Урок по информатике 5 кл: Компьютердің негізгі құрылғылары

Барлық компьютерлердің бір-бірінен айырмашылығы – олардың құрамына кіретін құрылғылардың әртүрлі болуында. Дербес компьютер 3 бөліктен тұрады: ·         Ақпаратты шығару құрылғысы – монитордан, ·         Ақпаратты енгізу құрылғысы – пернетақтадан, ·         Ақпаратты өңдеу және сақтау құрылғысы – жүйелік блоктан. Бұл құрылғылар міндетті (негізгі) құрылғылар. Оларсыз компьютер жұмыс істей алмайды. Жүйелік блоктың құрамы: аналық тақша, процессор,  жедел жады, қатты диск, видеокатра мен дыбыс карт...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:




Тақырыбы: Компьютердің негізгі құрылғылары

(5 сынып)














Күні:

1-сабақ

Сынып: 5 кл

Пәні: Информатика

Тақырыбы

Компьютердің негізгі құрылғылары, олардың мүмкіндіктері мен міндеттері

Сабақтың мақсаты

Компьютердің негізгі құрылғыларымен танысу, олардың қызметін анықтау

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:

«Қар» ойыны, «Мозайка» әдісі, «ДЖИКСО» әдісі, «Аквариум» әдісі, «Бас бармақ» бағалау әдісі, «Лото» ойыны, «Дебат» ойыны

Дереккөздері:

5-сыныпқа арналған оқулық (Е.А.Вьюшкова, т.б. Информатика. «Арман-ПВ», 2013), интерактивті тақта, проектор, мәтіні бар карточкалар, суреттер, флипчарт, постер, стикер, маркерлер, компьютер

Оқу нәтижелері

Оқушылар компьютердің құрылымы, оның ішінде негізгі құрылғыларымен танысып, олардың мүмкіндіктері мен міндеттерін айқындайды.

Түйінді идеялар

Барлық компьютерлердің бір-бірінен айырмашылығы - олардың құрамына кіретін құрылғылардың әртүрлі болуында. Дербес компьютер 3 бөліктен тұрады:

  • Ақпаратты шығару құрылғысы - монитордан,

  • Ақпаратты енгізу құрылғысы - пернетақтадан,

  • Ақпаратты өңдеу және сақтау құрылғысы - жүйелік блоктан.

Бұл құрылғылар міндетті (негізгі) құрылғылар. Оларсыз компьютер жұмыс істей алмайды.

Жүйелік блоктың құрамы: аналық тақша, процессор, жедел жады, қатты диск, видеокатра мен дыбыс карталары, дискіжетек, желілік карта.

Жүйелік блок

Компьютердің жүйелік блогына әртүрлі құрылғылардың негізгі жиыны орналасқан. Мұнда аналық тақша, жедел жады, қатты диск, процессор, дискіжетек, видеокарталар, дыбыс пен желілік карталар орналасқан.

Аналық тақша - жүйелік блоктың ішінде басқа құрылғылар жалғанған негізгі бөлік. Ол арқылы жүйелік блоктың құрылғылары өзара байланысып, ақпарат алмасу іске асады.

Процессор - бұл компьютердің негізгі бөлігі, ол компьютердің «миы». Ол компьютердің жұмысын басқарады, барлық командаларды орындайды. Оның жылдамдығына компьютердің жұмыс өнімділігі тәуелді.

Жедел жады - компьютерде деректерді уақытша сақтау жадысы. Ол тек компьютер жұмыс істегенде ғана қолданылады. Жадтың «жедел» деп аталуы оның өте жылдам жұмыс істеуіне байланысты, яғни процессор жадтан ақпаратты оқу мен жазу үшін көп уақыт жұмсамайды. Егер компьютерді өшірсең, мұндағы барлық ақпарат жойылады.

Қатты диск - ақпаратты ұзақ уақыт сақтауға арналған құрылғы. Олқолданушының программалары мен файлдарын сақтайды.

Видеокарта- жүйелік блоктың ішінде орналасқан құрылғы. Ол компьютер бейнесін мониторға шығаруға дайындайды. Бейненің сапасы видеокартаға тәуелді.

Дыбыс картасы - компьютерде дыбыспен жұмыс жасау үшін қажет. Ол әртүрлі дыбыстық сигналдарды: сөз, әуен, шу эффектілерін жазу мен ойнатуда қолданылады

Монитор

Компьютердің мониторы (дисплей) - бұл мәтіндік және графикалық ақпаратты компьютер экранына шығаратын құрылғы.

