Желілердің байланысу тәсілдері. Ауқымды желі. Интернет (ашық сабақ)

Сабақтың тақырыбы: Желілердің байланысу тәсілдері. Ауқымды желі. Интернет Сабақ мақсаты: Білім беру:Оқушылардың білім негіздері туралы түсініктерін тереңдету, жаңа тақырыпты меңгерту. Желідегі компьютерлердің байланысу тәсілдері, ауқымды компьютерлік желі туралы оқушыларға түсінік беру, оның мүмкіндіктері мен міндеттерін түсіндіріп, таныстыру. Дамытушылық:Оқушылардың ой-өрістерін, дүниетанымын дамыту. Ауызша және жазбаша жаттығулар, тесттік тапсырмалар, сабақта пайдаланатын әр түрлі тапсырмалар...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Теректі колледжі

2014 ж

"ЖЕЛІЛЕРДІҢ БАЙЛАНЫСУ ТӘСІЛДЕРІ. АУҚЫМДЫ ЖЕЛІ - ИНТЕРНЕТ"

тақырыбындағы ЕЖ бағдарламамен қамсыздандыру пәнінен ашық сабақтың дайындамасы

Дайындаған: Хайредденова Гульнар Тулеугалиевна

Бекітемін

Директордың

ОЖ орынбасары: Мацкевич О.И.

ТАРАУ 3

КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕР ЖӘНЕ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯЛАР

3.2 Ауқымды компьютерлік желілер. Интернет

Тақырыпшасы: 3.2.1 Желілердің байланысу тәсілдері. Ауқымды желі. Интернет

Сабақ мақсаты:

Білім беру:Оқушылардың білім негіздері туралы түсініктерін тереңдету, жаңа тақырыпты меңгерту. Желідегі компьютерлердің байланысу тәсілдері, ауқымды компьютерлік желі туралы оқушыларға түсінік беру, оның мүмкіндіктері мен міндеттерін түсіндіріп, таныстыру.

Дамытушылық:Оқушылардың ой-өрістерін, дүниетанымын дамыту. Ауызша және жазбаша жаттығулар, тесттік тапсырмалар, сабақта пайдаланатын әр түрлі тапсырмалар арқылы оқушы ойын жетілдіру, білім - білік дағдыларын қалыптастыру. Оқушылардың белсенділіктерін арттыру, іздендіру. Логикалық ойлау, өз бетінше жұмыстануын дамыту.

Тәрбиелілік: Оқушыларды жылдамдыққа, коммуникативтілікке, өз-өзіне сенуге, тиянақтылық пен ұқыптылыққа заман талабына сай ілесуге, жан - жақты болуға, компьютерлік сауаттылыққа, іздемпаздыққа, ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білім меңгеру сабағы

Сабақтың әдісі: Баяндау, түсіндіру, әңгімелесу және сұрақ-жауап әдістері.

Сабақтың оқу-әдістемелік құралдары мен көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, тақырыпқа жасалған конспекті, слайдтар (презентациялар), тапсырмалар, тест.

Пәнаралық байланыс:информатика, аппараттық жасақтама, ағылшын тілі

Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар:

Оқушылар білуі тиіс:

  • Желідегі компьютерлердің байланысу тәсілдерін;

  • Интернет туралы жалпы түсінік;

  • Интернет желісіне қосылуды;

  • Интернетке байланысу құрылымын;

  • Колледж компьютерлерінің байланысу тәсілдерін;

  • Интернет тарихын;

  • Протоколдар жөнінде түсінік.

Оқушылар үйренуі тиіс:

  • IP-адресті анықтауды;

  • Желі адресін табуды;

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

  1. Топ оқушыларымен амандасу

  2. Оқушылардың сабаққа қатысын және әзірлігін тексеру

  3. Сабақтың тақырыбын және тақырыпшасын жариялау

  4. Сабақтың мақсатын түсіндіру

І. «Қайталау - білім анасы» үй тапсырмасын еске түсіру үшін сұрақтарға жауап беру

(5-слайд)


  1. Компьютерлік желі дегеніміз не?

Телекоммуникация құралдарымен (дискі, файл, принтер, коммуникациялық құрылғылар) өзара байланысқан компьютерлер жиынтығын компьютерлік желі деп атайды (КЖ).

  1. Компьютерлік желіге қандай құрылғылар арқылы қосыла аламыз?

