Paint графиктік редакторының құралдары. Қисық сызықтар. , көпбұрыштар салу. Құю құралын пайдалану

Раздел Информатика
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы:7 Пәні: информатика Күні:

Тақырыбы

Paint графиктік редакторының құралдары. Қисық сызықтар., көпбұрыштар салу. Құю құралын пайдалану.

Жалпы мақсаты

1. Оқушыларды графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету.Қисық сызықтар, көпбұрыштар салу дағдыларын қалыптастыру.

2. Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық - абстракциясын дамыту.

3. Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.

Сілтеме

Компьютер, «Информатика» оқулық, жұмыс дәптері.

Оқу нәтижесі

Оқушыларды осы тақырыпты пайдалана отырып,сурет салу шеберлеріне баулу,сол шеберлікке ұмтылу барысында логикалық және фантазиялық,ойлау қабілеттерін арттыру, танымдық белсенділіктерін дамыту, іздендіру. Оқушылардың компьютермен жұмыс істеудегі жетістіктерін одан әрі арттыра түсіп, алған білімдерін басқа пәндер үшін және жалпы келешекке өздері үшін пайдалана білулеріне ықпал ету. Өзін-өзі, өзгені бағалай білу.

Түйінді идеялар

Жай мұғалім хабарлайды,

Жақсы мұғалім түсіндіреді,

Керемет мұғалім көрсетеді.

Ұлы мұғалім шабыттандырады. Уильям Уорд

Тапсырмалар

  1. Сергіту сәті

  2. Топқа бөлу

  3. Топ ережесін құру

  4. Үйге берілген тапсырма бойынша жан-жақты білімдерін бағалау. Слайд арқылы «Раіnt» ребусының шешуін табу

  5. Мағына ашу «Бейнекөрініс». Paint графиктік редакторының құралдары

  6. Презентация

  7. Топтық жұмыс «Постермен жұмыс»

  8. Ыстық орнын бағалау

  9. Ассецияция «Мен өзімді неге теңеймін»

Сабақта қолданылатын материалдар

АКТ Бейнекөрініс (Paint графиктік редакторының құралдары) оқулықтағы

4.2 тақырып (121 -123 беттер),маркерлер, стикерлер, постермен жұмыс

Оқыту әдістері

Топтық жұмыс. АКТ. СТО әдістері бағалау

Дерек көздері

АКТ, оқулық, тест

Оқуға арналған

тапсырмалар

«Paint графиктік редакторының құралдары. Қисық сызықтар., көпбұрыштар салу. Құю құралын пайдалану» тақырыбын оқып, түсіну.



Сабақ барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларды қарсы алу

\1 мин\

Сергіту сәті

1.Ойлан тап!

2.Мысықтың сұрағы

1 тапсырма

Оқушыларды топқа бөлу

\2мин\

Әртүрлі Paint құралдарының суреті шығады. Осы эллипс, бүріккіш, көпбұрыш құралдарды атап көрсету.Үш түрін көрсетеді.

«Ыстық орындықты» анықтау

Әртүрлі Paint құралдарының суретін шығару арқылы үш топқа бөлінеді.

Олардың қандай құралдар екенін табады.

Топқа құру.

\2 мин\

Топ ережесін құру. «Ыстық орындық» бағалау парағын критерийлерін анықтап беремін.

Оқушылар орындықтардың астындағы смайлик арқылы ыстық орындықтағы оқушыны анықтайды.

2 тапсырма

Білімдерін жан-жақты тексеру.

(10 мин)

«Ыстық орындық» пен топ мүшелері арасында сұрақ-жауап алмасу

\Жұлдызша беру\

Ыстық орындықтағы оқушы топ мүшелеріне, топ мүшелері ыстық орындықтағы оқушыға сұрақ қояды.

3 тапсырма

Деңгейлік тапсырма

\3мин\

Оқушыларға деңгейлік тапсырма беру, надпись құралын пайдаланып, мәтінді теріп, жауабын бейнелеп көрсету.

Оқушылар бір-бірін тексереді.

Бейнекөрініс \3мин\

«Paint графиктік редакторының құралдары» бейнекөрініс. Сонымен бүгінгі сабақта қандай тақырыпта ой қозғаймыз?

Оқушылар бейнекөріністен Paint графиктік редакторының құралдары туралы екендігін айтып, тақырыптың мәнін ашады.

Paint графиктік редакторының құралдары Paint редакторында 16 құрал пайдалануға болады. Осы құралдар мен жеке жұмыс істеу мысалдарымен таныстырып, айтып білімдерін ортаға салып, дәлелдер келтіреді.

Презентация \5мин\

Слайд арқылы Paint графиктік редакторының құралдары таныстыру, Қисық сызықтар., көпбұрыштар салу. Құю құралын пайдалану. және ұғындыру

Оқушылар тыңдайды, ой бөліседі және компьютермен жұмыс көрсетеді.

4- тапсырма \5мин\

Үш топқа, жаңа тақырып бойынша үш тапсырма беру. а) төртбұрыш, көпбұрыш, қарындаш т.б құралдарын «Менің үйімнің ауласы» тақырыбында сурет салу.

Үш топ бір-бірін тексереді, қателерін тауып кері байланыс жасайды.

5тапсырма.Материалды түсінуді жақсартуға бағытталған сұрақпен тапсырмалар \8мин\

Мәтіндегі сұрақтарды қою.

Оқушылар білгендеріне қолдарын көтеріп жауап беру

4.Қорытындылау

\2 мин\

Смайликпен марапаттау

«Ыстық орындықтың» бағалау парағы бойынша бағалайды.

5.Рефлексия \2мин\

«Мен өзімді неге теңеймін?»

Бәрі шеңбер құрып тұрады да, өз ойларын ортаға салады

Райымбек ауданы

Ақсай ауылы

Информатика пәнінің мұғалімі: Мырзахметова БануPaint графиктік редакторының құралдары. Қисық сызықтар., көпбұрыштар салу. Құю құралын пайдалану.

© 2010-2022