Конспекты по информатике на тему Программалау тілі (7 класс)

Раздел Информатика
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Лермонтов атындағы №17 жалпы орта мектеп












Ашық сабақ

Тақырыбы: «Программалау тілі»

7-сынып



Информатика пәні мұғалімі: Омарбекова Ш.А.





















Шымкент 2015ж.


Сынып: 7 «А»

Мерзімі: 22.10.15ж.

Сабақтың тақырыбы: Программалау тілдері

Сабақтың мақсаты:

  • Программалау тілдері, компилятор, орындалатын файлға программаны компиляциялау әдісі түсініктерін енгізу;

  • Free Pascal программалау ортасының мүмкіндіктері мен Free Pascal мәтіндік редакторда жұмыс істеу тәсілдерімен таныстыру.

Оқушылар білуі тиіс: программалау тілдерін, компилятор, Free Pascal мысалында біріктірілген ортаның қызметі және әзірлеу құрамын; Free Pascal мүмкіндіктерін, файлдармен жұмыс істейтін негізгі бұйрық, тілдің алфавитін, программаға түсініктеме жазу ережелерін, Free Pascal мәтіндік редакторында жұмыс істеу тәсілдерін.

Оқушылар үйренуі тиіс: орындалатын файлды программалау ортасында құрылған файлдан ажыратуды, IDE Free Pascal-ды қосу және оны баптауды; түсініктеме жазу, терезелерді ауыстыру; Free Pascal мәтіндік редакторында жұмыс істеуді.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, практикалық

Жұмыс формалары: жеке, ұжымдық

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, проектор, тапсырмалар, тест жұмысы, слайд

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

ІІІ Үй тапсырмасын тексеру

§6-7 сұрақтарға жауап беру. «Өзіңді тексер» бөліміндегі тест тапсырмасын тексеру.

Сұрақтар:

1. Бірінші операциялық жүйе немен байланысты, қашан, қалай пайда болды?

2. Бірінші ОЖ қалай аталды?

3. Бұйрықтық жолдар интерфейсі қандай болатынын сипаттаңдар. Графикалық интерфейсі ше? Қандай интерфейспен жұмыс істеген ыңғайлы?

4. Операциялық қабықша деген не? Ол не үшін жасалады?

5. Операциялық жүйелерді жіктеу үшін қандай белгілер қолданылады?

ІV Білім деңгейін тексеру

1. Орындауға мүмкін іс-әрекеттер тізбегі - ол ....

А. программа

В. алгоритм

С. бұйрық

Д. бұйрықтың жүйесі

2. Алгоритмді нақты орындаушы тілінде жазу - ол ....

А. алгоритм

В. бұйрық

С. программа

Д. орындаушы

3. Қателерді табу және жою ... деп аталады.

А. есепті ретке келтіру

В. атқарушыны ретке келтіру

С. мысалды ретке келтіру

Д. программаны ретке келтіру

4. Біреудің бұйрықтарын орындайтын адам, робот, автомат, құрал, компьютер - ол ...

А. көмекші

В. орындаушы

С. программа

Д. бағынушы

5. Блок-сызба - ол ...

А. алгоритмді графикалық түрде жазатын әдіс

В. алгоритмнің суреті

С. кесте

Д. алгоритмді ауызша түрде сипаттау

Тест сұрақтарының кілттері:

1

2

3

4

5

В

С

Д

В

А

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Free Pascal программалау жүйесінің мүмкіндіктерін үйрену

Компьютерде Free Pascal программасының файлын жүктеуге ұсыныс беріледі, оқушылар өз бетімен ортамен танысуға уақыт беріледі.

Одан бөлек Options-Environment-Preferences бұйрығымен программаның бейнережімін өзгерту мүмкіндігін белгілеу қажет. Мәтіндік режімде стандартты дисплейге сәйкес келген Videomode бөліміндегі «80х25 color» бейнережімді таңдайды.

Терезе мен файлға байланысты жұмысты оқушы оқулықтағы материалды қолданып, өз бетімен орындауға болады.

Free Pascal мәтіндік редакторында жұмыс

Мәтін үзінділерімен жұмыс тәсілдерін және мәтіндік процессордағы мәтіннің редакциялауын қайталанады.