Компьютерлік желіге желілік тақша, модем немесе жоғары жылдамдықты сандық телефондық қызмет торабы арқылы қосылады

  1. Компьютердің байланыс желісімен сәйкестендіруін қамтамасыз ететін құрылғы? Желілік адаптердің түрлерін ата.

Желілік адаптер-компьютердің байланыс желісімен сәйкестендірілуін қамтамасыз ететін құрылғы. Компьютерлер (желілік адаптер) бір-бірімен кабельдер арқылы байланысады .Ethernet, Token Ring және ArcNett типтері жатады.

  1. Компьютерлік желінің түрлері қандай?

Жергілікті желі, аймақтық желі, корпоративті желі, телекоммуникациялық желі, ауқымды желі.

  1. Жергілікті желі дегеніміз не? Қандай түрлері бар?

Жергілікті желі дегеніміз бір-бірімен қатар орналасқан компьютерлердің біріктілген жүйесі. Олар үшін ортақ желілік жабдық пайдаланылады және бір бағдарламалық қамтамасыз ету дестесімен басқарыла береді. Жергілікті желінің екі түрі бар: клиент-сервер және бір деңгейлі (тең дәрежелі желі).

  1. Аймақтық желілер қандай жұмыс атқарады?

Бір қала мен ауданда немесе мемлекетте орналасқан мекемелердің компьютерлерін біріктіру үшін аймақтық желілер қолданылады.

  1. Корпоративті желілер қандай жұмыс атқарады?

Корпоративті желі - ұйымға немесе ұйымдар тобына қарасты жүйе. Көптеген ірі мекемелер өз желісінде орналасқан ақпаратты бөгде адамдардың қол сұғуынан сақтау үшін осы мекемеге тиесілі өз желісін, яғни корпоративті желіні құрайды.

  1. Телекоммуникациялық желі қандай жұмыс атқарады?

Үлкен қашықтықты және пайдаланушыларды молынан қамтитын желі. Телекоммуникациялық желілерде ақпаратты жіберу, телефон, телеграфтық, телевизиялық, және спутниктік жүйе байланыстары арқылы жүзеге асырлады.

ІІ. Негізгі бөлім. Жаңа сабақ түсіндіру.(8-слайд)

Күнделікті өмір қажеттілігіне байланысты бір нәрселер пайда болып жататыны белгілі. Әрине компьютерлік желілер туралы айтқанда бәрімізді де олардың шығу тарихы қызықтыратыны анық. Олай болса, желі дамуының қысқаша тарихы.

Өткен ғасырдың 60-ж. алғашқы компьютерлік желі жасалып, ол Калифорния университетін, Массачусет технологиялық институтын және RAND әскери ғылыми-зерттеу орталығын байланыстырды. (Ол ядролық жарылыс болған жағдайда елді басқару үшін қажет деп есептелді).

Желіге қойылған басты талап - қандай жағдай болса да, мәліметті бір орыннан екінші орынға сенімді түрде жеткізу болып саналды. Желіге оның басым бөлігі істен шықса да, қалған жағы дұрыс жұмыс істей беруі тиіс деген талап қойылды.

Сонымен біздің бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: «Желілердің байланысу тәсілдері. Ауқымды желі. Интернет»

Жұлдыз топологиясы

Желідегі компьютерлердің бір-бірімен геометриялық байланысу тәсілі топология деп аталады. Жұлдыз, шина, сақина, ақшақар. (9-14 слайд)

  1. Жұлдыз схемасы түріндегі топологияның жұмысы қалай атқарылады?

Жұлдыз тәрізді топологияда әрбір компьютер өз кабелімен жеке қоректену блогы бар таратқыш құрылғыға жалғанады. Ерекшелігі кабель үзілгенімен, тек бір жұмыс станциясы істен шығадыда, желі қалған станциялармен жұмыс істей береді.

Шина топологиясы

Шина схемасы түріндегі топологияның жұмысы қалай атқарылады?

Шина - ең қарапайым топология түрі. Мұндай желіде барлық компьютерлер бір кабельге тізбек түрінде жалғанады. Кемшілігі кабель зақымданса, желі жұмыс істемей қалады.

Сақина топологиясы

3)Сақина схемасы түріндегі топологияның жұмысы қалай атқарылады?

Сақина топологиясында компьютерлер тұйық сақина түрінде жалғанады. Кемшілігі кабель зақымданса, желі жұмыс істемей қалады.

  1. Ақшақар схемасы түріндегі топологияның жұмысы қалай атқарылады?

Ақшақар тәрізді топология;

Құрылғылардың құрамы мен бағдарламалық жабдығы топологияға байланысты анықталады. Желі топологиясын мекеменің қажетіне қарай таңдап алады. Егер мекеме көп қабатты үйде орналасса, онда оның әр қабатындағы жеке серверін байланыстыратын бүкіл мекемеге ортақ сервер беріліп, оны ақшақар схемасы деп атайды, көбінесе осы топологияны пайдаланған тиімді.

Ауқымды желі (16-18 слайд)

Бір немесе бірнеше желілерді бір - бірімен өзара байланыстыру желіаралық байланыс немесе ауқымды желі деп аталады. Ауқымды желі қала, аймақ, ел, бүкіл Жер шарын қамтиды.

Интернет желісі

1969 жылы АҚШ-та қорғаныс министрлігіне қарасты компьютерлік орталықтарды бірқатар академиялық ұйымдармен біріктіретін ARPAnet компьютерлік желісі құрылды. ARPAnet желісін құрудағы басты мақсат - кенеттен ядролық шабуыл бола қалған жағдайда, байланысты қалай ұстап тұруға болатындығын зерттеу және зерттеушілердің өзара ақпарат алмасуын қамтамасыз ету болатын. Осы желі ұлғайған сайын басқа да компьютерлік желілер пайда болып, дами бастады. Дербес компьютерлердің дәуірі басталмай тұрып, ARPAnet-ті құрастырушылар Internetting Project («Желілерді біріктіру жобасы») бағдарламасын жобалауға кіріскен болатын. Бұл жобаның нәтижесі мынадай жетістіктерге алып келді. Біріншіден, АҚШ-тағы ең ірі компьютерлік желі internet желісі дүниеге келді. Екіншіден, осы желіні АҚШ-тың басқа компьютерлік желілерімен біріктіру қолға алынған болатын. Осы желілердің пайда болуы әлемнің барлық компьютерлік желілерін өзара байланыстыруға арқау болды. Осындай «желілердің желісін» қазір барлық елде бір ғана сөзбен - Internet (қазақша баламасы - Интернет) деп атайды

Internet - миллиондаған компьютерлерді бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі амалдармен қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын дүние жүзіндегі ең үлкен ғаламдық желі.

Internet - сөзі тікелей мағынасында халықаралық желі дегенді білдіреді. (INTERnational NETwork). Internet ең соңғы жаңалықтарды оқып, ауа райы туралы мәлімет алуға, қандай да бір тауарға не ұшақ билетіне тапсырыс беруге, аз ғана уақыт аралығында электронды пошта арқылы хабарламалар алмасуға, бейнеконференциялар өткізуге және тағы да басқа көптеген мүмкіндіктерді ұсынады.

Интернет әр түрлі ережемен жұмыс істейтін желілірді біріктіреді. Бұл ережелерді біріктіру үшін шлюз құрылғысы қызмет етеді. Шлюз - басқаша тәсілмен үйлеспейтін желілерді қосатын құрылғы.

Интернет - миллиондаған компьютерді ақпаратқа шексіз қол жеткізетін және түрлі амалдармен қатынас жасайтын мүмкіндігін ұсынатын жүниежүзіндегі ең танымал және ең үлкен желі. Әр пайдаланушы одан өзіне керектісін тауып, оған керекті дегенді береді. Соның нәтижесінде Интернет ақпарат ресурстарымен толығып отырады.

Интернетке қосылу үшін не керек?

  • Компьютер

  • Модем

  • Телефон жүйесі

  • Бағдарламалық қамтылу

  • Провайдер

Модем - компьютерлерге телефон желілері немесе байланыс желілері арқылы өзара мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы. (МОдулятор/ДЕМодулятор сөзінің қысқартылуы). Компьютердегі сандық сигналдарды аналогтық сигналдарға айналдыруды қамтамасыз ететін, қабылдаушы жағында сигналдарды осыған кері түрлендіретін құрылғы. Модемдер ішкі және сыртқы болады. (20 слайд)

Провайдер - бұл ұйымдар мен жеке тұлғаларға интернет қызметтерін ұсынатын компания. Провайдер ретінде жекеменшік арнайы фирмалар да, ірі телефон компаниялар да қызмет істей алады.Интернетке қосылу үшін компьютерге иесіне лайықты провайдерлер тауып Интернетте жұмыс істеуге келісімге отыруға болады.