Құрылысы бойынша 2 түрге бөлінеді:

  • Электронды-сәулелік мониторлар - электронды-сәулелік түтікшелерден тұрады. Олар теледидар сияқты жұмыс істейді. Олар арзан және сенімді болып келеді. Кемшіліктері: басқа дисплейлерге қарағанда тым үлкен, көп энергия жұмсайды, сәуле шығару деңгейі аса жоғары.

  • Сұйықкристалды мониторы немесе LCD-мониторлары. Оларжеке сұйықкристалды ұяшықтардан тұратын матрица болып табылады. Сұйықкристалды мониторы артықшылығы: пайдаланушы денсаулығы үшін қауіпті сәулелерді таратпайды, энергияны тұтынуға аса үнемді болып келеді, бейнелеудің жоғары сапасын қамтамасыз етеді. Кемшіліктері: қымбат, экранға қырынан қарайтын болсақ, ештеңе көрінбейді.

Монитордың ажырату қабілеті көлденең және тік орналасқан кескін элементтерінің мөлшерімен анықталады.кескін элементтері нүктелер - пиксельдер түрінде беріледі.

Монитор сипаттамасы:

  • Экран диагоналінің өлшемі. Дюйммен өлшенеді. Қазіргі кезде мониторлар диагоналі 17,19,20,21,29,33,37,38 дюймді болуы мүмкін.

  • Экрандағы нүктелер арасындағы арақашықтық. Миллиметрмен өлшенеді. Бейнелеу қанықтығын анықтайды. Оның параметрі 0,22 ден 0,43 мм-ге дейінгі аралыққа жатады.

  • Ажырату қабілеті- көлденең және тік орналасқан пиксельдер саны. Ең төменгі ажырату қабілеті: 800*600. Монитордың ажырату қабілеті жоғары болса, соғұрлым жоғары сапалы кескіндер аламыз.

  • Кадрлық жайма жиілігі, герцпен өлшенеді. Бұл параметр адамның көру қабілетіне тікелей ықпал етеді, өткені жайма жиілігі төмен болса (85гц-тен төмен) экранның жыпылықтауы визуалды сезінеді, бұл бастың ауруы мен көздің шаршауына әкеледі.

  • Бейнелейтін түстер саны. Қазіргі монитор экранында миллиондаған түстерден тұратын кескіндерді бейнелей алады.

Пернетақта

Пернетақта - компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез келген ақпаратты беруге мүмкіндік жасайды. Ол мынадай бөліктерден тұрады:

  • Алфавиттік-цифрлық пернетақта - символдық пернелер. Олар пернетақтаның ортасында орналасқан, пернетақтаның негізгі бөлігі болып табылады. Пернетақтаның бұл бөлігі арқылы латын, орыс, қазақ әріптерін, тыныс белгілері мен басқа да символдарды енгізуге болады.

  • Меңзерді басқару пернелері - бұл пернелер символдық пернелердің оң жақ төменгі бөлігінде орналасқан, үстінде бағдаршалар суреті бар және Home, End, PageUp, PageDown батырмалары кіреді. Меңзер дегеніміз - экранда жыпылықтап тұратын символ (сызықша түрінде).

  • Функционалдық пернелер - F1-F12 әріптерімен белгіленген, символдық пернелердің үстіңгі жолда орналасқан. Функционал пернелер компьютердің күрделі операцияларын тез орныдау үшін қолданылады. Әртүрлі жағдайларда олар түрлі міндеттер атқарады.

  • Қосымша цифрлық пернетақта - пернетақтаның оң жағында орналасқан, қосымша пернетақта. Олардың көмегімен цифрлық ақпараттарды компьютерге енгізуге болады. NumLock батырмасы пернетақтаның оң жақ қосымша бөлігінің жұмыс режимін ауыстырады. Ол өшіріліп тұрса, сандар енгізілмейді.

  • Басқару пернелері- Enter, Shift, Alt, Ctrl, CapsLock, Tab, Esc, Insert, BackSpace, Delete, PrintScreen, Scroll Lock, Pause. Негізгілерінің қызметі:

    • Enter немесе енгізу пернесі. Бұл ең басты перне, оны басу белгілі бір әрекеттің, операцияның аяқталғанын, компьютерге нұсқау беру дегенді білдіреді.

    • Shift пернесі. Бұл кіші әріптерді үлкен әріптерге және керісінше өзгертуге пайдаланылады. Бас әріпті енгізу үшін оны басып тұрып, әріпті енгізеді.

    • CapsLockпернесі. Егер бұл перне бір рет басылса, бас әріптер енгізіледі, екінші рет бассаңыз кіші әріптер енгізіледі.

