Календарно-тематический план по информатике на тему Microsoft office Word редакторында кесте құру

Раздел Информатика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні

Топ


Сабақ жоспары № 15


Cабақтың тақырыбы: Microsoft office Word редакторында кесте құру.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: MS Word редакторында кесте ұғымымен танысу, кесте құру тәсілдерін және ұяшықтарды біріктіру, бөлуді үйрену
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелілік: Уақытты тиімді пайдалануға, жүйелі ойлауға, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: ДК, Microsoft Office Word 2010 бағдарламасы, Мультимедиялық тақтада дайындалған слайдтар, деңгейлік тапсырмалар, жұмыс дәптері, оқушылардың бағалау және эмоционалдық жағдайын анықтау парағы.

Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
ә) сабақтың мақсаты мен шартын жариялау.
ІІ. Үй тапсырмасы.

Үй тапсырмасын өтілген тақырып бойынша сұрақтар.
ІІІ. Жаңа сабақ
«Кестемен жұмыс». Бұл сабақта сіздер кесте құру әдістерін, сондай -ақ кесте біріктіруді үйренулеріңіз керек.
Біздің өмірімізде мәтінді біріктіру немесе құжатты кесте түрінде даярлау жиі кездеседі. Оларға: мектеп журналдары, үлгерім табелі және сіздердің күнделік парақтарың т.б. MS Word мәтіндік процессоры кесте құруды жеңілдетеді, ол өзіне бағандардың енін есептеу мәселелерін жүктейді.
Сонымен, Кесте - бұл жолдар мен бағандарда реттеліп берілген ақпарат. Жолдар мен бағандар қиылысып, ұяшық құрайды.
Кесте құрудың үш әдісі бар:
1. Аспаптар Добавить таблицу» батырмасын басу арқылы.
2. Меню жолынан «Таблица» командаларын пайдалану.
3. Вид - Панели инструментов - Таблицы и границы командаларын орындау арқылы.

Календарно-тематический план по информатике на тему Microsoft office Word редакторында кесте құру
Сонымен, дәптерге «Меню жолы» арқылы кесте құру, біріктіру және бөлу.
1. Кесте торын алып тастағыларың келетін ұяшықты немесе ұяшықты толық белгілеу.
Енді практика жүзінде қарастырып шығайық.
- Экранға мұқият қараймыз. Мұнда әрине, кесте бағандарының ені бірдей болып
келеді. Маустың немесе абзацтық шегіністер көмегімен бағанның ені мен жолдың биіктігін өзгертуге болады. Tab пернесімен кестеге жаңа жол қосуға болады, ал алдыңғы ұяшыққа қайтып келу үшін Shift+Tab пернесін басса жеткілікті.

Календарно-тематический план по информатике на тему Microsoft office Word редакторында кесте құру
Кестеге Добавить столбцы, Добавить строки, Добавить ячейки, Разбить ячейки, Разбить таблицу, Объединить ячейки, Удалить ячейки, Удалить столбцы, Удалить строки (бағандар мен жолдар қосуға, ұяшықтарды бөлу, біріктіру, жою) командаларын орындай отырып, кестені құруға және жоюға болады.

ІV. Жаңа сабақты бекіту

Деңгейлік тапсырмалар
І. Міндетті деңгей
1. Меню көмегімен Кесте > Кесте қосу /Таблица > Вставить таблица/ командасын орындау арқылы кесте құрыңыз.
2. «Менің сабақ кестем» тақырыбын туралау.
3. 6 баған, 7 жолдан тұратын кесте құр.
4. Кестенің басынан тағы 1 баған қосыңыз. Оған Р/с деп жазыңыз.
5. Автоформат пішімін пайдаланып, кестені безендір.

V. Сабақтың қорытындысы.

VІ. Үйге тапсырма

Кестемен жұмыс.
Кесте сөзіне Ребус жасап келу.
Осымен біздің сабағымыз аяқталды. Сабаққа қатысқандарыңа рахмет! Келесі аптада жолығамыз.
VІІ. Бағалау.


Тексерілді: Итанова Г.Б

© 2010-2022