Күрделі шарттар тақырыбында ашық сабақ жоспары (8 сынып)

Раздел Информатика
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Фурманов орта мектебі













Тақырыбы:

«Күрделі шарттар»









Информатика пәнінің мұғалімі: Сулейменова Ж.Ж

Сынып: 8 «А»

















2014 - 2015 оқу жылы

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Күрделі шарттар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Күрделі шартты операторлардың жазылу тәртібімен таныстыру. Сабақтан алған теориялық білімдерін жүйелі түрде тәжірибе жүзінде көрсете білу дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық:Ойлау қабілеттерін, өз білімдерін сауатты түрде жеткізе білуді, пәнге деген қызығушылықты дамыту.

Тәрбиелілік:Оқушылардың белсенділігін арттыру, өзара көмектесуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:Тармақталу операторларының түрлерін, күрделі шарттардың программада жазылуын біледі.

Оқушылар ынтымақтастықпен жұмыс істеуге үйренеді.

Тыңдау мәдениеті қалыптасады, өз ойын толық, анық жеткізе алады.

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың әдісі: Топтастыру

Пәнаралық байланыс: математика, тарих

Көрнекілік: Презентация, кеспе қағаздар, веер тәрізді қағаздар, стикерлер

Сабақ кезеңдері

І. Ұйымдастыру кезеңі(2 мин)

ІІ.Үй тапсырмасы «Сыйқырлы сандар» ойыны(7 мин)

ІІІ. Шаттық шеңбері (4 мин)

ІV. Жаңа сабақ (8 мин)

Сергіту сәті. (5 мин)

V. Тапсырмамен жұмыс (10 мин)

VІ. Бекіту «Домино» ойыны (6 мин)

VІІ. Бағалау (2 мин)

VІІІ.Үйге тапсырма (1 мин)

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Ынтымақтастықты оқытуды орнату;

  • Сабаққа назарын аудару;

ІІ.Үй тапсырмасы «Сыйқырла сандар» ойыны

Бұл жерде экранда жылдар жазылған ұяшықтар тұрады, жылдар берілген сұрақтардың жауабы. Ұяшықтардың астында үй тапсырмасын сұрауға арналған сұрақтар орналасқан.

Сұрақтар:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы қай жылы қабылданды? 1995 ж 30 тамыз

  2. Желтоқсан оқиғасы қайжылы болды? 1986 ж. 16-17 желтоқсан

  3. ҚР Тәуелсіздігін қай жылы алды? 1991 ж. 16 желтоқсан

  4. ҚР Президент күні? 1991ж. 1 желтоқсан

  5. ҚР рәміздері қай жылы қабылданды? 1992ж. 4 маусым

Ұяшық сұрақтары:

  1. Алгоритм дегеніміз не?

  2. Алгоритмнің неше түрі бар? (үш, сызықтық, тармақталған, циклдық)

  3. Алгоритм түрлеріне анықтама бер?

  4. Тармақталған алгоритмнің неше түрібар? (2 түрі, толық және толық емес)

  5. Тармақталған алгоритмде шарт қандай фигурамен беріледі? (ромб)

  6. Алгоритмнің бірнеше рет қайталануы ол қандай алгоритм деп аталады (циклдық)

ІІІ. Шаттық шеңбері

Оқушыларға шаттық шеңберінің ережесімен таныстыру. Оқушылар ортаға шығып бір - бірінің жұмсақ ойыншық ұсынып жақсы тілектер айтады.

ІV. Жаңа сабақ

Күрделі шарттар

Тармақталған алгоритмдердің программасын құру үшін шартты операторларды пайдаланамыз. Осы уақытқа дейін біз сызықтық алгоритмдерге программа құрып келдік. Яғни, берілген есепте ешқандай шарттар болмаған. Ал, бүгінгі сабағымызда берілген есепте бір немесе бірнеше шарт кездесетін жағдайды қарастырып, оған программа құрамыз. Ал бұл алгоритм түрі тармақталған алгоритм.
Тармақталған алгоритмдер - алгоритмде арифметикалық теңсіздік пен теңдік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Логикалық шарт тексеріледі, егер орындалса, онда 1 - жолмен, ал егер орындалмаса, онда 2-ші жолмен жүзеге асады да, соңында екі тармақ бірігеді. Мұндай алгоритмдерді шарт тексеру, яғни тармақталу алгоритмдері деп атаймыз. Блок схемасында шарт тексеру блогы - ромб қолданылады.
Тармақталу операторы көрсетілген шартқа тәуелді құрамына кіретін операторлардың орындалуын немесе орындалмауын қамтамасыз етеді. Күрделі шартты тармақталған алгоритмдерді программалаған кезде мынадай қызметші сөздер қолданылады: if - егер , then - онда , else - әйтпесе

if - егер , then - онда , else - әйтпесе сөздерімен біріктірілген, бірнеше қарапайым шарттардан тұратын шарттар (логикалық өрнектер) күрделі шарттар деп аталады.

