Power point бағдарламасында кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіру

Раздел Информатика
Класс 7 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Power point бағдарламасында кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіру

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың MS Power Point бағдарламасында суреттер, мәтін құру , кестелер, фильм және дыбыстар кірістіру туралы түсінік беріп, алған теориялық білімдерін практикада қолдана білуге үйрету.

Білімділік: Оқушылардың MS Power Point бағдарламасы арқылы суреттер, мәтін құру , кестелер, фильм және дыбыстар кірістіруге, өзгертуге, өңдеуге болатынын үйрете отырып, білімдерін шыңдау.
Дамытушылық: Оқушылардың информатика пәніне қызығушылықтарын арттыру, презентациямен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу, ақпараттық дүниетанымын кеңейту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз беттерімен жұмыстануға, ізденуге, еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу, адамгершілікке баулу.

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, қызықты сұрақтар, әр түрлі тапсырмалар, тест т.б.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру (топқа бөлу асықтар арқылы)
Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (қызықты сұрақтар)

  • Сұраққа жауап

  • Қызықты сұрақтар

Сұраққа «иә» не «жоқ» деп жауап беру керек. (І-топқа)
1. Баспаға шығару құрылғысы пернетақта деп аталады (жоқ)
2. Адам ақпаратты сақтай алмайды (жоқ)
3. Екілік жүйе 2 символдан ғана тұрады (иә)
4. Ақпараттық ең кіші өлшем бірлігі килобайт. (жоқ)
5. Процессор - компьютердің миы (иә)
6. Тышқан ақпаратты сақтауға арналған құрылғы (жоқ)


Қызықты сұрақтар (ІІ топқа)

  1. Power Point не үшін арналған бағдарлама? Презентация жасауға

  2. Power Point-ты іске қалай қосуға болады? Пуск-Все программы-

MS Offise-MS Power Point

  1. Слайд дегеніміз не? Мәтінді, объектілерді, клиптерді іске қосатын күрделі объект

  2. Презентация деп нені атайды ? Слайдтардың жиынтығын

  3. Слайдтарды қалай қосуға болады? Алдыңғы слайдты белгілеп, ENTER пернесін басып

  4. Слайдтарды пішімдеуге болады ма? Иә

(Жауап берген әрбір оқушыны мадақтап отыру)

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру (Джигсо әдісі бойынша)

(2топқа да бірдей мәтін беріледі)

Графикалық файлдарды ендіру.

Ағымдағы cлайдқа бейнесі бар файлды ендіру үшін, келесі әрекеттерді орындау керек:

1. Слайдтың жұмыс аумағында тышқанның оң жақ батырмасын басыңыз.

2. Фон менюі пунктін таңданыз.

3. Исключить фон образца пунктінте жалаушаны алыңыз және оң жақтағы үшбұрышы тышқанмен шертіңіз.

4. Способы заливки таңдаңыз.

5. Способы заливки терезесінде Рисунок жапсырмасын таңдаңыз.

Способы заливки терезесінің төменгі бөлігінде Рисунок пунктін таңдаңыз.

Дыбыспен жұмыс.

Егер презентация Интернетте ұсыну, компьютерде автономды көру және басқа да электронды жариялым үшін болса, оны дыбыстық көркемдеумен сүйемелдеуге болады. Бұл музыка, сөз, дыбыстық эффектілер болуы мүмкін. Әдетте дыбыстық эффектілерді жекелеген слайдтарға зейін аудару элементі ретінде пайдаланады, ал музыка шығармашылық тақырыпты ұсыну кезінде баяндаманың дербес элементі ретінде болады. Сөзді әдетте автономды көруге бағытталған презентацияны түсіндіру үшін пайдаланады. Сонымен қатар, сөздің жазбасын аудиториялық баяндама дайындау үшін де қолдануға болады.

Дыбыстық эффектілер бүтіндей слайдқа немесе оның объектілеріне аудиторияның көңілің аударту үшін ендіреді. Интернетте дыбысты жіберу белгілі бір қиыншылықтармен байланысты болуын көңілде ұстау керек, себебі дыбыстық файлдардың көлемі өте үлкен болуы мүмкін. Дыбыстық файлдардың арнайы пішімдерін, сапасын басқару мүмкіншілігімен қысудың жоғары дәрежесін қамтамасыз ететін, мысалы МРЗ пішімі қолдану ұсынылады. Ағымдағы слайдқа дыбыстық файлды ендіру үшін, келесі әрекеттерді орындау қажет:

1. Встака - Фильмы и звук - Звук из файла менюі пунктін таңдаңыз.

2. Вставка звука терезесінде сендердің компьютерлерінде сақталған дыбыстық файлдардың біріне жол көрсетіңіз.

