Тәрбие басы-тал бесік!

Сабақтың тақырыбы:Тәрбие басы – тал бесік! Сабақтың мақсаты: Балалардың өмірге  деген қызығушылығын арттыра отырып, сыйластық, үлкенге құрмет көрсету, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу. Әдептілік қағидаларын меңгерту арқылы имандылыққа, инабаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.   Сабақтың көрнекілігі:  Шар, плакаттарға жазылған тәрбиелік сөздер,суреттер гүлдер. Жүргізуші: Қош келіпсіздер ардақты аналар,ақжаулықты әжелер және ұстаздар.Тәрбиенің әліппесі ана құрсағына бала біткеннен басталса керек....
Раздел Информатика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№ 8 жалпы білім беру орта мектебі КММ

Тәрбие басы- тал бесік!

Тақырыбы: Тәрбие басы- тал бесік!



Өткізген: Темирбекова Гулнур Сейлхановна

Сыныбы: 1 «Б»

Мұнайлы ауданы



Сабақтың тақырыбы:Тәрбие басы - тал бесік!

Сабақтың мақсаты: Балалардың өмірге деген қызығушылығын арттыра отырып, сыйластық, үлкенге құрмет көрсету, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу. Әдептілік қағидаларын меңгерту арқылы имандылыққа, инабаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Шар, плакаттарға жазылған тәрбиелік сөздер,суреттер гүлдер.

Жүргізуші: Қош келіпсіздер ардақты аналар,ақжаулықты әжелер және ұстаздар.Тәрбиенің әліппесі ана құрсағына бала біткеннен басталса керек. Дана халқымыз «Сүтпен сіңген мінез, сүйекпен кетеді» деп бекер айтпаған. Тәрбиесіз берілген білім, әлемді опат қылады. Сондықтан барлық бастаманың алдында тәрбие тұру керек. Алдымен тәртіпті өзімізден бастайықшы,Өйткені,"Әлемді түзеткің келсе, өзіңнен баста" демей ме?! Бүгінгі жастар - ертеңгі ұрпақ тәрбиелеуші.

Ақылбек:Қазақтың дәстүрінде ата-анаға қызмет ету-борыш, ата салтын орындау-парыз, анасының ақ сүтін, әке еңбегін ақтау-қарыз. Жеке адамның адамгершілігі де, кісілік имандылығы да осы борыш, парыз, қарыз өтемімен айқындалады.

Айдос: "Ұлы бар үйде, қуат бар, қызы бар үйде - шуақ бар», «Өз базарың өз балаң, одан қызық озбаған", "Бала бауыр етің", «Бақыттың басы - баладан, баланың нәрі - анадан", "Ағаш жапырағымен қымбатты, ал,адам ұрпағымен қымбатты, "Баланың білегі ауырса, ананың жүрегі ауырады"

Әсемай: Дүниеге нәресте келгенде сүйінші сұрау, ат ерттеп, жол жүруі ағайын туысқандарды қуанышқа бөлендіру, болып табылған. Сүйінші беру - еңбекті бағалаудың бір түрі ғана емес, қуанышты, жақындықты білдіру.

Сүндет:

Күн келген бейбіт көгінде,

Ғажайып байтақ елімде.

"Балалы үй-базар" тегінде

Бақытың - бала сенің де.

Жүргізуші:Сәби дүниеге келгенде оған алғаш ат қойылады:" Балаға ат қою".

Денера: Қазақ халқының басқа халықтардан ерекшелігі қазақ аттарының көптігі - соның әсері болар, азан шақырып ат қояды. Ат қойғанда туыс адамдар аттары қайталанбау керек. Ұл аттары ерекше көп болған, қыз аттары нәзік сұлулыққа көркемделген аттың өзіне тиіс тәрбиелік мәні бар.

Арай: Ат қоюдағы ырымдар: "Ерекше" аттарды көз тимесін", "тіл тимесін" деген оймен қояды. Негізінен, ат қоюдағы тілек - есім адамның өмірлік серігі, онда жақсылық, денсаулық, байлық сұранады,Киіз үйде жас нәрестеге ат қойылып тойлап жатады.