Провайдерлер Nursat, Para sand, SSC Communications, Қазахтелеком, Астел Арна Спринт. Қазір біздер қазахтелеком ұсынған тариф Megaline. (19 слайд)

Брандмауэр - мәліметтері қорғалған желіге рұқсатсыз қатынасуды (кіруді) болдырмайтын аппараттық-программалық құрал (желіаралық экран). (21 слайд)

Желіаралық экран екі желі арасындағы мәліметтер ағынын бақылап, белгілі бір «информациялық мембрана» рөлін атқарады. Мұнда экранды одан өтетін мәліметті талдап сүзгіден өткізетін бірнеше фильтрлер жиыны деп қарауға болады. Брандмауэр өзінде орнатылған алгоритмдер негізінде келіп түскен мәліметті өткізе ме, жоқ па - шешім қабылдайды.

Оған қоса, брандмауэр барлық «заңсыз» мәлімет алуға тырысқан жағдайлар туралы хабар жинап, «дабыл қағады» десе де болады.

Прокси-сервер (Интернет пен жергілікті желі арасында тұрады) - желідегі мәлімет тығыз-дығын азайтып, тасымалдау жылдамдығын өсіру үшін пайдаланылатын байланыс компью-тері. Прокси-серверде тұтынушылар көп қажет ететін мәлімет белгілі бір уақыт кезеңінде сақталып тұрады.

Егер бір тұтынушы жақын арада бір Web-пар-ақты қараған болса, екінші тұтынушы да сол мәліметті керек етсе, ол оны прокси-серверден алады. Екінші тұтынушы мәліметті түп нұсқа-дан алдым деп ойлайды. (22 слайд)

Маршруттауыш (Router)- бірнеше арналармен қатар жұмыс істеп, келіп түскен кезектегі мәліметтер блогын (пакетті) солардың біріне жөнелтетін құрылғы. Маршруттауыш келіп түскен пакеттің тақырыбында жазылған адреске сәйкес бір арнаны таңдап алады. Маршруттауыш әрбір пакет үшін, ол баруға тиіс адреске баратын жолды жеке таңдайды. Информацияны тасымалдау жолын таңдап алу процесін маршруттау деп атайды. (23 слайд)

Тарихи анықтама(25 слайд)

1969 ж. ARPANET желісі құрылды, ол АҚШ-тың бірнеше әскери, ғылыми және білім беру орталықтарын бір-бірімен байланыстырды.

1970 жылдары Internet (желілер желісі) - желілерді біріктіру термині пайда болды

Негізінде Интернеттің нағыз Интернетке айналуы 1982 ж. Желілердің физикалық негізі болып табылатын TCP/IP протоколы (хаттамасы) бекітілген соң ғана жүзеге асырылды.

Хаттама (протокол) - желі бөліктерінің өзара әрекеттесуін қамтамасыз ететін мәліметтер форматы мен байланысу ережелерінің жиыны

TCP (transfer control protocol) - мәліметтерді пакеттерге бөліп тасымалдауды жүзеге асыратын хаттама түрі.

IP (Internet protocol) - желідегі пакеттерді адрестеу хаттамасы.

Интернет желісін ұйымдастыру принциптері. (30 слайд)

Интернетте әрбір компьютердің IP-адресі болады. IP-адрес төрттік байттық тізбектен тұрады, әрбір байтты нүктемен бөлінген ондық сан түрінде беру қабылданған. Олар 0-ден 255-ке дейін мән қабылдайды. IP-адрес желідегі компьютерді бір мән анықтайды.

Желіде 4 млрд-тан артық компьютерлер болуы мүмкін. IP-адрес пен желі маскасы арқылы желі адресін анықтауға болады.

Желілердің байланысу тәсілдері. Ауқымды желі. Интернет (ашық сабақ)Желілердің байланысу тәсілдері. Ауқымды желі. Интернет (ашық сабақ)Желілердің байланысу тәсілдері. Ауқымды желі. Интернет (ашық сабақ)

(33-35 слайдтар)

Компьютердің IP-адресін анықтау былай жүзеге асырылады. (36 слайд)

Желілердің байланысу тәсілдері. Ауқымды желі. Интернет (ашық сабақ)

IІІ. Тапсырма: Желі адрестерін анықтау. (38 слайд)

Берілген IP-түйін адресі мен желі маскасы арқылы желі адресін анықтаңыз.

