Сабақтың тақырыбы: Циклдік алгоритмді программалау

Сабақтың мақсаттары : Білімділік : Паскаль тілінің циклдік операторлары туралы түсінік қалыптастыру, командалардың орындалуын және құрылымын көрсету,операторларды қолданып програмалауға жаттықтыру , білімдерін жүйелеу Сабақтан алған теориялық білімдерін жүйелі түрде тәжірибе жүзінде көрсете білу дағдыларын қалыптастыру. Дамытушылық: Бағдарламалау тілінде жұмыс жасай білу дағдыларын, ойлау қабілеттерін, өз білімдерін сауатты түрде жеткізе білуді, пәнге деген қызығушылықты дамыту. Тәрбиелік:      ...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Кожекеева Алмагуль Оксеновна информатика пәні мұғалімі

Ақтерек орта мектебі МДШО

Жамбыл ауданы

Алматы облысы

Сабақтың тақырыбы : Циклдік алгоритмді программалау

Сабақтың мақсаттары :

Білімділік : Паскаль тілінің циклдік операторлары туралы түсінік қалыптастыру, командалардың орындалуын және құрылымын көрсету,
операторларды қолданып програмалауға жаттықтыру , білімдерін жүйелеу Сабақтан алған теориялық білімдерін жүйелі түрде тәжірибе жүзінде көрсете білу дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық:

Бағдарламалау тілінде жұмыс жасай білу дағдыларын, ойлау қабілеттерін, өз білімдерін сауатты түрде жеткізе білуді, пәнге деген қызығушылықты дамыту.

Тәрбиелік:

Оқушылардың белсенділігін арттыру, жұмыс жасау мақсатында компьютерлік сауаттылыққа, өзара көмектесуге, өзін-өзі бағалауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты түсіндіру

Сабақтың түрі: топтық, жекелей

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Практикалық, деңгейлеп оқыту технологиясы,СТО

Сабақтың көрнекіліктері: Компьютер, презентация, деңгейлік тапсырмалар, Pascal бағдарламалары

Пәнаралық байланыс: математика, геометрия.

Сабақтың жоспары:

Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасын қайталау .

Жаңа сабақты түсіндіру .

Практикалық жұмыс .

Қорытындылау .

Оқушыларды бағалау

Үй тапсырмасы .

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасып, түгендеу. Бір - біріне жақсы тілектер айтқызу және бір, екі, үшке дейін санату арқылы үш топқа бөлу. Бірінші топ - «Қадам», екінші топ -«Дейін», үшінші топ - «Кейін».

2.Үй тапсырмасын тексеру. Миға шабуыл

Паскаль тілінде программа неше бөліктен тұрады?
• Паскаль бағдарламасындаь тақырып соңынан қандай бөлік орналасады?

• Символдық типті айнымалылар қандай идентификатордың көмегімен жазылады?

• Айнымалы шама дегеніміз не ?

• Паскаль тілінде қандай стандартты функциялар бар ?
• Тармақталушы оператордың қызметі қандай?
• Таңдау операторықалай орындалады ?
• Readln операторының қызметі қандай?
• Writeln операторының қызметі қандай?

Алгоритмді компьютер түсінетіндей тілде жазуды не деп атаймыз? (Программалау тілі)

Өткен сабақта сіздермен не өткен болатынбыз? Тармақталушы оператор.

Тармақталушы оператор қалай жазылады және орындалады?

3.Оқушы қызығушылығын арттыру.Жұмбақтар шешу.

Жануарға ұқсас атым бар,
Бағдар көрсетер затым бар.
Кілемше үстінде тұрамын,
Ең қажетті құралмын... (тышқан)

Жұртты өзіне қаратқан
Ақпаратты сақтап, таратқан...(компьютер)

Мәліметті сұраған,
Экранға шығарған....(монитор)

Егер білсең, айта қойшы
Бұл қандай құрылғы
Ақпаратты қағаздағы
Компьютерге енгізеді....(сканер)

Бір сарайда тұрады екен,
Бес атаның балалары.
Қыдырмашы біреуі,
Бір күн бар да, бір күн жоқ.
Соны есепке алсақ.
Ұзын саны жүз жеті...(пернетақта)

Бұтақ орнында мың бір инесі
Компьютер жаны мекені...(кактус)

Экранның бетінде оның тұрағы

Қашан болсын жыпылықтап тұрады. (Курсор)

Биологияда бұл паразит

Көзге зорға көрінер

Информатика өлшем бірлік

Ақпараттарды өлшер (Бит)

4.Жаңа сабақ түсіндіру. Ой қозғау стратегиясы (13 мин)

Паскаль тілінің басқару операторларына шартты және шартсыз көшу операторлары, цикл (қайталау) ұйымдастыру операторлары жатады.

Құрылымдық операторлар. Құрылымдық операторлар басқа операторларды белгілі бір ереже бойынша біріктіру жолымен құрылады. Олар үш топқа :құрама, шартты жән қайталау операторларына жіктеледі.

Құрама оператор.

Құрама оператор бір- бірінен нүктелі үтір арқылы бөлінген бірнеше операторларды begin end түйінді сөздерімен шектей отырып, оларды бір оператор тәрізді орындалатын етіп біріктіру жолымен ұйымдастырылады.Паскаль тілінде қайталау процесін үш түрлі жолмен ұйымдастыруға болады:

  • Параметрдің мәні бойынша қайталау;

  • Алдын ала берілген шарт бойынша қайталауды ұйымдастыру;

  • Келесі шарт бойынша қайталауды ұйымдастыру;

5. Постермен жұмыс. Оны қорғау. Критерий

1. Топтың ынтымақтастығы

2.Тақырып мазмұнының ашылуы

3.Блок- схема құру техникалары

Бірінші топқа- параметрдің мәні бойынша қайталау; екінші топқа - Алдын ала берілген шарт бойынша қайталауды ұйымдастыру; үшінші топқа - келесі шарт бойынша қайталауды ұйымдастыру;

6. Сергіту сәті.

7. Жаңа сабақты бекіту.Тест жұмысын орындау 2 нұсқада беріледі.

8. Венн диаграммасын толтыру . Тармақталушы және циклдік операторларды салыстыру.

9. «Инсерт » әдісі бойынша «Нені білдім? Нені білемін.Нені білгім келеді ?» сұрақтарына стикерлер арқылы жауап беру.

10. Үйге тапсырма: §7 Оқу және мазмұндау.№ 13 Практикалық жұмыс. 1 Есеп орындау.

11. Бағалау.



© 2010-2022