IV. Жаңа сабақты бекіту:

  • практикалық жұмыстар

  • сәйкестендіру

  • информатикалық диктант

  • Ойлан тап

  • Білім тест



  • Практикалық жұмыстар

Төрт слайд құру.

Әр слайдқа әр түрлі фон қою:
1-ші слайдқа Градиент 2-ші слайдқа Текстура
3-ші слайдқа Узор 4-ші слайдқа Рисунок

Әр слайдқа әр түрлі объектілер қою:
1-ші слайдқа WordArt арқылы мәтін және сурет қою
2-ші слайдқа Схема сызу фигуралар арқылы
3-ші слайдқа 3 бағаннан және 3 жолдан тұратын кесте қойып оны толтыру.

4-ші слайдқа Геометриялық фигураларды толықтыру



  • Сәйкестендіру (І-топқа)

Power point бағдарламасында кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіруPower point бағдарламасында кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіруPower point бағдарламасында кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіруPower point бағдарламасында кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіруPower point бағдарламасында кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіруPower point бағдарламасында кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіруPower point бағдарламасында кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіру

  • Информатикалық диктант (ІІ- топқа)

Power point бағдарламасында кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіру





  • ОPower point бағдарламасында кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіруйлан тап (2топқа бірдей беріледі)


  • Білім тест

І-топқа

1. Power Point бағдарламасының атқаратын қызметі ...

а) Электрондық кесте құру

в) Құжаттарды безендіру

с) Электрондық презентациялар құру

д) Мәліметтер базасын құру

е) Арифметикалық амалдарды есептеу

2. Саймандар тақтасының қай тобында ағымдағы презентация дизайнын өзгертуге болатын батырма орналасқан?

а) Сервис

в) Стандартты

с) Суреттер

д) Формат

е) Слайдтарды көрсету

3.Слайдтарды көрсету ретін қалай орналастыруға болады?

а) Өзгертуге болмайды

в) Слайдтарды көрсету →Еркін көрсетілім

с) Файл→Сақтау

д) Файл →Баспаға беру

е) Файл →Алдын-ала көру

4. Презентацияны көрсетуді қай команданың көмегімен орындауға болады?

а)F5 в) F6 с) F8 д) F9 е) F12

5. Презентацияны дизайн шаблондары көмегімен қалай құруға болады?

а) Файл→Құру→Жаңа презентация

в) Файл→Құру→ Из шаблона оформления

с) Файл→Құру→ Из мастера содержания

д) Файл→Құру→ Из имеющейся презентации

е) Файл→Құру→ Фотоальбом

ІІ-топқа

1. Бос презентация қандай команда көмегімен құрылады?

а) Файл→Құру→ Жаңа презентация

в) Файл→Құру→ Из шаблона оформления

с) Файл→Құру→ Из мастера содержания

д) Файл→Құру→ Из имеющейся презентации

е) Файл→Құру→ Фотоальбом

2. Анимация эффектісін қосу қандай командалар көмегімен орындалады?

а) Слайдтар көрсетілімі→Еркін көрсетілім

в) Слайдтар көрсетілімі→Анимациялар эффектісі

с) Слайдтар көрсетілімі→ Настройка презентации

д) Слайдтар көрсетілімі→ Анимациялар эффектісі→Слайдтардың ауысуы

е) Слайдтар көрсетілімі→ Слайдтардың ауысуы

3. Слайдты безендіру элементтерін атаңыз... (дұрыс емес жауабын көрсету)

а) Безендіру шаблоны

в) Түрлі-түсті схема

с) Анимациялар эффектісі

д) Объектілер түсі

4. Жаңа слайдты қандай команданың көмегімен құруға болады?

а) Түзету→Слайд құру

в) Файл→Құру→Слайд

с) Формат→Құру

д) Түр→Слайд құру

е) Кірістіру→Слайд құру

5. Бір слайдтан басқасына ауысудың қандай түрін таңдау мүмкіндігі беріледі?

а) Жай, орташа, жылдам.

в) Автоматты.

с) Тышқан шертуімен.

д) Дыбыстық сүйемелдеу, кідіріссіз.

е) Барлық жауабы дұрыс

V. Сергіту сәті (видео-ролик арқылы сергіту)

VI.Үйге тапсырма

«Менің мектебім» және «Менің отбасым» тақырыбына презентация құру.

VІI. Бағалау

Бағалау парақтарын толтыру,оқушыларды бағалау.

5-15 ұпай «3»-тік баға

15-25 ұпай «4»-тік баға

25-30 ұпай «5»-тік баға



№20 орта мектеп







Power point бағдарламасында кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіру


«Power point бағдарламасында кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіру»





Дайындаған: Жамаладин Қ.Қ.












2014-2015 оқу жылы




© 2010-2022