Word Pad мәтіндік редакторы: практикалық тапсырмалар

Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Word Pad мәтіндік редакторынде жұмыс істеу кезеңдері

/7 сынып/




№1-тапсырма

1. Төмендегі сөздердің орыс және ағылшын тіліндегі аудармаларын жазыңдар:

(Мысал: Қалам-Ручка-Pen)

Компьютер, кітап, қағаз, дәптер, ит, арыстан, қасқыр, теледидар, дүкен, көз, доп, жаңалықтар, сөздік, ұлдар, қыздар, мектеп, сынып.

2. Ағылшын тіліндегі сөздерді - қызыл түспен, орыс тіліндегі сөздерді - көк түспен, қазақ тіліндегі сөздерді жасыл түспен ерекшелеңдер.

3. Жұмысыңды АУДАРМА атауымен сақтап қой.

№2 тапсырма

1. Paint графикалық редакторын іске қос.

2. Кез келген геометриялық фигураның 6 түрін сал.

3. Салынған суреттерді Word Pad мәтіндік редакторына көшіру әдісімен орналастыр.

4. Әр суреттің астыңғы жағына оның атауын жаз.

5. Жұмысыңды СУРЕТ-МӘТІН атауымен сақтап қой.

№3-тапсырма

1. Төмендегі сөздерді көшіру әдісімен қажетті орынға орналастыр:

Дүйсенбі-Сейсенбі-Сәрсенбі-Бейсенбі-Жұма-Сенбі-Жексенбі-Дүйсенбі-Сейсенбі-Сәрсенбі-Бейсенбі-Жұма-Сенбі-Жексенбі- Дүйсенбі-Сейсенбі-Сәрсенбі-Бейсенбі-Жұма-Сенбі-Жексенбі-Дүйсенбі-Сейсенбі-Сәрсенбі-Бейсенбі-Жұма-Сенбі-Жексенбі- Дүйсенбі-Сейсенбі-Сәрсенбі-Бейсенбі-Жұма-Сенбі-Жексенбі.

2. Жоғарыдағыдай әдіспен ай аттарын жазыңдар.

3. Жұмысыңды КӨШІРУ-ҚОЮ атауымен сақтап қой.

№4-тапсырма

1. Бес сөйлемнен тұратын кез келген мәтін жаз.

2. Жазылған мәтіннің алғашқы 4 сөйлемінің әр буынын әр түрлі түске боя.

3. Қалған мәтіннің әрбір әрпін әр түрлі түске боя.

4. Жұмысыңды ТҮСТІ МӘТІН атауымен сақтап қой.


© 2010-2022