- Преподавателю
- Информатика
- Сабақ жоспары: 3D модельдеу және анимация, виртуалды әлемді танып білу тәсілдерінің бірі
Сабақ жоспары: 3D модельдеу және анимация, виртуалды әлемді танып білу тәсілдерінің бірі
Раздел | Информатика |
Класс | 10 класс |
Тип | Конспекты |
Автор | Ерланова Р.Е. |
Дата | 02.03.2016 |
Формат | docx |
Изображения | Нет |
Сынып: | 10 | ||
Күні: | 22.02.2016 | ||
Сабақтың тақырыбы: | 3D-модельдеу жəне анимация, виртуалдылық шынайы əлемді танып білу тəсілдерінің бірі. 3D-кеңістігінің бағдарына кіріспе | ||
Сабақтың мақсаты: | Оқушыларды жұппен жұмыс жасата отырып 3D-модельдеу жəне анимация, виртуалдылық шынайы əлем түсінігін қалыптастыру, өз ойын ашық әрі еркін жеткізе білуге үйрету | ||
Сабақтың түрі: | Кіріспе сабақ | ||
Әдіс-тәсілдер: | Жұппен жұмыс, сұрақ-жауап әдісі | ||
Көрнекіліктер: | Видео, MyTest бағдарламасымен жасалған электронды тест, оқулық, стикерлер, тақта | ||
Сабақтың жүру барысы | |||
Кезеңдер | Уақыт | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Ұйымдастыру | 1 мин | 1. оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру 2. оқушыларды шеңбер құра отырғызу. Орындықтарға екі түсті стикерлер (қызыл және жасыл) алдын ала жапсырылады | Амандасу. Шеңбер құра отыру |
Үй жұмысын тексеру | 3 мин | Өткен тақырыпты қайталауға арналған сұрақтар қойылады 1. Visual Basic қандай бағдарлама? 2. Қандай мүмкіндіктері бар? 3. Басқа қандай анимация жасауға болатын бағдарламаларды білесіңдер? | Сұрақтарға ауызша жауап береді |
Қызығушылықты ояту | 10 мин | Қарапайым анимациямен жасалған «Бауырсақ» мультфилімі мен 3D модельдеу бағдарламасы көмегімен жасалған «Алдаркөсе» мультфилімінен үзінді көрсетіледі. Екі видеоны көріп болғаннан кейін қандай айырмашылық байқағандары сұралады | Видеоға мән беріп қарау. Сұрақтарға өз ойлары бойынша жауап беру |
Сергіту сәті | 2 мин | балаларды шеңберге тұрғызып «нөсер» психологиялық трейнингін өткізу
| Мұғалімнің нұсқаулығы бойынша біркелкі әрекеттерді орындау. |
Жаңа тақырып | 15 мин | 1.Кітаптағы тақырыпты тиісті стикер түстері бойынша оқыту: Қызыл түсті стикердегілер «виртуалды шындық» тақырыпшасын, жасыл түстегілер «модельдеу» тақырыпшасын оқиды. 2. көршісімен (1қызыл + 1жасыл) жұптасып талқылау, бір біріне өз тақырыптарын түсіндіру | 1. Кітаптағы тақырыптан өз түсіне байланысты берілген бөлігін оқу 2. Көршілес оқушымен жұптасып талқылайды
|
Бекіту | 10 мин | Шеңбер ортасына орындық қойылып «Ыстық орындық» стратегиясы бойынша таңдаулы балаға сұрақтар қойылады (3сұрақ). Ыстық орындыққа алдын ала таратылған стикерлерде сәйкесінше 1,2,3,4,5 сандары бар 5 оқушы кезекпен шығарылады | Нөмірленген стикері бар оқушылар сұрақтарға ауызша жауап береді. Басқа балалар сұрақ қояды |
Рефлексия | 2 мин | «Информатика ағашы»
| Стикерлерге сабақтан алған әсерлері мен алған жаңа білімін, елешек өмірлеріне маңызын жазып тақтаға жапсыру |
Бағалау | 1 мин | Оқушыларға алған бағаларын жариялау | Күнделікке бағаларын қойдырады |
Үйге тапсырма | 1 мин | §24. Программа интерфейсі, нысандар тақырыбын оқып келу | Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазу |