Бақыт гүлін терген күн (тәрбие сағаты)

Раздел Информатика
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағаты: «Бақыт гүлін терген күн»

Мақсаты. Жеңісті дәріптеу, өз Отанын, елін, жерін сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.

Ұлы күшке сенген күн,

Фашистерді жеңген күн.

Ағаларға ерген күн,

Бақыт гүлін терген күн- деп, ақын Қадыр Мырза Әли жырлағандай, «Бақыт гүлін терген күн» атты Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған тәрбие сағаты.

Барысы: Құрметті ұстаздар, оқушылар!

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына байланысты ұйымдастырылып отырған «Бақыт гүлін терген күн» атты тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер!

Самал. 1941 жылғы маусымның 22-сінде фашистік Германия Отанымызға соғыс жарияламастан, опасыздықпен шабуыл жасады. Фашист әскерлері Кеңес мемлекетінің шекарасына басып кірді. Бұл халық үшін ауыр да қиын кезең болды.

Мақсат. Отанымызға қиын күн туғанда елін, жерін қорғау үшін көптеген ер-азаматтар майданға аттанды.

Самал. Жауға деген шексіз өшпенділік, Отанға деген қасиетті сүйіспеншілік, жауыргерлерге жеңіп шығуға деген қаитпас қаисарлық туғызды.

Соғыс деген қайдан шықты,

Авторы кім алғашқы?

Есіл Адам, есі кетіп,

Оған несін жармасты?

Соғыс деген-аққан соры ақсүйектің, құлдың да,

Соғыс деген-төккен ары ұлдың және қыздың да.

Соғыс деген-сотқарлардың қолындағы найзасы,

Соғыс деген-соғыс деген-зұлымдықтың айнасы.

Мақсат. Соғыс даласында қаза тапса да жауды өткізбей қан жұтқан 28 батырдың мынадай ұлағатты өсиетін естен шығару мүмкін емес. «Біз өмірімізді Отан үшін пида еттік. Біздің жансыз денеміздің жанымызда тұрып көз жасын төкпеңдер. Тістеніп тас түйін болыңдар. Біз қаза таптық, бірақ жеңіп шықтық» Бұл өсиет өшпек емес. Ержүрек панфиловшылардың ерлігін халық есіне мәңгі сақтайды.

Тойтарып анталаған жаудың бетін,

Көрсеткен батырлықтың құдіретін.

Жиырма сегіз батырын туған елім,

Ардақтап мәңгі жасар құрметін.

Тастар көкке атылды,

Орман шулап, тау құлап,

Жиырма сегіз батырды,

Жеңе алмайды жау бірақ.

Самал. Мәскеу, Ленинград, Сталинград түбіндегі ұрыстарда қазақ жауынгерлері ерлікпен шайқасты. Атап айтқанда-Бауыржан Момышұлы, Төлеген Токтаров, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова т.б көптеген батырлардың есімі аңызға айналды.

Оқ борайды күн-түні,

Жапты жерді от қарып.

Алға қарай ұмтылды,

Батыр қазақ Тоқтаров.

Отанға жаулар қаптады,

Опасыз жаулар тапталды.

Қасиетті жер үшін

Қастерлеп батыр елі үшін.

Әлия, Маншүк, Төлеген,

Жаулардың көзін жойды олар.

Мақсат. Қазақ халқының жүз жасаған бәйтерегі, алып тұлғасы Жамбыл ақынның жырлары Ленинград үшін шайқастардың ұранына айналды, патриоттық қызмет атқарып, жаңа күш, демеу беріп отырды.

Әскердің берген антындай,

Найзағайдай жарқылдай,

Жауға қарсы тартынбай,

Отан үшін құйылған,

Жамбылдың да жыры бар!

Самал. Екі дүние айқасты,

Майдандасқан алаңда.

Отар фашист-сұр жылан,

Уын шашқан адамға!

Денеге уын дарытпай,

Езгіледі табанда.

Бейбітшілік орнаттық,

Күн ортақ барлық адамға.

Айгерім. Өзінің шығармасы. Өлең.

Мақсат. 1945 жылдың 30 сәуірінің кешінде 6.30 минутта Жеңіс туы тігілді. Ту тіккен-Рақымжан Қошқарбаев. Төрт жылға жуық созылған қан төгіс аяқталды. 9 мамыр-Жеңіс күні !

Алақай-ай Әйгілі,

Тоғызыншы май бүгін.

Алғаш күні шаттықтың,

Соңғы күні қайғының.

Ұлы күшке сенген күн,

Фашистерді жеңген күн.

Қырмызы гүл, қызыл гүл,

Құшақтарға енген күн,

Бақыт гүлін терген күн!

Әлем бізді ұққан күн,

Жауды ініне тыққан күн.

Батыр атам алдынан,

Әжем күліп шыққан күн.

Сағындырып жеткен күн,

Қадірі әбден өткен күн.

Тұңғыш рет туған жер

Тәтті ұйқыға кеткен күн!

Самал: Иә,аспанымызда жеңіс туы желбірегеніне -70жыл. Соғыс өрті өшіп,қайғы-мұңнан арылып,бейбітшілік орнап,бақыт гүлін тергенге-70 жыл!

70 жыл-бейбір көктем таң атқалы,

70жыл-шуақты күн таратты әнінін.

Есімд сонан бері-70рет

Ашылды Жеңіс күннің парақтары.

Талай құс содан бері қайта оралды,

Талай бақ әлеміне қайта орнады.

Соғыста өлгендер тек оралмайды,

Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді.

70жыл үзілмеді құстар әні,

Кетті енді соғыстың қыспақ әлі.

70 жыл-жауымыздың ажал оғы,

Біздің елдің үстіменен ұшпағалы.

Мақсат:Жеңіс!Иә, расында,бұл сөз бес әріптен тұрса да мән-мағынасы зор.Біз бұл сөзді қуаныш қып,мақтанып айтамыз.Міне,Ұлы Жеңіске 70 жыл болды.Жеңіс күні жыл сайын оралатын ардақты сәт.Осы Жеңіс күнін жасы да,кәрісі де қуанышпен тойлайды.

Оқушы: Сен неткен Отан анам ғажап едің,

Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.

Жайнай бер,Ұлы Отаным-қазақ елім.

Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін,

Жайнай бер,Ұлы Отаным-қазақ елім.

Самал: Желбіре көгілдір ту,көк аспанда,

Не жетсін жөні келіп жарасқанға.

Сен менің құдіретім, кием-дағы,

Айбарың айтсын сөзді адасқанға.



Хор: «Атамекен»

Мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,Болсамбекова Гулнар Егеутаевнаға беріледі.

Мұғалімнің қорытынды сөзі.

Азаттық аңсарынан кемел қарап,

Мұраты бүгіннің алыс бармақ.

Атынан Алашымның топқа кірді

Көк туы қазағымның әлем шарлап.

© 2010-2022