IP-түйін адресі: 142.9.227.146

желі маскасы: 255.255.224.0

IV. «Білім шыңы» тесттік тапсырма арқылы жаңа сабақты бекіту.

  1. Провайдер-бұл

1) сервердің жұмысын қадағалайтын адам

2) желіге қосу туралы шарт

3) желідегі жұмыс хаттамасы

4) интернеттің қызметін жеткізуші

5) интернет желісіне қосуға арналған құрылғы.

2. Ауқымды компьютерлік желі-бұл

1) Бірыңғай желіге біріктірілген компьютерлердің жиынтығы

2) Телефон желісі арқылы ақпарат алмасу жүйесі

3) Желі арқылы байланысты және бір өңірде орналасқан компьютерлердің жиынтығы

4) Желі арқылы байланысты және бір өңірде орналасқан компьютерлердің жиынтығы

5) үлкен қашықтықтарда компьютерлердің жиынтығы орналасқан локальдық желілер мен компьютерлердің жиынтығы

3. Топологиялардың түрлері

1) Жұлдыз

2) Жұлдыз, шина, сақина, жалпы шина

3) Шина, сақина

4) Шина, жұлдыз, сақина, қарша

5) Жұлдыз, шина

4. Желі жұмысының сенімділігінің төмендігі - бұл топологияның кемшілігі

1) Шина, сақина

2) Жұлдыз

3) Сақина

4) Жұлдыз, шина

5) Шина

5. ( Адрестеу) Желіге қосылған әрбір компьютердің екі адресі болады:

1) Пайдаланушылық және домендік

2) Пайдаланушылық және цифрлық

3) Симфолдық және цифрлық

4) Цифрлық және пайдаланушылық

5) Цифрлық және домендік

6. ( Желілік жабдық) Компьютерге қатынаудың сол немесе өзге стратегиясын іске асырушы құрылғы

1) Кабель

2) Коннектор

3) Маршруттауыш

4) Хост

5) Желілік адаптер

7. Интернет өз тарихын қандай компьютерлік желіден бастайды?

1) Internet желі

2) Жергілікті желі

3) Arpanet желісі

3) Территориялық желі

4) аймақтық желі

5) Жалпы желі

8. Интернет пен жергілікті желі арасында тұратын құрылғы

1) прокси-сервер

2) шлюз

3) мәлімет алмасу құрылғысы

4) Брандмауэр

5) провайдер

9. Дүние жүзі бойынша таратылған желілер

1) Жергілікті желі

2) Жалпы желі

3) Территориялық желі

4) аймақтық желі

5) телекоммуникациялық желі

10.Ең белгілі және қол жететін жалпы желі

1) Жергілікті желі

2) Интернет

3) Территориялық желі

4) аймақтық желі

5) корпоративті желі

11. Кәсіпорын масштабын қамтитын желі

1) Локальдық желі

2) Аумақтық желі

3) Локальдық- есептеу желісі

4) Есептеу желісі

5) Корпоративтік желі

12.Қазіргі заманғы компьютерлерде аса кең тараған топология

1) Аралас: сақина, шина

2) Аралас: жұлдыз, шина

3) Жұлдыз

4) Шина

5) сақина

13. Мәліметтері қорғалған желіге рұқсатсыз қатынасуды (кіруді) болдырмайтын аппараттық-программалық құрал (желіаралық экран).

1) маршруттаушы

2) шлюз

3) мәлімет алмасу құрылғысы

4) Брандмауэр

5) провайдер

V. Үй тапсырмасы: "ЖЕЛІЛЕРДІҢ БАЙЛАНЫСУ ТӘСІЛДЕРІ. АУҚЫМДЫ ЖЕЛІ - ИНТЕРНЕТ" (тақырып бойынша дайындалу.) (39 слайд)

Оқулықтар: Г.Ә.Жапарова"Информатика негіздері" 249 бет

Н.Ермеков "Ақпараттық технологиялар" 181 бет

VI. Сабақты қорытындылау. Сабақ барысында оқушыларды толық бағалау.



© 2010-2022