Blender. Программа интерфейсі, терезелер, объектілер

Раздел Информатика
Класс 10 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Blender. Программа интерфейсі, терезелер, объектілер.

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Блендер программаның негізг і принциптерін, терезелер және объектілердің қасиеттерін меңгерту;
ә) дамытушылық: өмірден мысалдар келтіруді және програмамен жұмс жасауа компьютерді тиімді қолдануды үйрету, шығармашылық және логикалық ой-лау қабілеттерін дамыту;
б) тәрбиелік:оқушының шығармашылық білігін, танымдық қабілетін, өзі тұжырым жасауға және өзінің айтқанын дәлелдеуге тәрбиелеу
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың көрнекілігі:
ДК, интерактивті тақта, Blender программасы

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі

а) кабинетті және құрылғыларды сабаққа әзірлеу;
ә) оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;
б) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
II. Ой шақыру (Жасырылған сөзді табу)

  1. Алгоритмді графиктік жолмен жазу /блок-схема/

  2. Принтердің түрі (лазерлік)

5 Ақпаратты тасмалдаушы құрылғы (диск)

Қызығушылық ояту -жаңа білімге бойлату

Оқушылардың 3D моделдеу туралы ойын білу үшін ассоциация толтыру.

Оқушыларға 3D туралы толық мәлімет беру. Яғни 3 қатпарлы, яғни 3D, анимация және моделдеу соңғы жылдары тез қарқынмен дамып, кең ауқымды қолданысқа түсті. Бұл, сөзсіз, өнердің жаңа саласы кино, мультипликация, рекламмалық роликтер дайындау, ойын жасау және түрлі презентациялар жасаудан бастап, сәулет өнері мен инжинерияда және көптеген т.б салаларда қолданылады.

Бүгінгі шолуымызда 3 қатпарлы моделдеу мен анимацияны түрлі этаптарға бөліп қарастырамыз.

Жалпы 3D анимацияның не екенін түсіну үшін көзіңіздің алдында тұрған барлық заттарды кеңістікке (декарттық X, Y, Z кеңістігі) жайғастырыңыз. Сонда әрбір заттың белгілі бір координатасы бар нүктелерден және түрлі өзінен кіші фигуралардан (сызық, эллипс, куб т.б) құралғанын байқаймыз. Міне 3D модельдеу және оны анимациялау негізінде осы принцип жатыр, яғни "аса күрделі заттарды қарапайым нүктелер не фигуралар көмегімен кеңістікте құрастыру".

ІІІ. Жаңа сабақ - көкейтесті ұғымдар.
Жаңа түсініктер мен іс - әрекеттер тәсілін қалыптастыру

Blender бағдарламасын голландық анимациялық студиа NeoGeo құрастырған.1998 жылдың мауысым айында Blender-дің авторы Тон Розендаль NAN компаниясын ұсынады. Бірақ 2002 жылы компания NAN банкротқа ұшырады. Автордың сұрауы бойынша креторлар мүмкіндік береді 1000000 S кері сатып алуға. 2002 жылдың қазанның 13 жұлдызында компания Blender Foundation лицензиялық GNU GPL продуктты ұсынды. Кәзіргі кезде Blender бағдарламасы Blender Foundation компаниясының арқасында кең тарауда.

Негізінде бірінші шыққан кодына байланысты Blender -дің туған күні қаңтардың 2 күні 1994 жылы болып есептеледі. 2014 жылы Blender-ге 20 жыл болды.

Blender -3D модельдеу компьютерлік графика бағдарламасы. Blender бағдарламасының көмегімен 3D модельдеу, анимация жасауға, видеоүзінділерді өңдеуге,түрлі ойындарға логикалық объектілерді енгізуге мүмкіндік береді.

Ең маңыздысы, ол бағдарламаның азғантай көлемі (шамамен 10-20 мегабайт)

Blender әр түрлі ОЖ жұмыс істеуге мүмкіндік береді, олар: Linux, Windows, MacOS т.б.

Бағдарламаны тегін көшіріп алуға болады GNU лицензиясы бойынша.

IV. Түсінгендерін тексеру

І тапсырма

1. Бағдарламаны іске қосу

  1. Объекттерді өңдейтін виджеттермен жұмыс

істеп көру

3. Шыққан нәтижені сақтап қою

ІІ тапсырма

1. Геометриялық объекттерді түрлі түстерге бояу

2. Камера суретке түсір F12 пернесі арқылы

3. Шыққан нәтижені сақтап қою

ІІІ тапсырма

  1. Түрлі объектілерді енгізу

  2. Объектілерді өңдеу

  3. Түрлі түске бояу

Көзге жаттығу

V. Бекіту кезеңі

«Кім тапқыр» ойыны

Blender қандай бағдарлама (үш өлшемді)

Blender файлдарының кеңейтілуі (*.blend)

Blender- дің туған күні (02.01.1994)

Қандай студио арқылы құрылған (NeoGeo)

VI. Қорытындылау кезеңі. Сабақ барысында белсенділік танытқан оқушыларды бағалау.

VIІ. Үйге тапсырма: Материалды қайталау. Үй макетін жасау



© 2010-2022