«Информатика және біз» атты сайыс

Раздел Информатика
Класс 12 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныптан тыс шара

«Информатика және біз» атты сайыс

Сайыстың мақсаты: Оқушылардың компьютерде ақпарат жаңалықтарын пайдалана отырып, информатикалық білімдерін, ой-өрісін және танымдық қабілеттерін, ұжымшылдық, іскерлік қабілеттерін, логикалық ойлау қабілетін, интеллектісін дамыту. Бір мақсатқа жету үшін аянбай еңбек етуге, өз ойын еркін жеткізе білу және әділдікке, шыдамдылыққа, намысқойлыққа, өнерді сүюге тәрбиелеу.

Сайыс барысы: Сәлеметсіздерме, қадірлі ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі бастағалы отырған «Информатика және біз» атты сайысқа қош келдіңіздер! Бұл сайысымызда Н.А. Рубакиннің «Нағыз білім атаулыға өздігенен білім алу арқылы ғана қол жетеді» деген асыл сөздерімен бастаймын.

Бәріңіз маған қараңдар!

Сайысымызды бастайық

Алуан түрлі ойларды

Ортамызға тастайық.

Информатика пәнінен

Көрсетіп біздер батырлық

Ой толғалық жүйелі

Таңдайымызға татырлық.

Шақырамыз келіңіздер жарысуға,

Күш, өнер, біліммен алысуға,

Бар өнерді салыңыздар ортамызға,

Ал қанекей шығыңыздар сайысуға.

(Ортаға сайыскерлер шығады.)

Шын жүйрік шабысынан табылады.

Нақты білім, терең ой сыналады.

Баға берер әділқазы ортамызда

Сіздерге құрметпенен қол соғылады.

Сынның әділдігін айтатын әділқазылар алқасын таныстырып өтейін.

Директордың ҒӘЖО: Нұрымова Мария

Педагог ұйымдастыру: Базарова Қарлығаш

Кітапхана меңгерушісі: Набиева Гулмира

Сайыс шарты: «Информатика және біз» сайысына екі командадан 5-5 оқушыдан қатысады. Сайыс 6-кезеңнен тұрады.

1-кезең. «Өзге емес, өзім айтам өз жайымды» (таныстыру)

2-кезең. «Кім жүйрік» (сұрақтар)

3-кезең. «Кім жылдам»

4-кезең. «Түсін мені» пародия келтіру

5-кезең. «Кім алғыр» (тапсырмалар орындау)

6-кезең. Капитандар сайысы (орындары ауысып кеткен сөздер)

1-кезең. «Өзге емес, өзім айтам өз жайымды» (таныстыру)

Мейірімді жүрекпен,

Ақпейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық!

Демеймін заман сөздері,

Түбі бүгін өзгерді.

Бағыңды сынап сайыста

Көрінетін кез келді, - дей келе «Өзге емес, өзім айтам өз жайымды» сайысына береміз. (Екі топ өздерінің таныстыруларын айтады)

2-кезең. «Кім жүйрік» (сұрақтар)

Кезекті сайыста біздің сайыскерлеріміз сұрақтарға қалай жауап береді екен, сұрақ қойып сынап көрейік. Алдарыңызда «Ғажайып алаңы».

10) ДК пернетақтасында неше перне болады?

10) Ақпаратты енгізу құрылғыларына нелер жатады?

10) Көбейтілуге және басқа бағдарламаларға "жұғуға" қабілетті шағын компьютерлік бағдарлама қалай аталады?

20) Жыл он екі ай ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 саны қай айда кездеседі? 20) Кішкентай, сұр пілден аумайды. Бұл не?

20) Анасы 50 жаста, ал қызы 28 жаста. Бұдан неше жыл бұрын қызы анасынан екі есе кіші еді?

30) Компьютер жұмысының өнімділігі неге байланысты?

30) Алгоритмдік тілде жазылған бағдарламаны машина тіліне аударуға арналған программа қалай аталады?

30) Паскаль тілінде неше шартты оператор бар?

3-кезең. «Кім жылдам»

Берілген торкөздердегі әріптерден көрсетілген сөзжұмбақта жасырылған сөздерді қай топ жылдам табар екен?


