Сабақ жоспары: Репейт операторы (8 сынып)

Раздел Информатика
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Қайталау операторы. Repeat операторы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды циклдің түрлерімен таныстырып, оларды ұйымдастыруға қолданылатын оператордың жазылу ережесін түсіндіру. Қайталау операторы көмегімен программа құру, командаларының жазылу ретін, өрнектелуін үйрету.

Білімділік: Оқушылардың алған білімін практикада қолдана білу, есепті жылдам теруді, күнделікті реттілікке бейімдеу. Оқушылардың білімін тереңдету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту. Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа, тианақтылыққа, жүйелілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: компьютер, тақта, жұмыс дәптері.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасын сұрау.

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Сабақты бекіту.

Үйге тапсырма беру.

Ұйымдастыру.

1.Оқушыларды түгелдеп,журналға белгі қою,оқушылардың дәптерлерін, оқулықтарын қарап шығу.

2.Сынып, тақта,парта тазалығын қарап шығу,қажет болса ескертулер жасау.

3.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Үй тапсырмасы:тест,карточкалар арқылы сұралады.

Жаңа түсініктер

REPEAT операторы. REPEAT қайталау операторы WHILE операторына ұқсас, айырмашылығы - қайталану шарты цикл соңында тексеріледі, сондықтан ол кем дегенде бір рет орындалатын болады. Екінші өзгешілігі - цикл тұлғасы шарт жалған болғанда қайталанып, ол ақиқат болған кезде циклді орындау доғарылады(While операторында керісінше болатын.)

Бұл оператор REPEAT (оқылуы: репит, қайталау болып аударылады) және UNTIL (оқылуы:антил, дейін, шейін болып аударылады) түйінді сөздерін пайдаланып орындалады. Оператор repeat сөзінен тұратын оның тақырыбынан, цикл тұлғасынан және қайталау шартынан құрастырылады да, синтаксистік диаграммасы кескінделеді:

Бұл жерде операторлар REPEAT және UNTIL сөздерінің арасына орналасатындықтан, мұнда Begin және End сөздері жазылмайды.REPEAT операторының циклі ішінде оның орындалу шартына әсер ететін кем дегенде бір оператор болуы тиіс, әйтпесе ол шексіз қайталана беруі мүмкін. Егер қайталау кезінде цикл ішінде көшу операторы болып, ол басқаруды цикл сыртындағы операторға берсе, онда циклдің орындалуы әрі қарай жалғаспайды.

Бұл жерде операторлар REPEAT және UNTIL сөздерінің арасына орналасатындықтан, мұнда Begin және End сөздері жазылмайды.

REPEAT операторының циклі ішінде оның орындалу шартына әсер ететін кем дегенде бір оператор болуы тиіс, әйтпесе ол шексіз қайталана беруі мүмкін. Егер қайталау кезінде цикл ішінде көшу операторы болып, ол басқаруды цикл сыртындағы операторға берсе, онда циклдің орындалуы әрі қарай жалғаспайды.

Сабақты бекіту.Паскаль да есеп шығару.

Тапсырма 1:

Program factorial 1;
var n:integer; p:real;
begin
write ('n сандарын енгізіңдер:')
readln(n);
p:=1;
repeat
p:=p*n; n:=n-1;
until n:=0;
writeln('n!=',p);
END.

Тапсырма 2:

PROGRAM EYOB; ( * екі санның ең үлкен ортақ бөлгішін табу *)

VAR n, m, x, e, y : INTEGER;

BEGIN

WRITE (`m, n сандарын енгізіңдер:`);

READLN (m, n);

x:= m; y:= n;

REPEAT

IF x>y THEN x:= x - y ELSE y:= y - x

UNTIL x=y;

e:= x;

WRITELN (` Ең үлкенортақ бөлгіш =`, e);

END.

Тапсырма 3

REPEAT <оператор> UNTIL<шарт>
Мысалы: S:= 10+9+8+7+6 қосындысын табу

Program esep;
var i,s : integer ;
begin
i:=10 ;
s:=0;
repeat s:=s+1;
i:=i-1;
until i<5;
write ('i=',i, 's=',s);
end .

Үй тапсырмасы:Өтілген операторлар түрін қайталап, өтілген тақырыптар бойынша тест құрып келу.

Бағалау.



© 2010-2022