• Преподавателю
  • Информатика
  • «Программа интерфейсімен танысу. Презентациялар. Мультимедиялық презентациялардың конструкторы. Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары»

«Программа интерфейсімен танысу. Презентациялар. Мультимедиялық презентациялардың конструкторы. Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары»

Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушыларға MS Office дестесінің бір бағдарламасы-                                               MS  Power Point- тың құрылымы, мүмкіндіктерімен таныстыру. Сабақтың дамытушылық мақсаты: Жаңаша,    шығармашылық    тұрғыда ойлай алатын, танымдық мәдениеті биік, дүниеге этикалық тұрғыдан жоғары  жауапкершілікпен қарай білетін адамды қалыптастыру; іздендіру, танымдық біелсенділіктілерін арттыру, оқушылардың компьютермен жұмыс істеудегі жетістіктерін одан әрі арттыра түсіп...                  Power  Point терезесінің құрылымы Windows қосымшалары терезесінің дәстүрлі құрылымындай, үстелер мен әмірлердің негізгі міндеттерін қайталайды, бірақ жекелеген элементтерімен ерекшеленеді·         Тақырып жолағы- құжат атауын және терезені басқару батырмаларын қамтиды·         Стандартты құралдар үстелі- Power  Point әмірлерінің басым бөлігінің батырмаларынан тұрады.·         Пішімдеу құралдар үстелі- пішімдеу әміріне арналған батырмаларды қамтиды·         Слайдтардың кішірейтілген үлгілері- көр... 7.      Слайдтарды қалай баспаға береміз?
Раздел Информатика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Сабақтың тақырыбы:Программа интерфейсімен танысу. Презентациялар. Мультимедиялық презентациялардың конструкторы. Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары

Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушыларға MS Office дестесінің бір бағдарламасы-

MS Power Point- тың құрылымы, мүмкіндіктерімен таныстыру.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: Жаңаша, шығармашылық тұрғыда

ойлай алатын, танымдық мәдениеті биік, дүниеге этикалық тұрғыдан жоғары жауапкершілікпен қарай білетін адамды қалыптастыру; іздендіру, танымдық біелсенділіктілерін арттыру, оқушылардың компьютермен жұмыс істеудегі жетістіктерін одан әрі арттыра түсіп, алған білімдерін басқа пәндер үшін, сабақтан тыс жұмыстар үшін және келешекте өздері үшін пайдалана білулеріне ықпал ету.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Еңбекке баулу, ұлттық салт-дәстүрге тәрбиелеу

Сабақтың типі: Білік пен дағдыны қалыптастыру.

Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі , практикалық (берілетін теориялық білімнің мазмұны бойынша анықталады).

Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық.

Пәнаралық байланыс: Математика, қазақ тілі

Сабақтың көрнекілігі: Компьютерлер, слайдтар, принтер, проектор- экраны,

парақшалар. .

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

а)Оқушылармен сәлемдесу

б) Журналға белгі соғу

в) Назарларын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

«MS Office» ассоциациясы

«Программа интерфейсімен танысу. Презентациялар. Мультимедиялық презентациялардың конструкторы. Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары «


  1. Microsoft Word дегеніміз не?

  2. Microsoft Word программасын іске қосу жолдары

  3. Microsoft Word терезесінің құрылымын атаңыз?

  4. Microsoft Word құжатының кеңейтілімін ата?

  5. Мәтіндік редакторда құжатты қалай сақтайды?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Тақтаға күннің реті мен жаңа тақырыпты жазу

Power Point презентацияны дайындау және өткізудің ең жақсы бағдарламаларының бірі. Ол MS Office 2000-ның құраушы болып табылады және презентациялық материалдарды слайд түрінде жасау және оларды қағазға, экранға, мөлдір пленкаға немесе 35-миллиметрлік пленкаға шығаруға арналған. Power Point презентацияны жоспарлауға жасауға және көрсетуге мүмкіндік береді. Пайдаланушыға шаблондардың модификацияланатын жиынтығы, слайдтар редакторы, схема құру құралы ұсынылады. Power Point презентацияның барлық құрауыштарын экранға шығаруға немесе басуға және презентацияларды кейін басып шығаруға сақтауға мүмкіндік береді.

Power Point бағдарламасы мына әмірлерді орындау арқылы іске қосылады:

Бастау-Барлақ Бағдарламалар- Microsoft Office -Microsoft Power Point

«Программа интерфейсімен танысу. Презентациялар. Мультимедиялық презентациялардың конструкторы. Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары «




Power Point терезесінің құрылымы Windows қосымшалары терезесінің дәстүрлі құрылымындай, үстелер мен әмірлердің негізгі міндеттерін қайталайды, бірақ жекелеген элементтерімен ерекшеленеді

  • Тақырып жолағы- құжат атауын және терезені басқару батырмаларын қамтиды

  • Стандартты құралдар үстелі- Power Point әмірлерінің басым бөлігінің батырмаларынан тұрады.