М

Т

П

Л

О

Т

Т

Н

О

М

И

Ы

П

Р

Р

Т

Е

И

Д

Е

К

Ш

Н

И

Е

Е

Р

О

М

М

Р

Қ

А

Н

Т

Р

Н

Н

И

Т

О

Н

Т

С

Ө

З

Е

Т

Р

О

П

А

И

Б

А

Й

Т

Т

Е

З

Р

М

В

П

И

К

М

Е

Р

Е

О

Ә

И

А

Р

С

О

Ұ

А

Ф

Ц

Т

Р

И

Х

Е

Д

Я

Й

Л

Е

І

У

В

Ж

Л

И

Я

И

Ц

С

Н

С

Д

А

Ь

Ф

И

К

А

С

О

Р

А

Б

О

Н

Е

Н

Т

Жасырылған сөздер: микропроцессор, тышқан, мәтін, плоттер, принтер, сөз, байт, пиксель, архив, жад, абонент, модификация, ұя, файл, терезе, монитор, модем, интернет, байт, антивирус.

4-кезең. «Түсін мені» пародия келтіру

Компьютер ойнап отырған баланы келтір.

Бірінші рет компьютерде отырған адамды келтір.

5-кезең. «Кім алғыр» (тапсырмалар орындау)

Айыра біл жақсы менен жаманды,

Айыра біл карандаш пен қаламды.

Айыра біл соқпағында өмірдің

Айыра біл тапсырмаңды алдағы, - деп келесі сайысты «Кім алғыр» сайысына берейік.

Сайыскерлеріміз қазір компьютердегі қолданбалы бағдарламаларды пайданала отырып тапсырма орындайды. Тапсырманы қай топ жылдам әрі әдемі сапалы орындайды екен. Топтағы барлық адам қатысуы тиіс. Кезек-кезек шығып орындаймыз.

1-тапсырама. Microsoft Word бағдарламасында мәтінді теріңіз. Мәтінді өз еріктеріңізше безендіріңіз.

Жол оқиғасына тап болғандарға алғашқы көмек

Жол бойында көлік оқиғаларына тап болғандарға алғашқы көмек көрсетуді екінің бірі біле бермейді. Жол бойында жарақаттанған балаларға дұрыс көмек көрсетілмеуі салдарынан көбіне олар мүгедек болып қалады. Әсіресе 4-12 жас аралығындағы балалар жол оқиғаларынан жиі зардап шегеді.

2-тапсырма. Microsoft Excel бағдарламасында орындалады.

Тауар

Саны

Бағасы

Жалпы сомасы

Тәтті тоқаш

100

25

самса

50

50

Шырын

50

20

Нан

80

50

Барлығы


6-кезең. Капитандар сайысы (орындары ауысып кеткен сөздер)

Ең қиыны жарыстың енді келді,

Мықтылары қалыпты, жеңсін енді.

Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай,

Осы ойыннан көреміз ерен ерді - деп, келесі кезеңіміз топ басшылар сайысы. Топ басшыларын ортаға шақырамыз. Алдарыңыздағы әріптері ауысып кеткен терминдерді жылдам тауып, қалпына келтіріп жазу керек.

«Информатика және біз» атты сайыс«Информатика және біз» атты сайыс«Информатика және біз» атты сайыс«Информатика және біз» атты сайыс«Информатика және біз» атты сайыс«Информатика және біз» атты сайыс«Информатика және біз» атты сайыс''

''''

''

'

'

''

'

''

''

'

''''''

Ребус


1.

Терчесвин

Винчестер

2.

Сорцеспро

Процессор

3.

Ретпьюком

Компьютер

4.

Nsietr

Insert

5.

rclt

Ctrl

6.

Dpagowne

PageDown

7.

Fsthi

Shift

8.

Rtene

Enter

9.

Марамгорп

Программа

10.

Енюм

Меню

1.

Такедис

Дискета

2.

Магрампро

Программа

3.

Қантыш

Тышқан

4.

Bat

Tab

5.

Uappeg

Page Up

6.

Ledete

Delete

7.

Lpscoack

CapsLock

8.

Emho

Home

9.

Ринптер

Принтер

10.

Дакротре

Редактор

Қорытынды: Алған ұпай сандары бойынша жеңімпаз топты анықтау. Марапаттау.

Информатика болашаққа бастайды.

Келешекке білім қуған жастарды

Қадам басып ХХІ - ғасырға

Барлық әлем жаңалыған тастайды.

Жетілдіріп, кеңейтіп бұл асылды.

Информатика озады бар ғасырды.

Ой түйіндеп, жетелейді адамды

Әлі ашылар құпиялар сан қырлы - дей отыра бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. Қатысқандарыңыз үшін көп-көп рахмет!



© 2010-2022