Оқушылар осы тәсілдерді Free Pascal мәтіндік редакторында сынап көреді. Мысалы, оқушыларға тапсырма беріледі: Free Pascal мәтіндік редакторында өз есімін түсініктемеге жазу. «Жылдам пернелердің» фрагменттерімен жұмыс істеу кезінде жарамдылығын тексеру.

V Жаңа сабақты бекіту

Деңгейлік тапсырмаларды орындау

А деңгейі

Терезелермен жұмыс ісдеудегі операторларды қарастырайық. Берілген мәзір тармағының бұйрықтары бойынша параграф мәтінінде орналасқан 5-кестеге ұқсас кесте құрыңдар.

В деңгейі

1. Free Pascal ортасында жаңа файл жасаңдар.

2. Келесі мәтінді жазыңдар:

BEGIN

Write ('менің тегім')

END.

3. «Free Pascal мәтіндік редакторында жұмыс істеу» параграфының тақырыпшасында көрсетілген пернелер үйлесімдерінің жұмысқа қабілеттілігін тексеріңдер.

4. Жұмыс үстелінде жаңа бума жасаңдар.

5. Бұл буманы Free Pascal ортасында жұмыс істейтіндей етіп жасаңдар.

6. Өз жұмыстарыңды жұмыс бумасында сақтаңдар.

7. Ортадан шығыңдар.

8. Жұмыс үстеліндегі жұмыс бумасында өз файлдарының бар-жоқтығын тексеріңдер.

С деңгейі

1. В деңгейінің тапсырмаларын орындаңдар.

2. Өз программаларыңды қайта ашыңдар.

3. Free Pascal ортасының терезесін талдаңдар және программаның орындалу алгоритмін анықтаңдар.

4. Begin, Write, End операторларының міндеттері туралы қорытынды жасаңдар. Бұл операторларының міндеттерін дәптерге жазыңдар.

VІ Жұмыс дәптеріндегі тапсырмалардың жауаптары

1-тапсырма

Комментарийдің жазу тәсіліндегі артығын сызып таста.

{Түсіндірме!}

(*Түсіндірме*)

!түсіндірме!

// Түсіндірме

\ түсіндірме

2-тапсырма

Кестенің бос ұяшықтарын толтыр

Іс-әрекет

Бұйрық

«Жылдам» перне

Жаңа файл құру

File-New

Файлды сақтау

File-Save

F2

Жаңа атаумен сақтау

File-Save as…

Дискіде сақталған файлды ашу

File-Open…

F3

Каталогты өзгерту

File-Change Dir…

Терезелер тізімін ашу

Windows-List…

Alt+0

Нөмірі бойынша терезеге ауысу

Alt+терезе нөмірі

3-тапсырма

Сәйкестендір.

Дұрыс нұсқасы:

Ctrl + K + B

Блоктің басын белгілеу

Ctrl + K + H

Блок белгісін алып тастау

Ctrl + K + P

Блокті басып шығару

Ctrl + K + R

Файлдан блокті оқып шығу

Ctrl + K + W

Блокті файлға жазу

Ctrl + K + V

Меңзер тұрған жерге блокты ауыстыру

Ctrl + K + Y

Блокті өшіру

Ctrl + K + K

Блоктің соңын белгілеу

4-тапсырма

Бос орынды толтыр.

1. Программалау тілінің алфавиті - бұл белгілі бір символдар жиынтығы. Бұл символдар көмегімен сәйкестендіргіштер, өрнектер және тіл операторы жазылады.

2. Программаның көру тәртібіндегі өзгерістер Options-Environment-Preferences бұйрығы арқылы жүзеге асады.

3. Мәзір жолының бұйрығына қолжетімділік тінтуір, F10 қызметші перне немесе Alt+ерекшеленген әріп пернелер үйлесімі арқылы жүзеге асады.

VІ Сабақты қорытындылау

Жауаптар мен тапсырмаларлы бағалау, баға қою.

VІІ Үй тапсырмасы

§8 оқу, параграфқа қосымша материалды оқу, бақылау және тест сұрақтарына жауап беру.

ДОЖЖО ________Алибекова Л.Е.

© 2010-2022