жер мен таудан, жаңбыр мен қардан үйрен, - депті.

С-деңгейі «Теру», «Түзету» топтары

Ұқыпсыз теруші мақалдар мен мәтелдерді тере бастап, бәрін шатастырып алыпты. Терушіге қателерін түзетуге көмектесіңдер.

Жақтылықа жақылық-ісі әр кісінің,

Жамьандыққа жақсылық-ер кісінің ісі


тамырымен мықты Ағаш,

Адамн дос-жарымен мықты.

Аққыл көпке жеткізер,

Жеткізер Өнюер көкке.

V. Сергіту сәті.

«Теру» тобы


1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала (Жігітті досына қарап, бағала)

2. Байт биттен құралады (Теңге тиыннан құралады)

3. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)

4. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім (Аттың сыры, иесіне мәлім)

5. Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса (Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса)

6. Білмесең, «анықтама»-дан сұра (Білмесең білгеннен сұра)

«Түзету» тобы

Жануарға ұқсас атым бар,
Бағдар көрсетер затым бар
Кілемше үстінде тұрамын,
Ең қажетті құралмын (тышқан - мышка - mouse)

Қанша тетік тізілген
Саусағыңды сезінген
Барлық сенің ойыңды
Компьютерге енгізген (пернетақта - клавиатура - keyboard)

Компьютермен енеді,
Қағазға басып береді. (басып шығарғыш - принтер - printer )

Экранның бетінде оның тұрағы,

Қашан болсын жыпылықтап тұрады. (меңзер - курсор - mouse pointer)

Өзі темір, жаны жоқ.
Ақпаратты сақтап таратқан,
Жұртты өзіне қаратқан. (компьютер - компьютер - computer)

Барлық сурет, мәтінді
Компьютерге енгізген
Керек емес жерін де
Компьютерден өшірген (мәтіналғы - сканер - scanner)

VІ. Сабақты бекіту:

Сәйкестендіру тесті

1.Word Pad қандай редактор? А) Shift

2. Мәтіннің негізгі элементтері? B) Басына

3.Мәтіндік редактордыің терезесінде кішкентай

жыпылықтайтын сызықша қалай аталады? C) RTF

4. Word Pad-ты іске қосу жолы D) Ctrl+End

5.Абзацтың соңында қандай пернені басады? E) курсор

6. Бір бетке жоғары немесе төмен пернелерін көрсет Ғ) Caps Lock

7.Бір-бірінен тыныс белгілерімен немесе бос орындар- G)Бастау-Барлық программалар

мен ажыратылып жазылатын символдың бірі? - Стандартты- Word Pad

8. Word Pad-редакторында құжатты сақтауға арналған H) Символ, сөз,жол,абзац,

файл типін көрсет. бет, мәтін.

9.Бас әріппен бірнеше сөз енгізу пернесі қандай? I) Page up, Page Down

10.Мәтіннің соңына қандай пернелер арқылы жетеміз? J) Мәтіндік

11.Бас әріпті немесе символдары жоғарғы регистрден

енгізу үшін қандай пернені басады? K) Сөз

12.Home пернесі жолдың қай бөлігіне алып барады? L) Enter

VII. «Рефлексия» әдісі. Кері байланыс орнату

VIIІ. Бағалау

Оқушылар өздерін бағалау парағы бойынша бағалайды.

р\с

Аты-жөні

Үй тапсырмасы

1 - жұмыс

2- жұмыс

Сабақты бекіту

Барлығы













ХІ.Сабақты қорытындылау

  • Түзетуге (редактирование) жататындар: мәтін фергаменттерін жою, қосу, жылжыту, көшіру, іздеу және алмастыру.

  • Мәтінді ерекшелеу үшін пернетақта мен тышқанды қолданған қолайлы. Мәтін бойынша жылжу пернелері мен Ctrl, Shift пернелері бірге пайдаланылуы мүмкін.

X.Үйге тапсырма

§20. Мәтінді теру және түзету ережелері. Тақырыпты оқу, бақылау сұрақтарға жауап беру.

Қосымша тапсырма: «Туған жер», «Менің Отбасым» атты тақырыптарға үйден қысқаша мәтін жазып әкелу, Word Pad-қа теру.

© 2010-2022