Практикалық жұмыс

Сабақтың мақсаты: Білімділік: WORD – тың графикалық мүмкіндіктерімен таныстыру, мәтіндік құжатқа графикалық кескіндерді кірістіру, фигуралық мәтін кірістіруді үйрету; Тәрбиелік: эстетикалық талғамын қалыптастыру, нәтиже алуға және уақытты үнемдеуге дағдыландыру; Дамытушылық: мәтінге графикалық объектілерді кірістіру жұмыстарын орындау арқылы бейнелік ойлау қабілетін дамыту, шығармашылыққа баулу. Сабақтың типі: жаңа білім беру сабағы Сабақтың мақсаты: 1.Геометриялық фигураларды паскалда құру жолдарын үйрену.2. Программаны ықшам, сапалы жазу дағдысын дамыту. Оқушылардың  математикалық моделдер туралы түсініктерін тереңдеу. 3. Программа бойынша графикалық нәтижелерді экранға шығарудың  эстетикасын сақтау
Раздел Информатика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қызылорда облысы, Арал ауданы, №262 мектеп-гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі Аманжолова Гүлбақыт Аманжолқызы

Пән: информатика

Сыныбы: Күні:

Сабақтың тақырыбы: практикалық жұмыс

Сабақтың мақсаты: 1.Геометриялық фигураларды паскалда құру жолдарын үйрену.

2. Программаны ықшам, сапалы жазу дағдысын дамыту. Оқушылардың математикалық моделдер туралы түсініктерін тереңдеу.

3. Программа бойынша графикалық нәтижелерді экранға шығарудың эстетикасын сақтау.

Сабақтың түрі: практикум

Сабақтың әдісі: Оқытудың интербелсенді әдісі

Сабақтың типі: практикамен байланыстыру.

Қолданылатын көрнекіліктер: интерактивті тақта, Турбо Паскаль бағдарламасы, үлестірме қағаздар.

Пән аралық байланыс: геометрия, шет тілі

Сабақтың барысы:

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру (сұрақ-жауап )

  3. Компьютермен жұмыс

  4. Сергіту сәті

  5. Тапсырмаларды орындау

  6. Сабақты бекіту

  7. Оқушыларды бағалау

  8. Үйге тапсырма беру

Оқушыларды ұйымдастыру: а) оқушылар тізімі;

ә) кабинет жағдайы;

б) сабақ барысымен таныстыру.

2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

1. Паскаль тілінде графикамен жұмыс істеу үшін қандай оператор қолданылады?

Жауабы: Uses Graph

2. Crt модулі не үшін қолданылады?

Жауабы: Crt модулі - Ақапаратты жаңа терезде шығару үшін

3. Графикалық режимді алғашқы рет іске қосу үшін қандай процедура қолданыдады?

Жауабы: Init Graph процедурасы қолданылады, оның жазылуы:

InitGraph (DriverVar, ModeVar:integer, Gol:string);

Мұндағы DriverVar - графикалық адаптердің типі; ModeVar - оның жұмыс режимі; Gol - GRAPH модулінің маршрутын көрсетеді.

4.. Геометриялық фигуралар сызуға арналған қандай процедуралар бар?

Нүкте салу - PutPixel(x,y:integer; color: word)

Мұндағы: x,y - нүкте координаттары, color -бояуы, word -типі.

Түзу сызық салу: line(x1,y2,x2,y2:integer);

SetLineStyle(t,p,th:word); - сызық қалыңдығы мен стилін орнату, t - сызық түрі, p - сызық үлгісі, th - сызық қалыңдығы.

3 Оқушылар қазір мен сіздердің ағылшын тілінен білімдеріңді байқамақпын.

(тақтада графикалық процедуралар жазулы тұрады. Солардың аудармалары сұралады)

Line - түзу

Circle - шеңбер

Ellipse - эллипс

Sector - сектор

Arc - доға

Rectangle - тіктөртбұрыш

Енді бүгінгі сабағымызда балалар геометриялық фигурамен жұмыс істеу барсында мынандай процедураларды қолдануға болады:

SetColor(color:word); - процедурасы қолданылады, мұндағы color - жаңадан орнатылатын түрінің аты немесе нөмірі. Мысалы, SetColor(7); - сызық түсі боз болады.

SetВкColor(color:word); - процедурасы экран түсін, яғни рең түсін өзгертеді, мұндағы color - жаңадан орнатылатын түрінің аты немесе нөмірі. Мысалы, SetВкColor(4); - экран түсі қызыл болады.

Rectangle (x1,y1,x2,y2:integer); - сол жақ жоғарғы (х1,у1) және оң жақ төменгі төбелерінің координаталары (х2,у2) бойынша төртбұрыш сызады.

Bar (x1,y1,x2,y2:integer); - мұнда ағымдағы түспен іші боялған тіктөртбұрыш сызылады. Бояу түсін SetFillStyle процедурасы көмегімен енгізуге болады.

SetFillStyle (Patter,color:word); - объектінің ішін бояйды, толтыру стилі мен түсін өзгертеді, мұндағы Pattern - толтыру стилі, ол тұрақты немесе нөмір арқылы беріледі; color - толтыру стилі.

Floodfill(x,y:integer; bor:word); - таңдалған стиль бойынша тұйық фигураның ішін бояйды. Мұндағы x,y - фигураның ішінде жатқан кез келген нүктенің координатасы, bor - шекара сызығының түсі.

3. Компьютермен жұмыс

1 тапсырма

Экранға боялған тік төртбұрыш шығару программасын жазу керек.

Program suret;

Uses graph;

Var d1,d2:integer;

Begin d1:=detect; Initgraph(d1,d2,'');

Setbkcolor(1); Setcolor(5); Setfillstyle(1,5);

Rectangle(100,150,230,250);

Floodfill(150,200,5);

Rectangle(300,150,530,450);

Floodfill(350,200,5); Readln; Closegraph end.

Сергіту сәті.


  1. Тапсырма

Жиегі сарыі іші қызыл түске боялған үшбұрыш шығару программасы:

Program ushburish;

Usesg graph;

Const

P: Array [1..8]Of Integer=(100,100,300,100,150,200,100,100 );

Var d1,d2:integer;

Begin d1:=Detect; Initgraph(d1,d2,'');

Setbkcolor(9); Setcolor(14); Setfillstyle(1,5); Fillpoly(4,P);

Readln; Closegraph end.

Қорытындылау:

1 Бағалау

2 Үйге тапсырма: Сары түсті экранға қызыл түзу, жасыл үшбұрыш, көк тіктөртбұрыш және қоңыр шеңбер салу программасын жазу керек

© 2010-2022