Оператор программадағы іс-әрекеттердің орындалу реттілігін өзгертетін мүмкіндіктің ең кең тараған тәсілі болып табылады. Оператордың жазылу түрі:
{Егер шарт онда 1 оператор әйтпесе 2 оператор орындалады.}
IF THEN ELSE ;
Егер шарттың мәні «ақиқат» болса, THEN сөзінен кейінгі оператор, ал мән «жалған» болса, ELSE сөзінен кейінгі оператор орындалады.
Шарт өрнегін жазу үшін мынадай салыстыру белгілерін пайдаланамыз:

= Тең
= Үлкен немесе тең
<> Тең емес

Кейбір есепте үш және одан да көп тармақ, яғни шығу сызықтары бар шарттарды тексеруге тура келетін кездер кездеседі.

Берілу формалары:

  1. Сөздік формада

  2. Графикалық формада (блок-схема)

  3. Программалау тілінде

1 мысал:

Функция мәнін есептеп шығару

Күрделі шарттар тақырыбында ашық сабақ жоспары (8 сынып)

Сергіту сәті.

Логикалық тапсырмалар

V. Тапсырмамен жұмыс

І топ - квадрат теңдеуді математикалық жолмен шешуді көрсетеді;

ІІ топ - квадрат теңдеудің блок - схемасын сызады.

ІІІ топ - квадрат теңдеуді шешудің программалау тіліндегі программасын жазады.

  1. Тапсырма: Бөлменің температурасы 50 градустан жоғары болса, "ыстық" сөзін, 25 градустан жоғары болса, "қалыпты" сөзін, ал 25 градустан төмен болса, "суық" сөзін экранға шығару керек.

Жауабы:

program h;
var t:real;
begin
read(t);
if t>=50 then write(' ыстык ') else
if t>=25 then write(' калыпты ') else write('суык ');
writeln('t=',t);
end.

  1. Тапсырма: х2 + 5x + 4 = 0, түбірлерін табатын программа құру. х1,2 >= 0 болса «есеп қате» сөзі, х1,2 =< 0 онда «есеп дұрыс» сөзі шығу программа құру

Оқушылар топпен жұмыс істейді. Топтық жұмыста оқушылар тармақталу операторлары туралы білімдерін толықтырып, күрделі шарттардың есептерде қолданылуын өздері қорытып шығарады.

VІ. Сабақты бекіту. «Домино» ойыны. Оқушыларға үлестірмелі парақшалар беріледі. Сол парақтың ортасынан қаламмен бөліп, оң жақ бөлігіне сұрақ. Кеінші парақшаның екінші бөліміне жауабын жаз. Содан соң доминоны келесі топқа бер. Дауыстап оқимыз.

Пысықтау сұрақтары:

1. Күрделі шарттар дегеніміз не?

2. Шарт өрнегін жазу үшін қандай салыстыру

белгілерін пайдаланамыз

Оператордың жазылу түрі?

3. Күрделі шарттың берілу формаларын ата?

4. Күрделі шарт операторлары программалау тілінде қалай

жазылады?

5. Не үшін бұл күрделі шарт деп аталады?

Рефлексия «Ашық хат»

Бүгін мен не үйрендім?

Маған не ұнады?

Маған не ұнамады?



Оқушыларға түрлі- түсті стикерлер беріледі. Оқушылар тақтадағы бүгін не үйренді, не ұнады, не ұнамады соныстикерлерге жазып, ашық хатқа жабыстырып қоямыз.

VІІІ. Үйге тапсырма

Күрделі шарттар, есеп №2

Дені сау күшіккүніне кем дегенде 8 сағат ойнауы керек. Ақтабан деген күшік күніне 13 сағат ойнайды. Оның денсаулығын анықтайтын программа құр.

VІІ.Оқушыларды бағалау

Топ оқушыларын жинаған баллдарына қарай және сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.



© 2010-2022