Графикалық файлдардың пішімі сабақ жоспары

Раздел Информатика
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары

Сабақ № 21

Пән аты: Информатика

Сыныптар: 7 «А», 7 «Ә», 7 «Б»

Өткізілетін күні: 10.02.16 ж.

Сабақтың тақырыбы: Графикалық файлдардың пішімі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға графикалық файлдардың пішімі жөнінде мағлұмат беру, әр түрлі форматтағы файлдармен жұмыс жасауды түсіндіру.

Дамытушылық: графикалық файлдардың өлшемі туралы толық мағлұмат бере отырып, оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыру, алған білімдерін дамыту;

Тәрбиелік: Оқушылар информатика кабинетінде техникалық ереже бойынша тәртіп сақтау және еңбекке баулу. Оқушыларды өздігінен жұмыс істей білуге, мақсаттылыққа, ұқыптылыққа, кішіпейілділікке, есеп шығаруға тәрбиелеу.

Сабақтың әдістері: Түсіндіру, баяндау, сұрақ жауап.

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Сабақ көрнекілігі: оқулық, компьютер, интерактивті тақта, презентация.

Сабақтың өту барысы:

  1. Қызығушылықты ояту.Топтарға бөлу.

  2. Үй тапсырмасын сұрау.(Сұрақ-жауап арқылы).

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  4. Мағынаны тану.

  5. Сабақты қорытындылау

  6. Үй тапсырмасын беру

  7. 7.Ой-толғаныс (Рефлексия).

  8. Оқушыларды бағалау

1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.Оқушыларды геометриялық фигуралар (төртбұрыш,үшбұрыш,дөңгелек) арқылы топтарға бөліп аламын.Топ спикерлерін сайлау. (2-3 минут)

2. Үй тапсырмасын «Ия-жоқ» ойыны арқылы сұрап пысықтау. (5 минут)

  1. Компьютерлік графика дегеніміз не?

  2. Қандай графикалық редакторларды білесің?

  3. CorelDraw графикалық редакторы не үшін арналған?

  4. Графикалық редактордың негізгі ерекшеліктері қандай?

  5. Жұмыс терезесі қандай элементтерден тұрады?

Тапсырмалар орындау. Интербелсенді тақтамен жұмыс.

3. Жаңа сабақ (15-20 минут)

Жаңа сабақты түсіндіру

Компьютерлік графика файлдарының пішімдері

Векторлық графикалық объектілердің математикалық түрде құрастырылуын көрсетеді. Қарапайым сөзбен айтсақ- компьютер түзу сызықты салуы үшін екі нүкте координаттары керек және оларды қосу қажет.Осыған қарап векторлық графиканы геометриялық примитивтер жиыны деп те айтуға болады.

Растрлық формат болса жеңілдеу құрастырылған.Ол тікбұрышты матрица сияқты,ол матрица кішкентай бөліктер- пиксельдерге бөлшектелген. Пиксель көп болса оның көлемі де үлкен болады. Бұл барлық растрлық форматтарға сай келеді. Ал олар өз арасында түсі, архивациялану тәсілі бойынша, қосымша ақпарат арқылы және т.б. бөлімдер арқылы айырылады. Ал енді форматтарға толық тоқтала кетейік.

ВМР(Windows Device Independent Bitmap) бұл формат Windows-тың негізгі форматы болып есептелінеді, ол өз қарамағындағы барлық графикалық құралдармен қамтамасыз етіледі. Windows-қа арналған растрлық суреттерді сақтау үшін қолданылады. Индекстік және RGB-түстерін сақтай алады.

WMF (Windows MetaFile) Windows-тың тағы бір «туған» форматы. Векторларды айырбас буфері арқылы тасымалдау үшін қолданылады. Векторлық графикамен байланысы бар Windows-тың барлық программасына түсінікті болып келеді.

PICT (Macintosh QuickDraw Picture Format) Macintosh айырбас буферіне арналған стандарт.

Векторлық та растрлық да ақпаратты қабылдай алады. Macintosh-та барлық программалармен қабылданады. РС-да ріс. немесе РІСТ сияқты өлшемдері бар. Бірақ онымен жұмыс қиын да күрделі болады.

TIFF (Tagged Image File Format) кең таралған сенімді тәуелсіз форматтардың бірі, графикамен байланысы бар программалардың бәрі оны қолдайды. Растрлық графиканы векторлық программаларға импорттаған кезде осы форматты тандаған жөн.Оған түстің барлық қасиеттері еңгізілген, монотондыдан бастап алуан түстерге дейін. Әртүрлі программмалық көмекшілер типін сақтай алады, және оған қоса көптеген басқа да қасиеттерге ие.

Scitex CT (PC set өлшемі) Өзінің атындағы фирмамен шығарылған ТІҒҒ-тан айырмашылығы аз, тек кей аппараттарда бұл файлдар тез шығарылады.