    • BackSpace пернесі - бұл перне алдыңғы символды өшіру үшін қолданылады.

Deleteпернесі - меңзердің оң жағында тұрған символды өшіреді.

Сабақтың барысы

Уақыт

Кіріктірілген модульдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І.

Ұйымдас-тыру кезеңі

Білу

5 мин

Оқытудағы жаңа тәсілдер, АКТ, СТО, Диалогтық оқыту, ОБжК


«Қар» ойыны арқылы оқушылармен танысу, психологиялық ахуал туғызу.

Оқушылар щеңберге тұрып, бір-бірлеріне допты лақтырады. Оны лақтырған кезде атын, оған қоса бір-бірлеріне тілек айтады.

«Мозайка» әдісімен суреттердің кесіндісін жинақтау арқылы топтаға бөлінеді

1 топ: Монитор

2 топ: Жүйелік блок

3 топ: Пернетақта

Топ мүшелерінің атқаратын қызметтерін тағайындау.

Оқушылар допты бір-бірлеріне лақтыру арқылы танысады, бір-бірлеріне жақсы тілек айтады.

Суреттерді сәйкестендіру арқылы, топтасу

Топ мүшелерінің атқаратын қызметтерін тағайындайды.

ІІ. Жаңа тақырып

Түсіну

15 мин

Оқытудағы жаңа тәсілдер,

СТО, Оқушылар-дың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу, Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, Талантты және дарынды балаларды оқыту

Сәйкестендірілген суреттін жинағы бойынша, тақырыптың атына шығу. Балалар сабақтың мақсатын қояды.

«ДЖИКСО» әдісі арқылы топтарға мәтіндер беріледі. Әр топ өз мәтінімен жұмыс жасап, постерге түсіреді.

1 топ: Монитор ұғымы, оның міндеті мен түрлері

  1. топ: Жүйелік блок ұғымы, оның құрамы

3 топ: Пернетақта, оның бөліктері мен пернелер қызметі

Өз еркілерімен спикерді таңдап, «Аквариум» әдісімен жұмысты қорғайды.

Басқа топтар қорғауды тыңдап, жұмысқа «Бас бармақ» әдісімен баға береді

Тақырыпқа шығады. Сабақтың мақсатын қояды.

Мәтінмен жұмыс жасайды, топпен бірлесіп, постерге негізгіні түсіруді үйренеді. Бір-бірін тыңдайды, ойларын толықтырады, спикерді тағайындайды.

Спикер өз ойын білдіруге, топ алдында сөйлеу дағдыларын қалыптастырады.

«Бас бармақ» әдісімен бағалауды үйренеді.

IІІ. Оқушы-лардың өздік жұмысы

Қолдану

10 мин

АКТ,

ДжТбж, ОЖесО

Алған білімдерін қолданып, оқушылар компьютерге отырады.

Блокнот бағдарламасында 3 деңгейлік тапсырма орындайды.

Компьютерде 3 деңгейлік тапсырманы орындап, жұмыс жасауды үйренеді

ІV. Талдау кезеңі

3 мин

СТО, Диалогтық оқыту

Осы алған білімдерінің негізінде оқушылар салыстыру жасап, өз ойларын білдіреді, ой-пікірлерін айтады.

Салыстыру жұмысын жасап, өз ой-пікірлерін айтуды үйренеді.

V. Жинақтау кезеңі

7 мин

АКТ, Диалогтық оқыту, Оқытудағы жаңа тәсілдер

«Лото» ойының ойнату арқылы оқушыларды алған білімдері мен түсініктерін жинақтауға бағыттау.

Оқушылар «Лото» ойының ойнау арқылы, сәйкестендіру, артығын алып тастау, логикалық тапсырмаларды орындайды.

VI.

Бағалау

5 мин

Оқытудағы жаңа тәсілдер,

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, Диалогтық оқыту

Сабақ соныңда топ басшыларын сөз беру, топ мүшелерінің жұмысын критерийлер бойынша бағалау.

«Дебат» ойынын өткізу арқылы, оқушылармен «Компьютер адам ағзасына зиянды ма әлде жоқ па?» деген тақырыпта кішігірім дебат өткізу

Кері байланыс орнату

Сабақ соңында топ басшылары өз топ мүшелерінің жұмысына баға береді, қорытындылайды.

(уақыт қалған жағдайда кішігірім дебат ойнату).

Кері байланыс орнату үшін оқушыларға стикерлер таратылады, өз ойларын жазып, «Маша мен аю» суретіне жабыстырады.

Сабаққа енгізілетін түзетулер





© 2010-2022