Информатика MS WORD-пен танысу

Раздел Информатика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Информатика MS WORD-пен танысуИнформатика MS WORD-пен танысуИнформатика MS WORD-пен танысуИнформатика MS WORD-пен танысуИнформатика MS WORD-пен танысуИнформатика MS WORD-пен танысуИнформатика MS WORD-пен танысуИнформатика MS WORD-пен танысуИнформатика MS WORD-пен танысуСабақтың тақырыбы: MS WORD-пен танысу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың MS Word-ты іске қосу, мәтіндік құжат құру, мәтіндік құжатты пішімдеу, пішімдеудің мәні, пішімдеу режимдері туралы білімдерін қалыптастыпу;

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту,пәнге деген қызығушылығын арттыру;

Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, өз бетінше еңбектенуге тірбиелеу;

Сабақтың түрі: теориялық, практикалық.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, интерактивті тақта, дербес компьютер, слайдтар, тест сұрақтары.

Сабақатың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, электронды оқулықпен жұмыс, компьютермен жұмыс.

Сабақтың барысы:

І. Сабақты ұйымдастыру.

1. Оқушылармен сәлемдесу;

2. Оқушылардың сабаққа қатысын, сабақ құралдарын тексеру;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Графикалық редактор дегеніміз не?

  2. Растрлық графикалық редакторларды атаңыз.

  3. Векторлық графикалық редакторларды атаңыз.

  4. Растрлық, векторлық, графикалық кескіндердің айырмашылығы неде?

  5. Paint құрал-саймандарын атап шығыңыз.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Мәтіндік процессорды бірнеше әдіспен іске қосуға болады:

  1. Негізгі мәзірден Іске қосу → Программалар → Microsoft Office → MS Word командаларын орындау арқылы;


  1. Жұмыс үстеліндегі Информатика MS WORD-пен танысу таңбашасымен;

  2. Microsoft Office тақтасындағы батырмалармен.

Мәтіндік процессор жұмысын дұрыс аяқтау үшін келесі әдістерді қолдануға болады:

  1. Файл → Шығу (Выход) командаларын таңдаңыз;

  2. Alt +F4 батырмалар комбинациясын басыңыз;

  3. Word программасының атаулар жолының оң жақтағы жоғарғы жабу батырмасына шертіңіз.

Word терезесін жабу кезінде құжатқа енгізілген өзгерістер сақталмаса, экранға сұхбат терезе шығады. Осы сұхбат терезе арқылы сіз файлдағы өзгерістерді сақтай аласыз (жауап - Ия (Да)), өзгерісті сақтамайсыз (жауап - Жоқ (Нет)) немесе редакциялауды жалғастырасыз (Болдырмау (Отмена)).

Мәтіндік процессорды іске қосқаннан кейін экранда қосымша терезе бейнеленеді. Ашылған құжат қосымша терезенің жұмыс аймағында бейнеленеді. Word терезесінің негізгі элементтері барлық Office қосымшалары үшін ортақ болып табылады. Әдеттегі Windows-тағыдай редактор терезесінің жоғарғы бөлігінде негізгі мәзір бар: Файл, Түзету, Түр, Қою, Пішім, Сервис, Кесте, Терезе, Анықтама.

Терезенің белгілі элементтеріне қосымша ретінде Word процессорының ерекшеліктерін атап өтейік.

Информатика MS WORD-пен танысу

Горизонталь жолдық сызғыш.

  1. Горизонталь сызғышта үшбұрыштар орналасқан: бірінші жолдың маркері (1), абзацтың сол (2) және оң (3) шекараларының маркері берілген. Оларды тышқанның көмегімен абзацтың параметрлеріне сәйкес өзгертуге болады.

  2. Айналдырудың (Прокрутка) горизонталь жолының сол жақ бөлігінде бейнелеу режимін таңдау батырмасы орналасқан, солдан оңға қарай Әдеттегі (Обычный), Веб-құжат (Веб-документ), Беттерді белгілеу (Разметка страницы), Құрылым (Структура) батырмалары бар.

Әдеттегі - амалдарды орындауға өте ыңғайлы;

Веб-құжат - құжатты Веб-құжат түрінде бейнелеу;

Беттерді белгілеу - құжаттарды баспаға шығаруға сәйкестендіріп бейнелеу;

Құрылым - құжаттардың құрылымымен жұмыс жасауға арналған мәтінді және әртүрлі тереңдікте сатылап орналасқан мәтіннің басын (тақырыбын) көрсетуге және жасыруға мүмкіндік береді.


  1. Қалып-күй жолы Microsoft Word терезесінің төменгі бөлігінде орналасқан. Одан әртүрлі хабарлама және анықтама ақпараттары шығады. (10-кесте)

Информатика MS WORD-пен танысу

Қалып-күй жолы


Қалып-күй жолындағы ақпарат

Индикатор

Мәні

1-бет

Құжаттың терезедегі көрінетін бетінің реттік номірі

1-бөлім

Көрінетін бет орналасқан бөлім

1/1

Көрінетін бет нөмірі/құжаттағы беттердің жалпы саны

2 см-ге

Енгізу курсорынан беттің жоғарғы шетіне дейінгі арақашықтық

1-бет

Курсор тұрған беттің нөмірі

6 саны

Беттегі курсор позициясының нөмірі

ЗАП

Макрокомандаларды жазу режімінің индикаторы

ИСПР

Редакторлық түзету режімінің индикаторы

ВДЛ

Маркировканы кеңейту режімінің индикаторы

ЗАМ

Алмастыру режімінің индикаторы

Ағылшын тілі

Тіл индикаторы

MS Word-ты ашқанда бос бет пайда болады. Оған кез келген мәтінді теруге болады. Сонымен қатар жаңа құжатты құру үшін Файл мәзірінен Құру командасын таңдауға болады.

Бар құжатты ашу үшін Файл мәзірінде Ашу командасын таңдау немесе Информатика MS WORD-пен танысу батырмасын шерту қажет.

Құжатты сақтау үшін Файл мәзірінде Сақтау командасын немесе Информатика MS WORD-пен танысу батырмасын шерту қажет.

ІV. Жаңа тақырыпты бекіту. Құралдарды сәйкестендір.

Информатика MS WORD-пен танысу

басылымды қарап шығу

Информатика MS WORD-пен танысу

баспаға жіберу

Информатика MS WORD-пен танысу

буферге көшіру

Информатика MS WORD-пен танысу

буферге қиып алу

Информатика MS WORD-пен танысу

масштаб

Информатика MS WORD-пен танысу

болдырмау

Информатика MS WORD-пен танысу

курсив

Информатика MS WORD-пен танысу

қаріп өлшемі

Информатика MS WORD-пен танысу

жартылай қалың

V. Үй тапсырмасын беру. §17. MS WORD-пен танысу.

VІ. Оқушыларды бағалау.



© 2010-2022