EPS (Encapsulate PostScript) Eps-postscript-нің қарапайым жеңілдетілген түрі.Бір файлда бір парақтан артық өлшем сақтай алмайды,принтер үшін бірнеше орнатуларды сақтамайды.Оны кейбір программалар жұмыс файлы ретінде пайдаланады.Оны вектор мен растрды баспа жүйелеріне жіберу үшін қолданады,графикамен жұмыс істейтін көптеген программалар оны шыңарып отырады.Басып шығару үшін қажетті түстердің бәрімен қамтамасыз етілген.Ол Macintosh-та қолданыса болғанда эскиздерді сақтаған жөн.Олар максимальді сапалы және минимальді өлшемді болады,веторда да, растрда да,бірақ ол жеңіл болуы үшін растрлық форматта ол шектеулі түс палитрасымен болады.Ең басында ол векторлық формат ретінде шығарылған еді,соңынан оның растрлық түрі де жарыққа шықты.

JPEG.EPS-ФАЙЛДАРЫ Бұл осы уақытта ЕРS-файлдарын редактрлеу үшін аша алатын жалғыз программа болып келеді.

PDF (Portable Document Format) Платформадан тәуелсіз болып келетін Adobe фирмасымен ұсынылған формат.Оның ішінде растрлық , векторлық иллюстрациялар және мәтіндер сақталына алады.Жетістіктерге жетуі үшін оның көлемң кіші болуы керек.Бұл үшін компрессия қолданылады,әр файлда өз тәсілдері бар.Бұл форматпен жұмыс жасау үшін арнайы Acrobat пакеті жасап шығарылды.

PSD(Adobe Photoshop Document) әйгілі растрлық редактор Photoshop-тың жасап шығарылған форматы болып табылады.Осыған байланысты көпқабатты суреттер салуға,қосымша каналдар болуына мүмкіндік береді.

CDR (CorelDraw Document) бұл формат тұрақсыз және файлдардың сыйымдылығын реттелуін қамтамасыз етпейді.Оған қарамастан ол қолдануда ыңғайлы болып табылады.Және де ол РС платформасында көш бастаушылардың бірі болып табылады.

Графикалық объектлерді құрастырудың негізгі принциптері.

Бұл принцип суреттің бастапқы қалпын векторлық кескін құрайтынына негізделген.Бұл 2D және 3D суреттерімен пара-пар болып келеді.Яғни баспаға шығару кезінде көлеміне көп мән берілмейді деген сөз. Растрдан векторға трассировка жасайтын құралдар болса да олар адм фотосуретін векторлыққа өткізе алмайды.Кез-келген жағдайда векторлық сурет растрлық сурет сияқты кескінді анық түрде саплаы қып көрсете алмайды.Векторлық форматта жаңа заманға сай течнологиялар орнатқанның өзінде де оның көлемін ауыстырсақ сурет анық болып көрсетілмейді.Ал керісінше вектордан растрға тасымалдау кезде векторлық сурет саплы күйінде болып көрсетіледі.Яғни векторлық сурет примитивті геометриялық денелерден құралған.Ал 3D форматы болса осыған кіретін үшбұрыш ретінде қарастырылуы мүмкін.Үшөлшемді гпһрафика қазіргі таңда өте кеңтаралған.Үшөлшемді векторлар арқасында күрделі көрсетілімдер құрастырылады.Қандай да дарынды болсаңыз да растрлық графика арқылы үшөлшемді сурет салу мүмкін емес.Ол үшін әртүрлі компьютерлік технологиялар әртүлі программаларға арналғандығын түсіне білу керек.Ал оларды дұрыс түрде орнатуға болады және орнату керек.

4. Мағынаны тани білуі. (5минут)

Бекіту сұрақтары:

  1. Қандай графикалық форматтарды білесің?

  2. Ең кең таралған формат қандай?

  3. CorelDraw бағдарламасының форматы қандай?

  4. Adobe Photoshop файлының формат қандай?

  5. Қандай графикалық редакторларды білесіңдер?

  6. Ой-толғаныс.Венн диаграммасы . CorelDraw және Adobe Photoshop бағдарламасының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсету.

6. Үй тапсырмасын беру: графикалық файлдардың пішімі. Тақырыпты соңындағы тест тапсырмасын орындау.


  1. Оқушыларды бағалау.

Үй тапсырмасына дайындалып келуі. (1-3 ұпай)

Жаңа сабақты толық меңгеруі. (1-5 ұпай)

Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қосуы. (1-3 ұпай)

Өз пікірін ашық айтуы,басқада пікірлерді тыңдап құрметтеуі.(1-3 ұпай)

Жалпы ұпай:

9-10 ұпай-«5»

7-8 ұпай -«4»

5-6 ұпай-«3»



© 2010-2022