  • Пішімдеу құралдар үстелі- пішімдеу әміріне арналған батырмаларды қамтиды

  • Слайдтардың кішірейтілген үлгілері- көрме слайдтары арасында жылдам ауысып жүруге арналған

  • Жұмыс аймағы- слайдтарды жасауға, онда нысандарды мәтінді, суреттерді диаграммаларды, клиптарды, дыбыстарды орналастыруға арналған аймақ.

  • Тапсырмалар аймағы- ағымдағы тапсырмалар тізімін қамтиды

  • Күй жолағы- құжат ақпаратын қамтиды

  • Сурет салу құралдар үстелі- сызбалық нысандармен жұмыс істеуге арналған әмірлерді қамтиды, қарапайым әсерлі суреттер, эмблемалар жасауға, мәтінді әдемі етіп безендіруге мүмкіндік береді.

Microsoft Power Point- та көрме жасау барысы жалпы безендіруді таңдау, жаңа слайдтарды және олардың мазмұнын үстеу, слайдтарға шен салуды таңдау, қажет болса слайдтардың безендірілуін, түс сұлбасын өзгерту, түрлі безендіру қалыптарын және слайдтарды көрсету кезіндегі жан бітірім мен басқа да пәрмендерді қолдану сияқты әрекеттерден тұрады.

Power Point- та Жұмысқа кірісу тапсырмалар аймағы жаңа көрмені жасау үшін бірқатар нұсқаларды ұсынады:

Көрмені жасау. Слайдтар безендіру элементтерінің ең аз санын қамтиды, оларға қатысты түстер қолданылмайды.Пайдаланушы слайдтарды өз қалауынша безендіреді.

Ашу. Көрме бұрыннан бар безендірілген көрмеге негізделіп жасалады. Қолда бар көрменің бастапқы нұсқаның мазмұны мен безендірілуіне өзгерістер енгізе отырып, жаңа көрме жасауға мүмкіндік беретін көшірмесі жасалады.

Безендіру қалыбынан. Көрме негізгі безендіру элементтерін, қаріптерді және түс сұлбасын қамтитын қолда бар Microsoft Power Point қалыбы негізінде жасалады.

1- кезең. Бақылау сұрақтары

  1. Microsoft Power Point бағдарламасы қалай іске қосылады?

  2. Microsoft Power Point бағдарламасының қандай мүмкіндіктері бар?

  3. Автомазмұн шебері қалай қосылады?

  4. Презентация дегеніміз не?

  5. Бос презентация қалай құрылады?

  6. Слайдпен жұмыс істеудің қандай режимдері бар?

  7. Слайдтарды қалай баспаға береміз?

2- кезең. Электрондық оқулықпен жұмыс

«Программа интерфейсімен танысу. Презентациялар. Мультимедиялық презентациялардың конструкторы. Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары «

3- кезең. Жасақтама және қалыптарды қолдану

№2 тапсырма №3 тапсырма

«Программа интерфейсімен танысу. Презентациялар. Мультимедиялық презентациялардың конструкторы. Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары ««Программа интерфейсімен танысу. Презентациялар. Мультимедиялық презентациялардың конструкторы. Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары «



№ 4 тапсырма № 5 тапсырма

«Программа интерфейсімен танысу. Презентациялар. Мультимедиялық презентациялардың конструкторы. Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары ««Программа интерфейсімен танысу. Презентациялар. Мультимедиялық презентациялардың конструкторы. Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары «


№ 6 тапсырма № 7 тапсырма

№ 8, 9, 10 тапсырмаларды орындау


4- кезең. Шығармашылық тапсырма

1. «Абай - дана, Абай дара, қазақта».

2. «Қарапайым қазақтың бір баласы

Қаныш ата адамзат ғұламасы»

Тақырыптарында презентациялар демонстрациялайды және сабақ соңында принтерге шығарады. Интернетті пайдалануға және суреттерді сканерлеуге болады.

  1. Тақырыбы

  2. Өмірбаяны мен шығармашылығы

  3. Шығарған өлеңдері

  4. жас ұрпақты тәрбиелеудегі тілектері

  5. Әндері


Сабақты қорытындылау. Бүгін міне жаңа мүмкіндіктермен таныстық, олардың көмегімен презентацияны басқаруды үйрендік. Өмірде осы білімдеріңді қолдана аласыңдар ғой деп ойлаймын.

Бағалау.

Үйге тапсырма . Power Point бағдарламасында презентацияны

басқарудың қосымша мүмкіндіктері.


© 2010-2022