Жүргізуші:Осы жерде әжелеріміз жаңа туылған нәрестеге қалай ат қою керектігін көрсетсе.

Жүргізуші: Сәби өмір есігін ашқаннан кейін ат қойылады,содан соң ауыл үлкендерін және балаларды жинап бесікке салынады.

Б Бегзат: Бесіктің қазақ өмірінде алатын орны ерекше. Көшпелі өмірге ыңғайлы болған. Балаға жайлы орын, тазалығын, денсаулығын сақтауда маңызы зор болған.

Қуаныш:Қазақ халқы қызды аса жоғары құрметтеген. Сол себептен, өсіп, өнсін деген үмітпен, ізгі ниетпен бесікті нағашысы әкеледі. Бесікті саудаласпай сатып алады. Ағайын арасында бесікті тегін беру дәстурге айналған.

Айшабибі:Баланы бесікке салу ауыл балаларына, жақындарға арналатын көңілді той. Әр түрлі ойындар ойнатылады. Мысалы: ауыл қариясы қолына қамшы алып, бесікке мінеді, сөйтіп, "Қоқанға барам", "Қоқанға барам " деп айнала отырған адамдарды қамшылайды.

Жүргізуші:Көрініс баланы бесікке салу.

Жүргізуші: Жаңа өмірге іңгәләп келген жас нәрестенің буыны бекіп, сүйегі қатая бастаған шақта, ата-ана қуанышының айғағындай болған шілдехана тойы өткізіледі

Құрманбек:Шілдехана халқымыздың қастерлі тойларының бірі. Шілдехана тойы бала туған бір жеті өткенде немесе бала қырқынан шыққаннан соң өткізілетін дәстүр. 40 күндік өмір боланың дамуындағы белгілі бір кезеңі

Әсел:Ежелгі дәстур бойынша нәресте қырқынан шығарылғанда, халықтың өз нанымы бойынша қыз бала, қырық, ал ұл бала отыз күннен соң-ақ қырқынан шығарыла береді.

Мөлдір:Бұл жиында дүниеге келген нәрестенің өміріне құттықтау айтылып, оның бүкіл тіршілігін қайғысыз, уайымсыз өткізіп, жақсы өмір кешуіне жүрек жарды тілектер, жылы лебіздер білдіріледі.

Санжар:

Жылы сөзге сәби де мәз боп қалады,

Жылы сөзге қарт та мәз боп қалады.

Әр адамға бір жылы сөз тауып айт,

Жабықпасын, жарқылдасын жанары.

Жүргізуші:Сәбиіміз күннен күнге есейіп тәй-тәй жүре бастайды.Бұған мәз болған жұрт «Түсау кесу» тойын тойлайды.

Аниса:"Тұсау кесу "- баланың қаз тұрып, тәй-тәй басып жүре бастауына жасалатын салт дәстүр. Тұсау кесу үшін жүріс тұрысы жеңіл, елгезек адамды таңдайды.

Жасұлан; себебі, бала да сондай болсын деген мақсатпен таңдалады.Жүре бастаған бала аяғына ала жіптен тұсау салынады, оны белгілеген адам кеседі.

Жүргізуші: Қарабаев Ақылбек,Нахыров Айдостың, Боранбаева айшабйбінің орындауында орындалуында Анашым әні.

Жүргізуші:Ұлдар мен қыздардың орындауында ұлттық би «Қара жорға»

Қорытынды:Адам тәрбиесі - киелі ұғым. Біз ендігі жерде ішкенге мәз, жегенге тоқ, таңды атырып, күнді батырып,орысша шүлдірлеп жүре беретін,ұрпақ емес, мына тәуелсіз еліміздің шаңырағына уық болып шаншылатын, босаға болып қадалатын,нағыз ұлтжанды халқын сүйген, ұрпақ тәрбиелеуіміз қажет.Біздің салт дәстүрлерімізді сақтайтын осындай ақ жаулықты әжелеріміз жас ұрпаққа үлгі болып жүре берсін,сөз кезегі өздеріңізде.

назарларыңызға рахмет!



© 2010-2022